Топты? ж?мыстар ар?ылы сыни ойлау да?дыларын ?алыптастыру


Коучингтақырыбы Оқу мен оқытуда оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруда «Блум кубигі» әдісін қолдану
Жалпы мақсаты1.Мұғалімдер сыни ойлауды дамытудың бір әдісі- Блум кубигі туралы біледі.
2 .Блум кубигі әдісін сабақта қолдануды үйренеді.
3. Пікірталас жүргізе алуға дағдыланады.
4.Кері байланыс орната алады.
Күтілетін нәтиже 1.Оқыту мен оқу үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануға дағдыланады.
2.Мұғалім Блум кубигі әдісі арқылы сынуи ойлауды оқушы бойына қалай қалыптастыруды
үйренеді.
3. Мұғалімдер оқушыларды сыни ойлантуға дағдыланады.
Әдіс – тәсіл Блум кубигі
Негізгі идеялар «Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» .
А. Эйнштейн
Уақыт Коучтің іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
Ресурстар
10 мин Ұйымдастыру кезеңі .Музыка қойылады
Мұғалімдер 2 шеңбер құрып орналасады. Мұғалімдер бір-біріне қарап ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер құрады.
4 топ көшбасшысын сайлап алу.
Суретші – ұсыныс,пікірлерді, идеяларды қағаз бетіне түсіреді.
Уақыт сақшысы- уақытты хабарлап отырады.
Талдаушы- сұрақтар қояды
Ақын – тақырыпқа қатысы өлең шығарады не болмаса қызықты тіркесті сөйлемдер құрайды.
«Сөйлей алатын қолдар» жаттығуы.
Бұл жаттығулардың бәрін тек қолмен ғана орындау керек: амандасу, достасу, аяу, ризалық білдіру,ескерту айту, күресу, сәттілік тілеу, сипау, қоштасу.
көшбасшы
суретші
уақыт сақшысы
талдаушы
ақын.Көшбасшылар маңына 2,3,4,5 сандарын алған мұғалімдер жинақталады.
Санау жүйесі арқылы топтар орналастырылады. АКТ құралдары.
30 мин
10 мин Блум кубигі – Блум таксономиясы негізінде құрылған әдіс-тәсілдердің бірі. Кубтың әрбір жағына «Не үшін?», «Түсіндір», «Атап бер», «Ұсын», «Ойластыр», «Бөліс» атты тапсырмалар жазылған. Кубикті әр топқа лақтыру арқылы олардың қандай тапсырмалар орындайтыны белгілі болады.
Ақбөкен (антилопа) мәтіні беріледі. Мәтінді оқуға және талқылауға 10 минут беріледі.
Әр топқа Блум кубигі лақтырылып, олардың орындайтын тапсырмалары анықталады.
Бағалау.
Бағалауға байланысты дискрепторлар
«5» Тақырыпты берілген тапсырма бойынша жан-жақты ашты.Шығармашылық жұмыстары жүйелі.
«4» Тақырып ашылған, бірақ ой жинақы емес. Шығармашылық жұмыстары жетілдіруді қажет етеді.
«3» Тақырып берілген тапсырма бойынша ашылмаған. Ой жинақтауда бірізділік жоқ.
Әр топ өздеріне түскен тапсырмалар бойынша жұмыстар жасайды. бөлінген рөлдер бойынша да тапсырмалар орындалып отырады.

Топтар жұмыстарын қорғайды.
Топтар бір-бірін бағалайды.Шапалақ арқылы бағалайды.
Бір рет шапалақтау-
«қанағаттанарлық»
Екі рет шапалақтау- « жақсы»
Үш рет шапалақтау - «өте жақсы

Плакаттар
5 мин
Сергіту сәті «Қара жорға» биі Мұғалімдер сергіту сәтін жасайды.
15 мин
Рефлексия. Оқыту мен оқу үдерісінде оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруда Блум кубигі әдісін пайдалануға бола ма? «Екі жұлдыз, бір тілек » әдісі арқылы