?МЖ ?аза? ?дебиеті М?ш??р Ж?сіп Шайтанны? саудасы (10-сынып)
Тексерілді: ОІМ: Э.Ә.Оспанғалиева
Қазақ әдебиеті Сынып 10 Күні: Сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы
Жалпы мақсаты: Мәшһүрдің «Шайтанның саудасы» өлеңінің тақырыбы мен идеясы туралы теориялық білім дағды қалыптастыру.
Дерек көздері: 10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы, дидактикалық материялдар.
Күтілетін нәтиже: -ТжД балалармен жұмыс жүзеге асады;
-Топтық жұмыстардағы белсенділіктері артады;
-Жұптық жұмыстарда ынтымақтастықтары қалыптасады.
- Мәшһүр шығармаларының өзіндік ерекшеліктерін, ғибраттық мәнін ұғынады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: АКТ, СТО, ТжД, диалогтік әдісі, «Таза тақта», «Әдебиет шеңбері» оқыта үйрету әдісі, ОүБжОБ, ОЖӘТ, ЖЕСО, кері байланыс.
Керекті жабдықтар: АКТ құралдары, түрлі –түсті қағаздар, стикерлер.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі:
а) жағымды ахуал туғызу; «Сөйлей алатын қолдар» әдісі: оқушы өзінің атын айтады, көңіл күйін қолдарымен жест арқылы көрсетеді.
ә)Үй тапсырмасын тексеру. «Таза тақта» әдісі. Тақтаға алдымен Мәшһүр шығармашылығы туралы сұрақтар жазылып қояды. Әр сұраққа оқушы жауап берген сайын тақтаны сүртіп отырамын. Ең соңында тақта тазарып қалады.
Сабақ барысына дайындалады. Бейджик түстеріне байланысты жұптасады. 1-Жасыл,
2-Қызыл, 3-сары, 4-көк,5-сарғыш
Үйге берілген тапсырманы «Таза тақта» әдісі арқылы білімдерін тиянақтау.
1.Мәшһүр Жүсіп Көпеев кім?
2. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің дүниеге келген жері.
3.Қай жерде білім алған?
4.Мәшһүр атануының себебі.
5.Қазан қаласындағы Хұсайыновтар баспасынан жарық көрген үш кітабының атаулары қандай еді?
Негізгі бөлім
Жаңа тақырып: М. Ж. Көпеев шығармашылығы
Мәшһүрдің өлеңдері туралы мәліметтер алу үшін «Әдебиет алаңына» шақырғым келеді. Мәшһүрдің «Шайтанның саудасы» өлеңінің мәтінін таратамын. Әр жұпқа мәтін астында тапсырмалары жазылған. Жұптасып отырған оқушыларға:
1.Жасыл түсті жұп-«Мазмұндаушылар»
2.Сарылар -«Сөз шеберлері»,
3.Қызылдар- «Суретшілер»,
4.Көктер- «Көшбасшылар»,
5. Сарғыштар-«Байланысшылар» болып жұптаса отырып мәтінді оқиды, талдайды.
Әр жұп өздеріне таратылған материалдар бойынша тапсырмаларды орындайды.
Сергіту жаттығуын жасау. «Сіз білесіз бе?»
-Сіз білесіз бе, бүгін қай күн?
-Сіз білесіз бе, кеше қай күн болды?
-Сіз білесіз бе, қазір қай сабақ?
- Сіз білесіз бе, «Шайтанның саудасы» кімнің шығармасы?
-Сіз білесіз бе, осы айда тағы қандай мереке бар?
Бекіту тесті: тест 5 сұрақтан тұрады, әр сұрақта 3 вариант жауап.
Уақыт болған соң шаблонды таратамын, сол арқылы нәтижесін тексереді өздері. Тест жұмысын орындайды.
Нәтижесін тексереді, шығарады.
Бағалау: 5мин. Жұптық бағалауға нұсқау береді. Күлегештер арқылы жұптық жұмысты әр топ жеке-жеке бағалайды.
Қорытындылау Кері байланыс жасау \4 мин\ «Күн мен Түн» суреттері арқылы кері байланыс жасалады.
Келесі оқу МәшҺүрді ақын-жыраулардың әдеби мұрасын жинақтаушы ретінде қарастыру. Мәліметтер жинау, талдау.