Та?ырыбы: Сыни т?р?ыдан ойлау ар?ылы д?ние танымды? к?з-?арас ?алыптастыру. (9 класс)


Тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы дүние танымдық көз-қарас қалыптастыру.Мақсаты: математикалық ұғымдардың мазмұнын ашу және ұғымдарды практикада қолдану.Күтілетін нәтиже: Математикалық ұғымдарды толық қанды түсініп, танымдық тұрғыда есептерді сауатты шығару; Ресурстар: Акт, А-3, қайшы, желім, сызғыш. Топқа бөлу. Алғашқы функция,Туынды, Тақ функция,Жұп функция, Натурал сандар, Жай бөлшек,бөлу амалы. Бүгінгі шеберлік сыныбы туралы бірер сөз.Білім беру ісі қоғам мүшесін дайындау мен тығыз байланысты. Қоғам мүшесінің білімдік әлеуетіне білім беруші мұғалімдер мүдделі. Кітаптағы пәндік білімді оқушы деңгейіне сәйкес ұқсату мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мен осы тұрғыдан координаталық сәуле, координаталық түзу тақырыптарын ұқсата түсіндіруді ортақтаспақпын. Мұғалім стаблизатор шеберлік деңгейін көрсете білуі керек. (Чихсентмихай ағын туралы тұжырымы) Сергіту сәті:Бір, екі, Бір екі;Күнделікте жоқ бір екі.Бір, екі, үш, бір, екі,үш;Күнделікте жалғыз-жарым үшБір,екі,үш,төрт;Бір,екі,үш,төрт,бесКұнделік тола төрт пен бесШамамызды байқайықЕрежені айтайық. Топ ережесі:Белсенділік танытамызОй-пікірлер мен санасамызШындыққа тоқтаймызӨзге сөйлегенде тыныштық сақтаймыз. І. Координаталық сәуле ( Т.А. Алдамұратова: 5-сынып 129 бет)Басы О нүктесі болатын ОХ сәулесін сол жақтан оң жаққа бағыттап сызайық. (3.23-сурет)׀о____1_____2׀____׀3____׀4_____׀5____хОХ сәулесінің бас нүктесі-О нүктесіне 0 санын сәйкестендіріп, О нүктесін санақ басы етіп аламыз. ІІ. Координаталық түзу (Т.А. Алдамұратова: 6-сынып 69-бет)Оң сандар мен теріс сандарды және 0 санын түзу бойындағы нүктелермен кескіндеуге болады.Ол үшін:Түзу сызып (2.3-сурет), оның бойынан 0 нүктесін белгілеп, осы нүктені санақ басы ретінде қабылдау керек. _______-_1________0________1___________х Әбдімәлік Нысанбаев (ғалым,философия ғылымының докторы)-«Математикалық ұғымдарды шынайы түсіну үшін, математиканың пәндік шеңберінен шыға отырып пәндер интеграциясы көлемінде пайымдау қажет.» Философтардың көзімен: 1.Нөл дегеніміз – санақ басының координатасы2. Нөл – жоқ дегенді сиппаттайтын шама3. Нөл – ең бірінші цифр.4. Нөл – пайда –зиян теңгерімі.5. Нөл – сандардың ортасы Әрбір топ нөл саны туралы өз пікірлерін ортаға салады. ( Үздік топ идеясы) Материалистік философия негізіндегі физиканың алтын заңы. «Табиғат- жоқтан бар болмайды, бардан жоқ болмайды, ол- бір күйге екінші күйге өтеді». Бұл тұрғыдан алғанда нөл саны бұрыннан бар сан. Денелердің өзара әрекетесуінің соңғы немесе бастапқы күйін сипаттайтын шама. Шығыс философиясы өкілі Әбу Насыр әл-фараби – «Біз, әлем бір тербеліп кеткеннен соңғы құбылыс туралы ғана пәндік пайымдаулар жүргіземіз.»Бұл тұрғыдан алғанда пәнаралық байланыстар арқылы ұғымдардың мәні ашылады. Нөл саны сапалық өзгерістерді сипаттайтын шама. Неміс философиясының өкілі Георг Вильгельм Фридрих Гегель- «жоқ дегеніміз -бар болудың алғы шарты»Бұл тұрғыдан алғанда нөл дегеніміз-бар болудың алғы шарты немесе нөлге салыстырылмай басқа сандар туралы айту мүмкін емес.-Олай болса, Неміс философиясы негізінде жазықтыққа нөл (әуелгінің пайда болуы үшін)-алғы шарт ретінде қабылданып жазықтыққа бейнеленуі керек. Алгоритм бойынша, бар болудың алғы шарты белгіленеді. Бұл жерде 6-сыныптардағы берілген ережеде алгоритм бұзылған. Жазықтықта бірінші түзу емес бастапқы болуы үшін алғы шарт берілуі керек. Жазықтықта бірінші нөлдік нүкте белгіленіп соң түзу пайда болуы керек. ІІ. Бірлік, кесінді –ұғымын қалай тұсінесіз.Бірлік кесінді –бүтінді сипаттайтын шамаБірлік кесінді-одан әрі бөлінбестікті сипаттайтын шамаБірлік кесінді –салыстырмалы шама.   Ислам өркениетін қалаушы ғұламалар мен батыс ойшылдары арасындағы айтыс. Ескі кітаптарда осылай келтірілген (Ислам философиясын тығырыққа тіреген немесе шәкірт Әбу Ханифаның тапқырлығы). « ол, оннан кері санау деп аталады. Баяғыда ислам өркениеті батыс өркениетінен көш ілгері кеткен тұста ислам өркениетін ревизиялау белең алған. Батыстың бір ғұламасы шығыс ғұламаларына хабар жіберген дейді. Айдың пәлен күнінде мен барамын айтыс өткіземіз. Барлық ғұламалар жиналған отырыста үш сауал қояды. Соның бірі: Сендердің жаратушыңыздың жалғыз екенін кім дәлелдейді болады. Ешкім жауап бере алмайды. Үш сауалдыда қарсы сауал арқылы батыс ойшылының өзіне 9 жасар бір шәкірт жауаптарын айтқызыпты деседі. Ол оннан кері санау арқылы шешіледі. Бұл шәкірт соңғылықта өз ізгілік жолын салған Әбу Ханипа еді дейді.» Ұзындыңы «бірлік» ретінде алынған кесінді бірлік кесінді деп аталады.. Мысалы: Сынық сүйем, см, мм,... Бірлік кесіндісі берілген сәуле координаталық сәуле деп аталады. Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған ,оң бағыты көрсетілген түзу.(сан солдан оңға өседі деген ұғымға негізделген.)Сан сол бағытта кемиді деген ұғымды пайдаланудың артықшылығы жоқ Рефлекция: Бүгінгі сабақ туралы пікіріңіз:  Назарларыңызға рахмет!