Ерте?гілік Та?ырыбы: Жыл-басы Наурыз


Жыл басы - Наурыз
(зал әсем безендірілген, төрде дөңгелек үстел, үстел басында ақ жаулықты әже отыр)
Тақырыбы: «Жыл басы-Наурыз!»Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру. Мерекеге ат салысып қатысуға дағдыландыру.
Бақытбек: Армысыңдар,халайық!
Бармысыңдар халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық!
Айнара:  Уа, халайық тұрмайық,
Әндетейік,жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
(Балалар екі жақтан кіреді).
Жүргізуші: Сәлеметсізбе қонақтар, әже!
Наурыз тойы құтты болсын!
(Әже амандасады)
Жұлдыз тобының балаларын ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Біз балалармен сізді Наурыз тойымен құттықтауға
келдік.Балалар сізге өздерінің әндерін,билерін,тақпақтарын ала келді.
Соны тамашалай отырыңыз.
Әже: Рахмет,балаларым!
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Келді міне,Наурыз жеріме деп
Жер-әлемге шаттанып,жар салайық!
Балалардың орындауында «Алақай Наурыз!»әнін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Камилла: Шаттығымыз,жырымыз
Жаңа Наурыз жылымыз.
Ақ тілеумен осындай
Бақ боп үйге кіріңіз.

Інжу: Бірдей кәрі-жасқа да,
Наурыз күні жақсы-ақ-ә
Жылқы жылы той болсын
Барлық балабақшада.
Іңкәр: Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа аузымыз толады,
Бар жақсылық болады.
Жанел: Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым!
Төрлет бізге Нұр болып,
Шуақ шашып ақ жүзің.

Жүргізуші: Уа, халайық, халайық Ақ сандықты ашайық Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық.(Әже орнынан тұрып шашу шашады).
Ән: «Мерекеңмен»
(балалар отырады).Жүргізуші:Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен
айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күн». Бұл күн –күн мен түннің теңелетін,жан –жануар төлдейтін,адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жырсышы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!
Жүргізуші: Енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Би: «Наурыз»
(Осы кезде Тазша бала келеді)
Тазша бала: Күн мен айға әлемнің, Берем ыстық сәлемін. Қарттарыма сүйене, Сәлем берем иіле. Орындалсын ойларың. Құтты болсын тойларың.-Сәлеметсіздер ме, балалар,қонақтар! Наурыз тойы құтты болсын!Жүргізуші:Сәлеметсізбе, Тазша бала! Мерекеңіз құтты болсын!
Сіз ел аралап қыдырып жүр екенсіз,не жаңалықтарыңыз бар?
Тазша бала:Жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы Наурыз тойын той-
лап қуанып жатыр екен.Бір-біріне қонаққа келіп дәм ауыз тиіп,ақ тілек
тілеуде.Сендердің дауыстарыңды естіп мен сендерге келдім.
Жүргізуші: Бізге қандай базарлық алып келдіңіз.
Тазша бала: Балалар өнерлі екен. Менің де балаларға базарлығым бар.
Сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Балалар: «Теңге алу», «Қамшы алу», «Бәйге», «Қыз қуу», «Арқан тарту».
Тазша бала: Жарайсыңдар, балалар. Біледі екенсіңдер.Енді сол ойындарды ойнап көрейік.
Ойындар: 1. «Қыз қуу»
2. «Арқан тарту»

Тазша бала: Балалар, ойындар сендерге ұнады ма? Өзім де бір сергіп қалдым.
Әже: Міне мынау -Наурыз көже.Құрамында жеті ас түрі –ет, ақ, құрт, бидай,
тұз, су, күріш бар.Ұлыс күні қазан толса,сол жылы ас көп болады,тоқшылық болады дейді.
Жүргізуші: Рахмет,әже! Тақпақтар:
Аружан: Құтты болсын, Наурыз,Арманымыз, әніміз.Наурызды қарсы алып,Құанамыз бәріміз.Алмат:Кеңінен елге таралған,Негізі ерте қаланған.Еңбек шаттық жыл басы,Наурыздан басталған.Тұмар:Шырқап салған әнімен,Мерекелік сәнімен.Топталып ойнап қыдырып,Бөлісіп ішкен дәмімен.Шахмардан:Наурызда оюлы,Ұлттық киім киеміз.Бастап ән күй ойынды,Би билеуді сүйеміз. Шахназар:Ағайынмен қауышып,Аман-сәлем десеміз.Әннен күйге аусып,Әңгімеге көшеміз. 
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,сүйікті бүлдіршіндер!Наурыз мерекесі құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа «Жылқы
жылы да» келді.Бәріңізге жаңа жыл берекелі,мерекелі жыл болсын!

