Коучинг О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту ар?ылы ойлау да?дысын ?алыптастыру ба?ытында?ы сыныптар.
«Бекітемін»
Аудандық география пәнінің әдіскері
------------------------------Т.Ғ.Аренова
«20» тамыз 2014 жыл
Күні: 20.08.2014ж Апта: сәрсенбі Уақыты: сағат 13°°
Тақырыбы : Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы ойлау дағдысын қалыптастыру бағытындағы сыныптар.
Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспардың мақсат,міндеттеріне қысқаша талдау беру.
Жалпы мағлұмат: Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды талдай білу
Сілтеме: Н.Ә.Назарбаевтың 2012.27.01 Қазақстан халқына жолдауы, Бес жылдыққа арналған Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспар.
Оқу нәтижесі: Үздіксіз білімін жетілдіру, 7 модульді сабақ үрдісінде тиімді пайдалану.
Түйінді идеялар: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін ұйымдастыру арқылы оқудың сапасын одан ары жетілдіру.
Көрнекілігі: Үлестірме материалдар,слайд, постер,
Оқыту әдістері: Топтық,ұжымдық, жұптық
Дерек көздер: Интернет материалдары, баспасөз материалдары
Тапсырмалар: Класстер құру, галерияға саяхат, топтық тапсырмалар
Оқуға арналған тапсырмалар: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспарды оқу.
Мұғалімдерге психологиялық жағдай туғызу (3 минут) Графикалық тест орындау Графикалық тест орындай отырып әрбір топ мүшесі өз орынын анықтайды.
1-тапсырма (3минут)
Әрбір топ берілген тапсырмаға класстер құрайды, талдайды, қорытындылайды. Топтағы әрбір мұғалім өз пікірін талдап,ортақ шешімге келеді.
2-тапсырма.(5минут)
«Түсінеді және сипаттайды...» Топқа суреттер беріліп,ойлау әдістері: ұғым, пікір, ой қорытындысы талқыланады. Тақырыпты шешу кезінде өздерінің тәжірибесін қалыптастырады, ойлау үдерісін жүзеге асырады.
3-тапсырма.(6 минут)
«Табыс табудан гөрі, туристерді тарту керек»деген ойға дәлелдеп жауап беріңіздер Қосымша материалдарды пайдаланып пікір білдіреді, ойлайды,ой тастайды Әрбір мұғалімнің ізденісі, сөйлеу және жеткізе білу шеберлігі байқалады
4-тапсырма (6 минут)
Жауап беруді талап ететін сұрақтарды жазу Өтілген тақырып бойынша төменгі және жоғары дәрежелі сұрақтарды ойлай алуы төменгі және жоғары дәрежелі сұрақтарды ойлай отырып, ашық, жабық тапсырмаларды орындауға ұмтылады.
Рефлексия . Қорытынды бағалау (3 минут) «Жеміс ағашы»-ның суреті беріледі, соған ойларын білдіреді Әрбір мұғалім өз ойын қорыту