Презентация на тему О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер ар?ылы о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын арттыру
Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің химия пәні мұғалімі:Спанова П
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»
Білім алу - батылдық,оны толықтыру – даналық,ал шебер қолдана білу – өнер!
Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
Міндеттері:* Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу. * Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау. * Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар. * Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу. * Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту. * Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
Функционалдық сауаттылық *оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуі; *жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі; *әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі; *білім- білік дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы..
оқушылар құзыреттіліктерінің бірлігі
Ұлттық жоспардың мақсатын орындау – ең алғаш мектептегі бастауыш сатыдан басталады.Ұлттық жоспардың мақсатын орындау – ең алғаш мектептегі бастауыш сатыдан басталады.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ.
Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы
Оқу, жазу сауаттылығы
Функционалдық сауаттылық –тілдік тұлғаның әлеуметтік –қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, қатысым әдістері
Нәтиже: Өздеріне қажетті ақпаратты іздеп, табуға жаттығады. Әңгімелеу, жазу, жұмыста жұмыс істеу дағдылары дамиды.
Бастауыш сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:Мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды; сөз таптарын ажырату, талдау және оларды топтастыру, өзара салыстыруды; жіктеу есімдіктерін табуды және оларды септеуді; мәтіннен қаратпа және қыстырма сөздерді табуды; жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды; өз ойларын еркін жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды; берілген мәтінге жоспар құруды; қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес орынды сөйлей білуді; диктант (көлемі 65-75 сөз), мәтін бойынша мазмұндама (мәтін көлемі 150-200 сөз), көлемі 50-60 сөзден тұратын шығарма (сипаттама, баяндама, пайымдау) жазуды; бастауыш сыныпта оқытылған пәндер бойынша жүйелі білімінің болуынан; алынған ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен; шығармашылықпен жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет; өз ана тілін жетік білуі және құрметтеуінен.
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығы
функционалдық математикалық сауаттылық дегеніміз - пәнде игерген білімді іс-әрекетте, тұрмыс- тіршілікте қолдана білуі
Математиканы оқыту мен математика пәнінен сауаттылықты қалыптастырудың негізгі мақсатоқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады жәнеәлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;
Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.
Бастауыш мектеп оқушыларына оқыту мен тәрбиелеу нәтижесі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тұрмыс- тіршілікіте қолдана алуына бағытталуы - білімнің білікке, біліктің қолдана білуге ұласуының бірден-бір кепілі болып табылады.
Назарларыңызға рахмет!