Планирование, Ерте?гілік Наурыз-жыл басы


Тақырыбы: Наурыз – жыл басы.
Армысыздар, ата – аналар, ақ жаулықты әжелеріміз бен аяулы аналарымыз, сүйікті де сүйкімді бүлдіршіндеріміз. Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті.
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
Наурыз көктемі айының берекесі ендігі анық, соған орай бүлдіршіндеріміз өздерінің арнайы жаттап келген өлең жолдарын айтуға рұқсат етіңіздер.
1) Гүлім:
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап
Наурыз көже пісірді.
2) Сардар:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
3) Малика:
Наурыз – бұл мереке,
Құтты болсын береке.
Қыдыр ата келсін,
Жақсы тілек әкелсін.
4) Адал:
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
5) Ерназ:
Келді міне, Наурызым!
Наурызды біз қарсы алып,
Ән саламыз, билейміз.
Жайнап өскен гүлдейміз.
6)Айсұлтан:
Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
7) Айсулу:
Жаңа жыл жол болсын,
Басқан қадам оң болсын!
Төрлет, төрлет Жаңа жыл!
Бізге құтты жыл болсын.
Наурыз айы - Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады. Сондықтан қазір бізге Күн мен түн қандай ақыл – кеңес айтарың шағын көрініс арқылы тамашалайық.
Көрініс.
(Күн мен түн ортаға шығады) – Арнұр мен Айсұлтан.
Күн: Сәулесі мол күнмін.
Түн: Жұлдызы көп түнмін.
Екеуі: Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін.
Түн: Ал ертең күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі: Ұйқы қанбай қалып
Жүрмеңдер тек жылап.
Қазақ халқында ежелден бері үлкені болсын, кішісі болсын наурыз мейрамында бір – бірлерімен тату – тәтті, ынтымықта, келісімде өмір сүрген. Бір – бірлерімен сөйлескен кезде жылы сөздер мен сыпайы сөздерді жиі қолданған. Бұл бір жағынан ең бірінші әдептіліктің белгісі болып саналған.
Ендігі кезекте, «Білікті бірді жығады, білімді мың жығар» - дей келе сұрақ – жауап арқылы балаларымыздың ойын тыңдайық.
 Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді,
Ең үлкенін жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
«Рахмет, апа!» – деу керек.
Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың.
Көшенің сол бетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді?
«Сәлеметсіз бе?» деу керек.
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу айқай.
Сенде шықтың көшеге,
Қағып кеттің көршіңді.
Мұндайда не деу керек?
«Кешіріңіз» деу керек.
Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп,
Тазалайды  қарт кісі
Белі зорға иіліп
Не дегенің жөн еді?
«Көмектесейін» деу керек.
Добын апар Назардың!
Деді аған бармадың
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың
Сен қай сөзді айтпадың?
«Жақсы!» деу керек.
Кіші үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Ол қандай бала? ( Әдепті)
Сондықтан да балалар үлкенді тыңдап, кішіні сыйлап әдепті бала болып жүруге уәде бересіңдер ме? Әрдайым осы беттерінен таймаңдар!
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық! – дей келе ортаға ару қыздарымыздың орындауында «Ертегілер әлемі» әнін қарсы алайық.
Ертегілер әлемі
1) Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін.
Ертегілер әлемнің қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы – көркем,
Әдемі еді неткен!
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Қайырмасы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...
Сұрақ – жауап арқылы ойын ойнату:
- Біздің Отанымыз қалай аталады?- Қазақстан.- Ал, Елордасы, астанасы ше?- Астана қаласы.- Біз көпұлтты мемлекетпіз. Әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз қазақ ұлты болғандықтан біздің ұлттық салт – дәстүрлеріміз, ұлттық тағамдарымыз, ұлттық ойындарымыз да бар. Ұлттық ойындарға: Ақ сүйек, қыз қуу, көкпар, асық, арқан тарту, сақина салу, тоғыз құмалақ, аударыспақ, ханталапай, жамбы ату, теңге алу, тақия тастамақ және тағы да басқа түрлері жатады.
Сондықтан қазір сендермен бірге ұлттық ойындардың кейбіреуін ойнап көрейік.
Ұлдарға арналған ойын:
Теңге алу ойынының шарттың түсіндіріп өтейін. Қазір ақырын әуен қосылып тұрады, сеңдер шеңбер бойымен айналып жүріп әуен тоқтаған сәтті байланған дорбаны іліп алуларын керек. Дайын болыңдар. Бұл ойын жылдамдықпен, шапшаңдықты талап етеді.
Арқан тарту ойынының шарттың түсіндіріп өтейін. Ортаға шығып теңбе – тең екіге бөліне отырып, арқанды екі жаққа тарту арқылы ойын ойнатылады. Егер де, 1 жақ топтың балалары толығымен тартып алған жағдай да сол топ жеңіске жеткенін білдіреді.
Қол күрестің шарттың түсіндіріп өтейін ортаға екі бала шығады. Өзара қол күрестіреді, басымдық таңытқан жеңіске жетеді.
Асық ойындары ұйымдастырылады.
Қыздарға арналған ойын түрлері:
1) «Гүл сыйлау» ойыны.
2) «Қолшатыр кімге тиеді?»
- Бәрекелді, балалар әрдайым осылай ойнап – күліп жүре берулеріңе мен тілектеспін. Жарысымызға қатысқан балаларымызға жұлдыздан таратып берейін, осы жұлдыздай бақтарың жансын. Жұлдыздай жарқырап жүре беріңдер.
- Бәрекелді, бүлдіршіндеріміздің өмірлері тек осындай қызықты сәттерге толы болсын. Бүгінгі мерекеге байланысты әзірленген дастарханға барлығымызды шақырамын.
Бүгінгі мейрамға бізге арнайы Қыдыр атамыз батасын ала да келіпті.
Бата: Арнұр
Бата
Сұрасаң бата берейін,
Ақ тілекті төгейін.
Еліме берсін берекет,
Қашсын сырқат – бәлекет!
Кірсін дәулет есіктен,
Кетсін бейнет тесіктен,
Ескі жылым есірке,
Жаңа жылым жарылқа,
Дастарханың мол болсын!
Абыройың зор болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Әумин!
Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!