1920-1930 жж.?аза?станны? ?о?амды?-саяси ж?не м?дени ?мірі


Мектебі: «әл-Фараби» мектеп-лицейі, СҚО, Петропавл қаласы
Мерзімі: 23.01.2017
Сынып: 11
Пәні: Қазақстан тарихы
Мұғалімі: З.К.Жиентаева
БиС технологиясын қолдану
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» технологиялық картасымен жасалған тапсырмаларды орындау жұмысы, БЖС технологиясы.Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 10 сынып.
Мақсат: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын,сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту.Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
1.Ұйымдастыру кезеңі: Көшбасшыға сөз беріледі – 1 минут
2. Қабылдауды ұйымдастыру – VII тарау- «1920-1930 жж.Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірі»
Тірек сөздер:
1.Қоғамдық-саяси өмір
2. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы
3.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы
4.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
5."Бесеудің хаты"
6. «Халық жауы»
7.Мәдениет
- Тірек сөздерді жаттау – 2 мин.30 секунд
- Тірек сөздерді жатқа жазу - 2 мин.30 секунд
- Дәптерлерімен алмасады, оқып, сөз санын жазады-2 минут 30 сек.
- Мұғалім ООМ-ға жазады – 2 минут 30 сек.
3. Ұғынуды ұйымдастыру: 7 тарауға шолу жасайды –5 минут беріледі
4. Түсінудің бірінші тексерілуі: Қарама-қарсы сұрақ қойылады -10 минут
1. Қазақ АКСР-інің құрылуы жарияланды? – 1920 жыл, қазан
2. Қазақ АКСР-інің құрылуы қай қалада өткен құрылтай сьезінде жарияланды? – Орынборда
3.Қазақ АКСР ОАК-нің төрағасы болып кім сайланды? – С.Меңдешев
4. КСРО қашан құрылды?- 1922 ж.30 желтоқсан
5. 1923 жылы 22 қарашада қандай маңызды құжат қабылданды? – «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу туралы» Декрет
6. Қазақ АКСР-інің әкімшілік бөлінісін қайта құру қашан аяқталды? -1925 ж.бас кезінде
7. Қазақтардың тарихи атауы қай жылы қалпына келтірілді? – 1925 ж.сәуірде
8. Қазақстанда «халық жауларын» «әшкерелеу» науқаны қашан жүргізілді? -1920 жж.аяғы мен 1930 жж. басы
9. Қазақ АКСР-і қай жылы Қазақ КСР-і, одақтас республика болып қайта құрылды? – 1937 ж. 26 наурызда
10. КСРО –ның жаңа конституциясы қабылданды? – 1936 ж. 5 желтоқсан
11. Қазақ КСР-інің конституциясы қашан қабылданды?- 1937 ж. наурыз
12. 1937 ж. 12 желтоқсанда республикада қандай оқиға болды? – Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті
13. 20-шы жылдар аяғында қазақ халқы Кеңес өкіметі бұйрығымен қандай алфавитке өтті? – латын алфавитіне
14. Кириллицаға қай жылы өтті? 40-шы жж.
15. Негізі Қазақстанда байырғы ұлтты жойып жіберуге бағытталған шаралар қашан басталды? - 1927 ж. көктемі мен күзінде
16.қазақ халқы қолдан жасалған ашаршылыққа қай жылдары ұшырады? -1929-1931 жж.
17.кеңестік биліктің асыра сілтеушіліктеріне қарсы шыққан ұлт зиялыларының бесеуін атаңыз?- Ә.Бөкейханов, Ахмет Б., Міржақып Д., Ж.Аймауытов, Мұстафа Шоқай, С.Садуақасов, т.б.
18. Қазақ халқы өлкені басқарғандар ішінен кімді «мырзажан» деп құрмет тұтқан? - Л.Мирзоянды
19. "Сауатсыздық жойылсын" қоғамы қашан ашылды? – 1924 ж.
20. 1926-27 жж.сауаттылар саны қаншаға артты? – 43,6 мыңға артқан
21. 1939 ж. Бүкілодақтық халық санағы қазақ халқының сауаттылығы неше пайызға артқанын көрсетті? – 54,5%-ға
22. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу қашан енгізілді? – 1930 ж, тамызда
23. Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны қай жылы ашылды? -1928 ж
24. 1934 ж. қандай жоғары оқу орны ашылды? – Қазақ мемлекеттік университеті
25. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанда қанша жоғары оқу орны жұмыс істеді – 20 ЖОО
26. Қазақстанды зерттеу қоғамы қашан құрылды? -1920 ж.
27. Қазақстандық ғалымдарды атаңыздар?- С.Асфендияров, А.Затаевич, Қ.Жұбанов, А.Чулошников, Ә.Диваев
28. 20-30 жж.қазақ әдебиетінің дамуына үлесін қосқан ақын-жазушыларды атаңыз?- С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов.,Ғ.Мустафин.,
Сыни сұрақтар:
4. ТСҚ –«1920-1930 жж.Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірі» эссе жазу 5 минут
5. Бағалау
6. Үй тапсырмасы: VII тарау