10 сынып ?ыс?а мерзімді саба? жоспары ?аза?стан тарихы 40.Та?ырыбы ?аза? ханды?ыны? саяси-?леуметтік ж?не ?о?амды? ??рлысы
Алибекова Тарбия К Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі
10 сынып Қазақстан тарихы
40.Тақырыбы: Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік және қоғамдық құрлысы
Мақсаты Хандық билiк, əлеуметтiк құрылымы, «ақсүйек» жəне «қарасүйек» институттары, салықтар мен мiндеткерлiктер түрлерi, əдеп құқығыжəне «Жетi Жарғы».
Мәтін мазмұнын талдау арқылы саналы меңгертуге жағдай жасау. Сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жəне саяси ағарту жүйесінің қалыптасуына үлес қосқан ұлт жанашырлары еңбегін бағалату. Саяси тарихы, қазақ хандары саясатының негiзгi бағыттары, хандық мемлекеттегi басқару жүйесiн талдату.
Күтілетін нәтиже: XV-XVIII ғ. Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын, әкімшілік құқықтық нормаларының ерекшеліктерін ашып көрсету.Мәтін мазмұнындағы нақты деректерді негіздейді, қорытынды шығарады, барлық көзқарастарға көңіл бөледі, өзара жақын қарым-қатынас орнатады
1.Өзара ізденіс жұмыстары арқылы тарихи деректердің көзін ашады
2. Берілген тапсырмалар арқылы,өз ойларын ашық айтып үйренеді
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер «Ой қозғау» әдісі , «Сатылай сұрақ қою» әдісі, «Топтатыру» стратегиясы, «Ыстық орындық» әдісі,бес жолды өлең
Ресурстар Ғаламтор. Оқулық. «Қазақстан тарихы әдістемесі » журналы
Кезең Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе бөлім 2 минут
2 минут Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын.
Топқа бөлінуге нұсқау жасаймын. Шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне бейбітшілік тілектер тілеу арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
---------------------- аттары жазылған таратпа қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
5 минут Үй тапсырмасын сұрау. «Ой қозғау» әдісі бойынша өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қоямын. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы ой қозғайды.
Жаңа сабақ
таныстырылымы 5 минут І. Қызығушылығын ояту«ақсүйек» жəне «қарасүйек» институттары, салықтар мен мiндеткерлiктер түрлерi, əдеп құқығыжəне «Жетi Жарғы». Интербелсенді тақтадан көрсетілген сұрақтарға миға шабуыл жасай отырып, жауап береді.
Жаңа сабақты қолдану 15 минут «Топтастыру» стратегиясы
1. XV-XVIII ғ. Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын
2. әкімшілік құқықтық нормалар.
3. əлеуметтiк құрылымы, «ақсүйек» жəне «қарасүйек» институттары, салықтар мен мiндеткерлiктер түрлерi Берілген тақырыптарды топ ішінде зерттейді, талқылайды, бір-бірлерімен пікір алмасады, ортақ бір шешімге келіп постерге түсіреді. Сынып алдында постерлерін дәлелдейді, қорғайды.
Қорытынды
6 минут «Ыстық орындық» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылайды.
3 толғаныс сәті /бес жолды өлең/Венн диаграммасы Әр топтан бір оқушы шығып, орындыққа отырып сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылайды.
5 минут Бағалау. Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау.Топтық бағалау Жарайсың, сен бүгін өз белсенділігінді таныттың деген сөздерді есту арқылы сабаққа ынталанады.
Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, топ мүшелерін бағалау
4 минут Рефлексия. Не білдім? Не білемін? Не білгім келеді? Деген сұрақтарға стикерге жазғызамын. Берілген сұрақтардың жауаптарын стикерге түсіріп, рефлексия парағына іледі.
1 минут Үйге тапсырма беремін. Келесі өтілетін тақырып бойынша мәліметтер жинау. Күнделікке жазып алады. қосымша мәлімет жинау, слайд жасау