Жүргізуші: балалар қайдасыңдар?
Балалар: Біз мұндамыз.
Жүргізуші: Неге кешігіп жатырсыңдар,болсаңдаршы енді.Біз кешіккен жоқпыз, сен өзің ғой сахнаға ерте шығып кеткен. Қараңдаршы, қонақтардың барлығы бізді күтіп отыр. Достар, қонақтардың барлығы жиналып қалыпты, баста мерекені.
 Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар, Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар. Наурыз тойы басталды, Бір орында тұрмаңыздар.
Естімегендер естіңіздер, Тыңдамағандар тыңдаңыздар! Наурыз тойы басталды.
Бақытбек: Армысыңдар,халайық!
Бармысыңдар халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық!
Айнара:  Уа, халайық тұрмайық,
Әндетейік,жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық.
(Балалар екі жақтан кіреді).
Жүргізуші: Сәлеметсізбе қонақтар, әже!
Наурыз тойы құтты болсын!
(Әже амандасады)
Жүргізуші: Біз балалармен сізді Наурыз тойымен құттықтауға
келдік.Балалар сізге өздерінің әндерін,билерін,тақпақтарын ала келді.
Соны тамашалай отырыңыз.
Әже: Рахмет,балаларым!
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Келді міне,Наурыз жеріме деп
Жер-әлемге шаттанып,жар салайық!
Шаттығымыз,жырымыз
Жаңа Наурыз жылымыз.
Ақ тілеумен осындай
Бақ боп үйге кіріңіз.
Бірдей кәрі-жасқа да,
Наурыз күні жақсы-ақ-ә
Жылқы жылы той болсын
Барлық балабақшада.
Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа аузымыз толады,
Бар жақсылық болады.
Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым!
Төрлет бізге Нұр болып,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Төрлет Наурыз,Сары-Арқа даласына,
Бақыт сыйла кәрі-жас баласына.
Күлкі сыйла жарқын жүз сәбилерге,
Өмір сыйла,ақ шашты анасына.
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық Ақ сандықты ашайық Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық.(Әже орнынан тұрып шашу шашады).
Ән: «Мерекеңмен»
(балалар отырады).
Жүргізуші:Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен
айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күн». Бұл күн –күн мен түннің теңелетін,жан –жануар төлдейтін,адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жырсышы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!
Жүргізуші:Бүгін мерекеге «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндері қонаққа
келді.Соларға кезек берейік.
2.Тақпақтар.
(орындарына отырады).
-бала: Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым!
Төрлет бізге Нұр болып,
Шуақ шашып ақ жүзің.
-бала: Төрлет Наурыз,Сары-Арқа даласына,
Бақыт сыйла кәрі-жас баласына.
Күлкі сыйла жарқын жүз сәбилерге,
Өмір сыйла,ақ шашты анасына.
