?аза? интеллегенциясы ж?не 1916 жыл?ы ?лт-азатты? к?теріліс (интеллектуалды сайыс)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж
Қазақ интеллегенциясы және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
(интеллектуалды сайыс)
Қызылорда 2016
Тақырыбы:Қазақ интеллегенциясы және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс (интеллектуалды сайыс)
Күні: 01.04.2016ж
Тобы:
Оқытушы: Алтаева Ф.
Мақсаты:
Интеллектуалдық сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту;
Қазақстан тарихы пәніне қызығушылықтарын арттыру,шығармашылық қабілеттерін нығайту,тарихи-танымдық қасиеттерін дамыту;
Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу;
Сабақтың түрі: танымдық сайыс
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойын,пікірталас.
Сайысқа қатысушылар: 8 сайыскер, әділқазылар.
8 сайыскер Әділқазылар
Оразалиева Меруерт
Сералиева Әсем
Бердібекова Зере
Әбілда Гаухар
Әділханова Айнур
Төреханова Назерке
Нұржанова Айда
Ақжігіт Айсіуле Жұмаділдаева Ботагөз
Абсадықов Хайрулла
Бегалиева Назгүл
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сайыстың барысы ІҮ кезеңнен тұрады. І кезең «Бәйге». ІІ кезең «Дода».ІІІ кезең «Жорға». ІҮ кезең «Кім жылдам».
І кезең «Бәйге» Ауызша сұрақтарға жауап беру.Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай.
1916ж. Көтерілістің ірі орталығы? – Торғай
Жетісу генерал –губернаторы?- Фольбаум
Боралдай асуында дарға асылған?-Б.Әшекеев
Неше басшыны 1916ж. Көтерілістен кейін азаптап өлтірді?-12
1916 жылы қай күні патша жарлығы шықты?-25 маусым
А.Иманов Торғайда кім болды?-Сардарбек
Патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы қай жылы шықты?-1916ж
Патша өкіметінің 1916жылғы жарлығы бойынша қара жұмысқа қай жастағыларды алу көзделді?-19-43 жас
1916 жылғы көтеріліске байланысты орыс патшасы Түркістан өлкесіне кімді генерал-губернатор етіп сайлады?-Куропаткин
1916 жылғы көтеріліс сипаты жағынан қандай болды?-ұлт-азаттық
1916 жылғы көтерілістің негізгі қозғаушы күші?-қазақ шаруалары мен қолөнершілері
1916ж көтерілістің Жетісудағы ошағы басшыларының бірі?-Т.Бокин
Жетісудағы 1916 жылғы көтерілістің жетекшілерінің бірі?-Б.Әшекеев
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Торғайда ең күшті, табанды және ұзақ болды.Көтеріліске шыққандардың саны қанша адам болды?-50000
1916 жылғы көтеріліс барысында құрылған әкімшіліктің басшысы қалай аталды?-Елбегі
Отарлыққа дейінгі мемлекеттік билік құрылымындағы сот коллегиясының аталуы?-Жасақшы
1916ж ұлт-азаттық қозғалысты қатаң жазалап, патшалық отаршыл әкімшілік Дала өлкесінен қанша қазақты күштеп тыл жұмысына алды?-150 000
1916 жылы Қарқарадағы көтеріліс жетекшілерінің бірі, би, болыс,әділ, ержүрек батыр?-Ұзақ
1916 жылғы көтеріліс қай аймақтарды қамтыды?-Бүкіл Қазақстанды
1916ж. 25 маусымдағы патша жарлығына алаш зиялыларының басшыларының ұстаған бағыты?-Ымыраға келу саясатын жүргізді.
ІІ-кезең Дода. «Тіл-өнер». Терминдерге анықтама. Мұнда тарихи терминологияларға қатысты сұрақтар қойылады, әрбір дұрыс жауап -30 ұпай.
Референдум, referendum-бүкілхалықтық дауыс беру.
Демократия, demoracy-халық билігі немесе халықтың басқаруы дегенді білдіреді
Диктатура, dictatorship - бір қолға шексіз биліктің жиналуы, заңды аяққа басып, күш көрсету арқылы мемлекarlет басқару.
Парламент, parliament-мемлекеттегі жоғарғы заң шығарушы өкілдік.
Эмиграция, emigration-азаматтардың өз елінен басқа елге саяси, экономикалық т.б. себептерге байланысты тұрақты өмір сүру үшін кетуі.
Партия, the consighment-идеялары,көздеген мақсаттарының ортақтығы негізінде біріккен адамдар тобы.
Диаспора, diaspora-ұлттың бір бөлігінің өз Отанынан тыс мемлекеттің аумағында тұрақты өмір сүруі.
Сенат, deputy-Парламенттің ең жоғарғы палатасы
ІІІ кезең. Жорға. Шарты: Ұяшықтан таңдап алған сұрақтарға жауап беру.
