Статьи. ?аза? тілі саба?тарында инновациялы? технологияларды ?олдану ар?ылы сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрету.


Қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Елбасымыздың ХХI   ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында сандық білім беру ресурстарын қолдануды қазіргі заман талабы. Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі жаңа технологиялары бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психология- лық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың  маңызы  зор.Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интер-
активті тақта, интернет, мультимедaялық құралдар, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт жатады. Оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың білім алуға деген қабілеттерін артады. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге өзге тілде де еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек . Мұндай мақсатқа жету үшін, алдымен, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен оқу құралдарын заман талабына сай жетілдіру қызметін жүзеге асыруды қажет етеді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Оқушылардың тілді үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: байқаулар, олимпиядалар және т.б. Ақпараттық технологиялардың бірі — интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары.  Мектепте де жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивтік тақта орнатылған. Қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз.
       Сонымен қатар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында сандық білім беру ресурстарын қолданамын. Осы сыни тұрғыдан ойлауды үйрету барысында мен көбіне Білім Ленд сайтына жүгінемін. Сабақтарда жаңа тақырыпты түсіндіру барысында презентациялық материал ретінде, тақырыпты қорытындылау барысында тәжірибелік тапсырма ретінде немесе өткен тақырыптарды қайталау барысында қызықты көрнекті материал ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар оқушылардың ойлануына және қызығушылық қыбілеттерін арттыру мақсатында ықпал ететін технологиялар жеткілікті. Сонын бірі RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан, әдістерінен тұрады.
Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың мақсаты:а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру. Мен өз сабақтарымда, көбінесе қазақ тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүй елі түрде қолдануға тырысамын. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. (Видео фильм көру барысында олар)
«Тақырыптан үзінді» өз пікірім
Осы бөлімінде оқушы өзіне әсер еткен, ұнаған тұстарын немесе керісінше қарсы пікір тудыратын, кейде келіспейтін тұстарын жазады. оқушы – ережеден келтірген үзінді туралы өз пікірін білдіреді, яғни ол тұс несімен әсер етті, нені еске түсіреді, жалпы себебін түсіндіреді.
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:─ Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?─ Автор оқырманды қалай қызықтырады?─ Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде. Бұл әдіс оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады. ДЖИГСО әдісі – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді.Мысалы: наурыз тақырыбы бойынша Наурыз мерекесінің қазіргі уақыттағы тойлануы, шығу тарихы, Әр мұсылман халқының тойлау ерекшелігі, Қызыр ата туралы 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының есте сақтау қабілетіне байланысты екенін түсіндіру қажет.Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
«Ментальды карта» әдісі. Бейнежазбаны көріп отырған кезде қажетті сөздерді  (сурет атауларын) дәптерлеріне жазып отыру тапсырылады. Тапсырма: ментальды карта  дайындап, сол арқылы өз ұғынғандарын ортаға салу (таныстырылым)
«Кілем» әдісі оқушыларды ұжыммен жұмыс істеуге үйретеді.
Ұйымдастыру: оқушылар жұппен жұмыс істейді. Әр оқушыға міндеттер бөлініп беріледі. Бір оқушы оқиды, мазмұндайды, сөздікпен жұмыс жасайды, талқылайды
«Қар үйіндісі» әдісі Оқушылар ең алдымен жекелей жұмыс жасайды. Ол үшін оқушыға бір тақырып беріледі. Оқушылар оған жеке ізденеді, жауап береді.Кейін жұп болып екі жауапты бір жауап етеді.Осыдан кейін жұп қосылып төртеу болып бір түйін шығарады.
«Өкіл»әдісі
Мақсаты:
Белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланыста болу.
Ұйымдастыру:
Топтарды сынып бойынша үш-төрттен орналасады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл зеріктіретін және қайталана беретін «өз тобына хабарлау» әдісінен аулақ болу үшін қолданылатын тиімді әдіс. Сондай-ақ бұл өкіл тілін қолдануға және белсенді тындаушылар тобын құруға жағдай жасайды . RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы.Тірек сөздер стратегиясы – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық. Жаңа ақпараттық технологияларды   сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық .Үшінші базалық деңгей.
С.Мерсеитова «Сын тұрғысынан ойлау»

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені
1476375191135Баяндама:
Баяндама:

00
-74803083820Қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологияларды
қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Қазақ тілі сабақтарында инновациялық технологияларды
қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

(М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-ғылыми инновациялық лабораториясымен ғылыми- теориялық тәжірбие алмасу)
Мұғалім: Мухамеджанова Г.А.
Петропавл 2016 ж.