1920 жылы 26 тамызда Ке?ес ?кіметіні? ?ыр?ыз (?аза?) АКСР- ын ??ру туралы Декрет 
Алматы облысы
 Кербұлақ ауданы
Қарашоқы орта мектебі 
Тарих пәнінің мұғалімі
 Базарбаева Айман Тұңғышбайқызы
Сабақтың тақырыбы:  1920  жылы 26 тамызда Кеңес үкіметінің Қырғыз (Қазақ)  АКСР-            
                                             ын құру туралы Декрет   
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:  Қырғыз (Қазақ)  АКСР-ының құрылуының тарихи маңызы мен мазмұнын, мәнін ашып көрсету.  
 Дамытушылық:  Оқушыларды өз бетінші ізденуге үйрете отырып, оларды шығармашылықпен  жұмыс жасауға үйрету,  ойларын толық жеткізе білуге  дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу
Сабақтың  түрі:   дәстүрлі, аралас сабақ
Сабақтың әдісі:   баяндау, білімді  жинақтау, сұрақ- жауап
Сабақтың көрнекілігі:  карта,  дидактикалық үлестірмелі материалдар 
Сабақ  барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Сұрақ –жауап:
- Азамат соғысы мен шетел интервециясы қай жылы басталды?
- Чехословакия корпусының бүлігі қашан болды?
-  Чехословакия корпусының бүлігін кімдер дайындады?
- Қазақстандағы Азамат соғысының алғашқы ошағы қайда, қашан пайда  болды?
-Қазақстандағы Азамат соғысының ерекшеліктері мен салдары туралы айтыңдар.
2. Шежіремен жұмыс: (карточка)  
 - 1918 жылы көктемде қандай соғыс басталды?
 - 1918жылы   25 мамырда қандай оқиға болды?
 -  1918 жылы  16 шілдеде  болған оқиға.
 -  1918 жылы  2 қыркүйекте  қандай оқиға болды?
 -  1917жылдың қарашасы Орынбар қаласында қандай оқиға болды?
 -  1918 жылы шілдеде атаман Дутов қандай іс-әрекетке барды?
3. «Ойлан, тап» ойыны
Ақ гвардия           -
Интервенция        -
Азамат соғысы     -
Контрреволюция  -    
  
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары 
1. Қазақ АКСР-ін құруға дайындық  шаралары.
2. Қазақ АКСР-інің құрылуы.
 РКФСР  Халық  Комиссарлар Кеңесі 1919  жылы 10 шілдеде В.И.Ленин қол қойған Декретімен «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет (Қазревком)»  құрылды.
1920 жылы 9 наурызда Қазревком  «Алашорда» үкіметі мен оның аймақтық бөлімшелерін  жою туралы  бұйрық шықты. Қазревком 1919 жылы шілдесінен Қаз АКСР-і құрылған 1920 жылдың қазан айының аралығында 15 ай қызмет етті.
1920 жылы 26 тамызда Кеңес өкіметі БОАК мен РКФСР халық Комиссарлар Кеңесінде  кеңестік негізінде «Қырғыз (Қазақ) АКСР-ін құру туралы»Декрет жариялады. Астанасы Орынбар қаласы болып белгіленді.
 Сыныпты екі топқа бөліп, әр топқа өз бетінше жұмыс істеуге тапсырмалар беріледі.
1 топтың тапсырмасы - Қазақ АКСР-ін құруға  қандай дайындық  шаралары жүргізілді.
2 топтың тапсырмасы - Қазақ АКСР-інің құрылуы және оның маңызы.
 (екі топ 10 минут дайындалып, берілген тақырыпшалардың негізі оқиғаларын айтуы керек)
Қосымша тапсырмалар:
1 топ- хронологиялық кесте дайындау
2 топ- тақырыптағы негізгі тірек ұғымдарына түсініктеме беру
ІҮ жаңа тақырыпты пысықтау.
1. «Сен білесің бе?» ойыны
- «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет (Қаз ревком)» қай жылы құрылды?
- Қазревком  «Алашорда» үкіметі мен оның аймақтық бөлімшелерін  жою туралы  бұйрықты қай жылы шығарды?
- «Қырғыз (Қазақ) АКСР-ін құру туралы» Декрет қай жылдары жариялады?
2. Шежіремен жұмыс
-  1920 жылы  26 тамыз 
-  1919  жылы 10 шілде
-  1920 жылы  9 наурыз
УІ Сабақты бекіту
ҮІ. Қорытындылау, бағалау 
ҮІІ. Үйге тапсырма  беру.  76 беттегі тақырыпты оқу,   сұрақтарға ауызша жауаптар дайындау (83 бет), 74-75 беттегі картамен жұмыс