р/с Шығарманың авторы Шығарманың аты Жылы
1 Ж.Аймауытов
/1889-1931/ Қартқожа қазақ даласына келген зор кесапат 1916 жыл зобалаңына ұшырайды 1926 жылы Қызылордада басылып шықты
2 М.Әуезов
/1897-1961/ Қилы заман повесі. Жетісу өңіріндегі ұлт азаттық қозғалыстың аса ірі Қарқара, яғни, Албан көтерілісін өз шығармасына арқау етпек мақсатпен деректер мен дәйектер жинау үшін осы қасиетті мекенге сапар шегіп келген еді 1928 жылы Қызылордада кітап болып басылып шықты
3 С.Сейфуллин /
1894-1938/ Тар жол тайғақ кешу романы. Бұнда қазақ халқының 1916 жылғы азаттық қозғалысына, Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісіне, Азамат соғысына қатысуын шынайы бейнеледі 1927 жылы жеке кітап болып басылды
4 Сәбит Мұқанов Әуелде роман Жұмбақ жалау деген атпен шықты.Кейіннен көпшіліктің сұрауымен өзгертілді. Романда қазақ халқының ұлттық сипаттары, мініз-құлқы, қоғамдық, саяси іске араласуы, ғылым-білімге, болашаққа ұмтылуы кеңінен көрініс тапқан. 1938 жылы басылып шықты.
30. Ұмытылмас ұлы тұлғалар және олардың еңбектері.
Кім?Қашан? Қайда?
«Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп,шаруасын күйзелтседе, келешекте қандай ел екенін білдірді» деп жазды? /Ә.Бөкейханов/
1913 жылы ол «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды деп жазды»? /А.Байтұрсынов/
«Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»-деп жазды? /М.Дулатов/
Жазушы Соболев: «»Бұл ғажап әскер еді: қарулары ауыл ұсталары соққаннайза, семсер, білтелі мылтықтар, садақ пен жебелер...деп кімнің әскері жайында жазып еді? /Амангелдінің әскері/
Жылнамалар жинағы. /Даталар/
Бұратана халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлық қай жылы шықты?-1916 жылы 25 маусымдағы жарлық
Верный мен Семейде солдат әйелдерінің толқулары қай жылы болды?-1916 жылы қаңтарда.
С.Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романынында көрсетілген тақырып?-1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
1917 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Жетісудан Қытайға жазалаушылар қуғындауынан қанша адам кеткен?-237 мың
ІҮ-кезең. «Кім жылдам». Сұрақ-жауап. Шарты: екі ойыншымызға да 10 сұрақтан беріледі. 1 минут ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай.
ҚР Елтаңба авторы-Ш.Уәлиханов
Мемлекеттік тіл тіл-қазақ тілі
Үкіметті кім басқарады-Премьер-министр
Бір жылда қанша апта бар-52
Қазақ хандығын кімдер құрды?-Керей мен Жәнібек
Тар жол тайғақ кешу романының авторы-С.Сейфуллин
ҚР Президенті-Н.Ә.Назарбаев
ҚР Астанасы –Астана
Тарихтың атасы-Геродот
Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында-9
Жер шарындағы ең көп халық-қытай
ҚР Туының авторы-Ш.Ниязбеков
ҚР Әнұраннының сөзін жазған-Н.Назарбаев,Ж.Нәжімеденов
Қазақстанда қазір қанша облыс бар-14
Қилы заман повесінің авторы-М.Әуезов
А.Құнанбаевтың қанша қара сөзі бар-45
Қазақстандағы алғашқы дыбысты кинофильм-Амангелді
Сақ патшайымы-Томирис
ҚР-ның ұлтаралық тілі-орыс тілі
Басты байлық-денсаулық
Қорытынды: 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында аса көрнекті орын алады. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ жылдар бойы жүргізген ерлік-күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Россия империясының езгісіне қарсы жойқын күреске шықты. Жаңа тарихи кезеңде, империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов және басқа халық батырлары кезінде, Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар көтерген бостандық үшін күрес туын қайтадан өз қолдарына алды. 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін 1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстандық сипатқа ие болып, ұлан-ғайыр Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Көтеріліс ең алдымен отарлыққа қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді, ал оның әлеуметтік мәні екінші кезекте болды да негізгі мақсатпен салыстырғанда екінші дәрежелі рөл атқарды. Бүгінгі таңда ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толуына орай өткенімізді зерделеп құрметпен қарау бүгінгі жас ұрпақ алдындағы міндет.Бүгінгі сайысымызда өзінің білімділігімен, алғырлығымен көзге түскен колледжміздің ББ-П-15 оқу тобының оқушысы Оразалиева Меруерт марапатталады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100жыл толуына орай өткізілген «Қазақ интеллегенциясы және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» атты интеллектуалды сайыстың фотокөріністері