(Осы кезде Тазша бала келеді)
Тазша бала: Күн мен айға әлемнің, Берем ыстық сәлемін. Қарттарыма сүйене, Сәлем берем иіле. Орындалсын ойларың. Құтты болсын тойларың.-Сәлеметсіздер ме, балалар,қонақтар! Наурыз тойы құтты болсын!Жүргізуші:Сәлеметсізбе, Тазша бала! Мерекеңіз құтты болсын!
Сіз ел аралап қыдырып жүр екенсіз,не жаңалықтарыңыз бар?
Тазша бала:Жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы Наурыз тойын той-
лап қуанып жатыр екен.Бір-біріне қонаққа келіп дәм ауыз тиіп,ақ тілек
тілеуде.Сендердің дауыстарыңды естіп мен сендерге келдім.
Жүргізуші:Төрлетіңіз! Дастархан басына жайғасыңыз.
(Тазша бала отырады)
Әже: Жоғары шық,балам!
Жүргізуші: Енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Би: «Наурыз»
Жүргізуші: Балалар, Наурыз тойында қандай тағамдар әзірлейміз?
Балалар: Наурыз көже, бесбармақ,қазы-қарта,бауырсақ-шелпек т.б.
Жүргізуші: Әже, бізге Наурыз көже туралы айтып беріңізші.
(Әже Наурыз көже туралы айтып береді).
Әже: Міне мынау -Наурыз көже.Құрамында жеті ас түрі –ет, ақ,құрт, бидай,
тұз,су,күріш бар.Ұлыс күні қазан толса,сол жылы ас көп болады,тоқшылық болады дейді.
Жүргізуші: Рахмет,әже!
Би: «Қара жорға»
Тақпақтар:
Аружан:
Құтты болсын, Наурыз,Арманымыз, әніміз.Наурызды қарсы алып,Құанамыз бәріміз.
Алмат:Кеңінен елге таралған,Негізі ерте қаланған.Еңбек шаттық жыл басы,Наурыздан басталған.
Тұмар:Шырқап салған әнімен,Мерекелік сәнімен.Топталып ойнап қыдырып,Бөлісіп ішкен дәмімен.
Шахмардан:Наурызда оюлы,Ұлттық киім киеміз.Бастап ән күй ойынды,Би билеуді сүйеміз.
Шахназар:Ағайынмен қауышып,Аман-сәлем десеміз.Әннен күйге аусып,Әңгімеге көшеміз. 
Тазша бала: Балалар өнерлі екен. Менің де балаларға базарлығым бар.
Сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Балалар: «Теңге алу», «Қамшы алу», «Бәйге», «Қыз қуу», «Тақия тастамақ», «Арқан тарту».
Тазша бала:Жарайсыңдар, балалар.Біледі екенсіңдер.Енді сол ойындарды ойнап көрейік.
Ойындар: 1. «Қол күресі »
2. «Қыз қуу»
3. «Арқан тарту»
4. «Қамшы алу»
Тазша бала: Балалар, ойындар сендерге ұнады ма? Өзім де бір сергіп қалдым.Қызыр Ата,Әже Наурыз күні көршілерді аралап дәм ауыз тимейміз бе?
Қызыр Ата,Әже: Дұрыс айтасың, Тазша бала!
Жүргізуші: Қызыр Ата! Мына дастарханға, балаларға бата беріңіз.
(Қызыр Ата бата береді)
Қызыр Ата:Сұрасаң бата берейін,
Ақ тілекті төгейін.
Еліме берсін берекет,
Қашсын сырқат-бәлекет!
Кірсін дәулет есіктен,
Кетсін бейнет тесіктен,
Ескі жылым есірке,
Жаңа жылым жарылқа!
Дастарханың мол болсын!
Абыройың зор болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Әумин!
 
