Т?рбие са?аты: Наурыз жыл басы (6 сынып)
ММ «Шарбақты арнайы жалпы білім беру мектеп – интернаты № 5»
Тәрбие сағаты: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Тәрбиеші: Абельдинова Г.З.
Павлодар – 2016 ж
Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезені
— Сәлеметсізбе, құрметті оқушылар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жаңа сабақ: Бүгінгі өтетін тақырыбымызбен танысу үшін мына сөзжұмбақты шешуіміз керек.
Сөзжұмбақ шешу «Наурыз»
Ас атасы ——— / нан/
Жемістің аты ——- / алма/
Сан———/ елу/
Гүлдің аты ——— /раушан/
Құс —— /тырна/
Балалар ойыншғы ——/ зырылдауық/
Осы сөзжұмбақтан қандай сөз шықты?
Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз «22наурыз» деп аталады.
— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! Мал біткеннің бал татыған ұғызды, Қуат болып қанымызға тарайды. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. «Аман ба» деп мал жаның? Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. — Ал, балалар! Құрметті ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!
ІІ. Әңгімелесу Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. — Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір қонақ шашу шашады, музыка қосу) — Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. — Ал, енді біздің наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады. ІІІ. Тақпақтар 1-ші бала: Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз, Тәтті болып жасалған, Наурыз дәмін татамыз. 2-ші бала: Көктем келді бүгін, Күнім төкті нұрын Сайрап барлық құстар, Ән салуға құштар. Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (интерактивті тақтамен жұмыс) 3-ші бала: Түрлі-түсті әйбат, Гүлдер шықты жайнап. Қызығып ылғи барамын, Қырға шықты ойнап. 4-ші бала: Сәнді көктем нұрымен, Наурыз тойы жырымен, Көңіл гүлдей жайнасың. 5-ші бала: Кіргізіп көркін даланың, Бәйшешек қырда қаптады. Қызығып ылғи барамын, Үзуге бірақ батпадым. 6-шы бала: Күн мен түн теңеледі, Жер шуаққа бөленеді, Соны тойлар ел енді. 7 бала: Наурыз тойы — салтымыз, «Көгерсін» — деп халқымыз, Көшеге тал егеміз.
Тәрбиеші: Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.Жауаптарын таба ма екен балалар,Сол себептен (сіздерге қоятын сұрақтар бар).
Сұрақтар :1) Наурыз төл дегенді қалай түсінесің? (Наурыз төлі)2) Наурыз көже қалай жасалады? (7 немесе 9 тағам түрі)3) Наурызша деген қандай мағына береді?(Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар4) Сүттен жасалатын тағамды ата?(құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)5) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?(наурызкөк)6) Наурыз айында бірінші өсетін өсімдік? (бәйшешек)Тапсырмалар:1) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)2) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады?(уыз)3) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз) 4) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)5) Наурызнама – деген не?(шат – шадыман, ойын-сауық ) 6) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан,аударыспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)
Тәрбиеші: Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету) ІV. Жұмбақ
— Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан) Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? Қазақтың ұлттық тағамдары, Жасымнан жақын маған бәрі. Теңермес ем оларға мен, Ешбір асты ғаламдағы. — Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен таныстырып өтеді. V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін апайымызға сөз береміз. Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі.
VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс) — Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) Рахмет! Отырамыз! VII. Қорытындылау Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата туралы Алмагүл апайдың әңгімесін тыңдайық. Рахмет! Тәрбиеші: Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп. Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, Табиғат барша жанға рахым етіп. Жетпекке үлкендікке жас балалар, Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, Қуанып ойнақтайды олар да өсіп. — Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы – жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенің білесіндер ме? Дұрыс маймыл! Жаңа жылдың иесін қарсы алайық!
Ендім бүгін төріме,Жақсылық себем көңілге.Бейбітшілік пен ырыс – құт,Әкелдім биыл еліңе!
Рахмет! — Құрметті оқушылар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған кішігірім концертімізді тамашаланыздар! VIII. Ән, би, өлең. Біздің оқушымыз Әбіш Салиманың өнерің ұсынамыз. Өлеңдерді мәнерлеп оқу. 1. Бай өлкеммен мақтанам, Жырға қосып шаттанам. Жерімнің бар байлығын, Тәуелсіз ел сақтаған. 2. Абай атамыздың өлеңдері: 1. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалаң. 2. Қайрат пен ақыл жол табар, Қашқанға да қуғанға. Әділет шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға, 3. Бастапқы екеу соңғысыз, Біте қалса қазаққа. Алдын-жалын, артын-мұз, Барар едің қай жаққа? 8 сынып оқушылардың орындауында «Қара жорға» биін қабылдаңыздар! Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыныздар!