Физика п?нінен о?ушыларды? танымды? ойлау белсенділігін арттыру


Физика пәнінен оқушылардың танымдық ойлау белсенділігін арттыру.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білмі мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді , шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтанда, мектептегі оқу процесінің негізігі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, оларда өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен құралдандыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл – ой белсенділігін дамытуы қажет. Ендігі жерде білім беру жүйесінің шығармашыл, техникада, экономика мен басқаруда жаңа жолдар мен әдістерді таба алатын, батыл да жаңашыл, ақыл – ойы дамыған адамдарды даярлау талап етіледі.Сондықтан, физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденпаздығын арттыруға негізделген.
Танымдық қабілет пен шығармашылық ойлау процестері қысқа мерзімде қалыптаспайтындығы белгілі. Оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыруға шығармашылық жұмыстар мен тапсырмалар игі әсерін тигізетін бұл мәселе оқытудың алғашқы күнінен – ақ педогогикалық ұжымның назарында болуы тиіс. Яғни, шығармашылық таным қабілетінің артуы үшін мұғалім оқушының шығармашылық ізденулері өзара ұштасуы қажет.
Оқу зерттеушілік қызметтің логикалық құрылымы әсіресе ондағы психикалық процестердің ерекшеліктері ғылыми зерттеушілік қызметтен көп айырмашылығы бола қоймайды. Оқу зерттеушілік барысында оқушылар белгілі фактілер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді. Оның ғылыми ізденістен айырмашылығы- оқушы мұндай жаңалықты субьективті түрде, өзі үшін жасайды.
Физиканы оқыту процесінде қолданылатын ғылыми зерттеудің жалпы әдістері бір – бірінен тәуелсіз болмайды. Олар бір – бірімен тығыз байланыста. Бұлардың ішінде алғашқысы анализ және синтез болып табылады да олардың негізінде басқа әдістер( ойлау операциялары) да жүзеге асырылып жатады. Анализ синтезсіз болмайды. Ойлау процесінде олар біргелікте жүзеге асырылып, шындықты танудың екі жағы ретінде қарастырылады.
Оқушыларды физикалық зерттеу әдістеріне үйрету, оларда зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы математикалық теорияның мәнін дұрыс түсінуге мүмкіндік туады.