Т?рбие са?аты Мені? ?аза?станым-мені? болаша?ым
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы lefttop
Байқоңыр қаласы
№274 орта мектебіБастауыш сынып мұғалімі: Искакова Гульнар Смагуловна
Сабақтың тақырыбы: «Менің Қазақстаным -менің болашағым»
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, оқушылардың бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік ұғымдарын терең сіңіру. Мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ынтымағы, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт пен ұлыстарға алтын бесік болған мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,тәуелсіздік туралы суреттер, ,қамшы,киіз үй макеті т. б. Сабақтың әдісі:Ой қозғау стратегиясы ,сұрақ-жауап т.б. Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Психологиялық ахуал.
- Армысың, қайырымды Аспан ата!
- Армысың, мейірімді Жер – ана!
- Армысың, шұғылалы Алтын күнім!
- Армысың, тәуелсіз елім менің!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, сүйікті балалар!Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылыпқалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Менің Қазақстаным-менің болашағым!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)
Көрініс.Бөлме іші кілем,төсек,домбыра ,тері,шашбаулар макетімен безендірілген.Күй әуенімен қолында ұршығы бар әже келіп отырады.Қолында қамшысы барбала атқа мініп,ойнап жүреді.Ол әжесіне жүгіріп келіп,мойына асылып еркелейді.Бала: Әже,неістеп отырсыз?Әже: Ой құлыным,мен ұршық йіріп отырмын.Кел,отыр ойыннан шаршаған боларсын.Бала. Әже,біз Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. -әже,тәуелсіздік деген не?Әже: Е құлыным-ау«Тәуелсіздік»бұл үлкен әңгіме.Осы күнге қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді.Қайсар,батыр аға-апаларымыздын арқасында егеменді ел болдық.Өзіміздің Туымыз,Әнұранымыз,Елтаңбамыз бар.Аллаға шүкір.Бала: Әже,мен сізге тақпақ айтып берейінбе?Әже: Айта ғой құлыным!Бала: Қазақстан-киелімҚияға үшар қыранмын.Еркіндікті сүйемінМен тәуелсіз ұланмын.Әже: Ой ақылдым,өркенің өссін!Бала: Әже,мен ұйықтап алайыншы,шаршадым.Әже: Ұйықтай ғой құлыным«музыка әуенімен бала ұйықтайды.Әже орынынан тұрып кетеді.Осы кезде қолына шырақ ұстаған қария адам кіреді,баламен кездесіп амандасады»Бала: Ассалаумағалейкум ата!Сіз кім боласыз.Қария адам; Мен сендердің бабаларың болам.Ей, балақай қазақ халқының болашағы сендерсіңдер«қазақ»деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін.(әуенмен шығып кетеді,бала ұйқыдан оянады)Бала: Әже,әже қайдасың?Әже:Ау,құлыным,не болып қалды?Бала: Мен түс көрдім Әже:Айналайын, қандай тұс көрдің?Бала:Мен түсімде Қария адамды көрдім ол маған жанып тұрған шырақ бердіӘже: Ау, құлыным жақсы түс көрген екенсің«шырақ» деген-бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі ғой. Еліміз ешкімге тәуелді болмай, өркендеп,бақытты болады екенбіз. Мұғалім: Міне,өздеріңіз көріп отырғандай бүгінгі біздің қозғайтын әңгімеміз ел тыныштығы, бірлігі, тәуелсіздігі туралы болмақ. Сабағымызда тәуелсіздік ұғымының мағынасын терең ашып, жер бетін мекендейтін тіршіліктің өмір сүруі үшін азаттық, бірлік, егемендіктің ролі мен оны сақтаудың маңыздылығын түсінетін боламыз. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстан келді.Еліміз тәуелсіздікке қалай жеткені туралы мына бейнекөрініске назар аударайық.
Міне, балалар, міне осындай қиыншылықты бастан өткеріп,бәрін жеңген елміз. Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.Өз Елбасымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетпіз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын болашақ ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
Ал енді,балалар,тәуелсіздік күні мерекеге қандай тақпақ жаттап келдіңдер?. (балалар тақпақтарын айтады)
1. РамазанСарыарқаның даласында,Күн шуағын төккен күн.Елім менің, жерім менің,Баққа қолы жеткен күн.
2.ЕркемТәуелсіздік –Бақ туын.Қолға ұстаған сәт бүгін,Болсын дәйім шат күнім.
3.КөркемКөк майсалы жерім менің,Егеменді елім менің.Бас имеймін ешкімге,Тәуелсізбін мен бүгін.
4.НұрасылЕгемен болмай ел болмас,Етек - жеңі кем болмас.Терезесі тең болмас,Енді қазақ кем болмас.
5.АлиханӨзімдікі елім де,Өзімдікі жерім де.Би - билейтін күн бүгін,Тәуелсіздік төрінде.
6.ГульфайрузӨзімдікі туымда,От пен ауа суымда.Жаса Қазақстаным,Белді бекем буында!
7.АбдукаримЖасасын жаса, азат күн,Жасасын бейбіт ел мен жер.Бостандық алған қазақтың,Мәртебесін көрсін ел.
8.МерейҚазақстан елім менің,Саған ешбір жер жетпейді.Біз тұрғанда шекарадан,Ешқандай жау өтпейді.
9.ИбрагимТәуелсіздік ұлы күнім,Тұрсын жайнап төбемде.Сен, жасай бер мәңгі бақи,Қуанышқа бөлен де.
10.АқеркеКең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жеттіТәуелсіз Қазақстан – елім менің
Хор: Ел қорғауға әзірміз!
Мұғалім:- Балалар, Ел болып егемендігімізді алғаннан кейін өз рәміздеріміз пайда болды,осы рәміздерді кім атап береді?Балалардың жауабы -----Мұғалім:- Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі.- Рәміздер – халқымыздың рухани, ұлттық салт санасын болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ал біздің ортамызда рәміздер туралы білгенін айтып беретін балалар бар ма?
1-оқушы -Айзере
Әнұран салтанатты кештерде, жиындарда, спортшылар жеңіс тұғырына көтерілгенде орындалады. Әнұранды барлық бала білеміз. Әнұран шырұағанда тыныш тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына апарып жүрекпен тыңдаймыз. Әнұран сөзінің авторылары: Жұмекен Нәжімиденов,Нұрсұлтан Назарбаев.Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі.
2-оқушы-Мадина
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі ол Қазақстан туы. Тудың авторы белгілі суретші Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Біздің туымыз көгілдір түсті, тік төртбұрышты. Көгілдір түс тыныштықты білдіреді. Қақ ортасында сәулесін шашқан алтын күн бар ол байлықтың белгісі.Күннің астында Қыран құсбар. Ол Қазақстан қырандай биікке самғасын дегенді білдіреді.Тудағы ою – өрнек қазақтың ұлттық ою – өрнегі.Біз туымызды құрмет тұтамыз.
3-оқушы-Мерей
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уалиханов. Қ. Р. Елтаңбаларында шаңырақ бейнесі бар. Одан жан – жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық көптеген халықтар бірлігін көрсетеді. Елтаңбаның екі жағында ертедегі қанатты тұлпар, жоғары жағындағы бес бұрыш жұлдызша бақытты өмірге жол сілтейді. Төменгі жағындағы «Қазақстан»жазуы республикамыздың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы.
Жүргізуші:- Жарайсыңдар балалар: Мемлекеттік рәміздер туралы өте жақсы айттыңдар. Рәміздеріміз туралы қайдан үйрендіңдер?
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу,оны қорғау бәріміздің міндетті парызымыз екенін ешқашан естен шығармайық.
Би . Ән сал,сарбаз
Біздің балаларымыз биылғы жылдан бастап сауаттарын ашып, әріптер үйреніп жатыр. Осы үйренген әріптерінен Қазақстан еліне арнаған тілектерін құрап айтқысы келеді.Ендеше балаларды ортаға шақырайық.Қ – Қазағымыз аман болсын!А - Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!З - Заманымыз тыныш болсын!А - Аман болайық!Қ - Қыран құстай биік болайықС - Сарарқа даласында бейбітшілік болсын!Т - Табиғатты аялайықА - Елбасымыз аман болсын!Н - Нанымыз көп болсын!
Хор. Отан
Тәрбие сағатымызды «Суреттер сөйлейді» ойынымен жалғастырамыз.Бұл арқылы еліміз туралы одан әрі білуімізге көмектеседі. Ойын шарты экраннан сұрақ жасырылған шарлардан шығады, оқушылар өздері таңдаған сұрақтарға жауап береді.
1.Еліміздің астанасы қай қала?
2.Біздің сүйікті Отанымыз қалай аталады?
3.Тәуелсіздікке қанша жыл толды?
4.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
5.Қ.Р. рәміздерін ата
6.Елтаңбамызда не бейнеленген?
7.Туымызда не бейнеленген?
8.Қай жылы ,қай күні тәуелсіздігімізді алдық?
Өте жақсы жауап бердіңдер,сендерге көп рахмет,ал енді қарайықшы,қай қаланың суреті пайда болды? АСТАНА
Астана-еліміздің жүрегі.Міне күннен күнге көркейіп келе жатыр,жаз айында ЭКСПО -2017 көрмесі ашылады,барлық елдің түкпір- түкпірінен халықтар келіп,еліміздің еш елге теңдесі жоқ екенін білетін болады.
Еліміз әрқашан көркейе берсін!
Қорытынды: Жүректен –жүрекке тренингі
Оқушылардың қолына май шам беріледі,балалар тілек айтады.
Міне,балалар,от-жылулықтың рәмізі,тәуелсіз,азат еліміздің болашағына қандай тілек білдірер едіңдер?
Ал ендігі кезекте оқушыларымыздың көрермендерге қояр сұрақтары бар екен.
1.Райхан апай,сіз өз ойыңызша болашақта Қазақстан қандай болады деп ойлайсыз?
2.Сайлаукүл апай, сіз тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұл-қыздары қандай болады деп ойлайсыз?
3.Ата-аналар, болашақ Қазақстанның ұл-қыздарына қандай ақ-ниетіңізді білдіресіз?
Мұғалім:.25 жыл, тәуелсізбін, дербеспінКүмәндана қоймас бүгін енді ешкімБодандығым ғасырларға жалғасқанҚазір, міне артта қалды келмес күнТәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,25 жасың құтты болсын нұр елім.25 жылда шықтың талай белеске,Қазақстан жасай берші гүл елім.Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған айрықша мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тағы да құттықтаймыз!Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын! -дей келе «Елім менің» әнін бірге шырқайық.