(Қызыр Ата немересімен ,Әже, Тазша бала қоштасып кетеді)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,сүйікті бүлдіршіндер!Наурыз мерекесі құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа «Жылқы
жылы да» келді.Бәріңізге жаңа жыл берекелі,мерекелі жыл болсын!

«Алпамыс»б/б-сы
«Төрлет, төрлет әз Наурыз»
№12 «Күншуақ» ересектер тобы
Тәрбиеші: А.Жұмаханова
Балқаш қаласы-2014ж.

Қош келдің Әз-Наурыз!!!
Қош келдің, әз Наурыз».Мақсаты: Балалардың бойында қазақ халқының өміріне деген қызығушылықты қалыптастыру, ұлт мерекесін қастерлей білуге, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін білуге және құрметтеуге үйрету, қазақтың ұлттық ойындарын ойнау барысында өздерінің шапшандығы менбатылдығын көрсете білуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Әсем ұлттық наққышта безендірілген зал, жайылған қазақи дастархан, ұлттық ыдыстар көрпешелер, керегелер, ұлттық киімдер. . Сүндеттой – ежелгі дәстүрлердің біреуі. Әр заманнан оған өзгешеліктерін енгізгенімен, мұсылмандықтың бұл қадамының діңгегі шайқалған жоқ. Ендеше, бұл тойды өткізгенде жаңа заман ерекшеліктерін барынша ескере отырып, бұрынғы халық дәстүрінен айрылмауға тырысайық.Той өтетін жердің (дәмхананың, мейрамхананың, т.б.) есігінен бастап, мүмкіндік болса, қазақтың ұлттық киімін киген қыздар мен ұл балалар қарсы алады.(Жиналушылардың жанын серпілтер күй күмбірлеп, ән шалқиды.) Мұсылмандардың ең қастерлі тойларының бірі болғандықтан, келуші де, күтуші де барын аяп қалмайды.1-Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, тойшы қауым! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурызға арналған мерекемізді, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай біздің топтың –Сүндет тойын бастауға рұқсат етіңіздер?Салт-дәстүрмен жараса, Қайта құрып жаңаша Жарыса өнер көрсетіп Той тойлайық тамаша! -Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Ұлыс тойы басталды. Наурыз туын көтеріп, Жар салайық әлемге. Көрмегендер көріңдер, Естімегендер естіңдер Дабылын оның қағайық Шақырамыз бәріңді.. 2-Жүргізуші:Той төресі – сүндет той: ата-анаға міндет қой! Үлкен міндет атқарып, ата-анасы шаттанып, арамызда күлімдеп, бастарына бақ дарып, бар көңілін ақтарып отырған бір жайы бар – маңдайында айы бар: жарқыраған баласы – болашағы, панасы! Бір қуанды әкесі, бір қуанды анасы – атқа қонған баласы, айға қонған санасы! Құтты болсын қуаныш, өссін елдің данасы!1-Жүргізуші:Бір-бірінің жан сырын,Айтқызбай-ақ ұғысқан.Аралары тату боп,Арылмаған ырыстан.Ауыр жүкке жұмылып,Бір жағына шығысқан,Аман болғын әрдайым,Айналайын туысқан,Туған-туысқандар, қош келдіңіздер.2-Жүргізуші:Алыс ауыл арасынЖақын қылған нағашым,Ақ көңілді баласынАқын қылған нағашым,Нағашымның жаңасынІздесең қайдан табасын?Нағашылар, қош келдіңдер!1-Жүргізуші:Өсіп-өнер жұртыма,Өріс болған жиенім.Айқасқанда жауымен,Жеңісті алған жиенім.Елдігін де білемін,Кеңдігін де білемін,Кездесе алмай жүр едім,Жиендерім, қош келдіңдер!2-Жүргізуші:Ынтымағы жарасқан,Ықыласпен қарасқан,Туысқандай, туғандайКөршісімен санасқан,Көршілерім, қош келдің!1-Жүргізуші:Мұсылмандық белгісі –Ер баланы сүндеттеу.Имандылық белгісі –Сол сүндетті құрметтеу,Діннің жолын құрметтеу.Ақындарға болмас-ау,Сүндет тойды жыр етпеу.Әр адамға жарасар,Тойымызды бастадым,Айтып елдің жақсы әнін.Сүндет тойы жаңғырсын,Жарып ауыл аспанын,Осындай ұлы дәстүрдіЖалғастырсын жастарың,Құтты болсын тойларың!2-Жүргізуші- Ал енді, бүгінгі тойдың егесі, батырымыз өз нөкерлерімен келе жатыр екен. Барлығымыз бірге жабыла күтіп алайық.(Ұлттық сарындағы музыка ойнап тұрады, батырдың киімін киген бала алшаңдап басып келе жатады, соңында қазақ киімін киген ұл балалар. Әжелер шашуларын шашып, батырларды төрге шығарады.Барлығы арнайы жабдықталған орынға барып отырады.)Ән : «Алға, Қазақ жігіттері!»(Жеке тұрған орындыққа ашамай қойылып, ашамайға сүндет қоржын артылады.)1- Жүргізуші: :Бала, бала-бал ғұмыр,Қуанышты мәңгі жыр.Отырыпты сүндетке,Жігіттіктің алды бұл.2-ЖүргізушіДәстүріміз бел алды,Елдің ісі оңалады.Өтеліпті парызы,Жасалыпты жоралғы.Құтты болсын сүндеті,Ол-Мұхамет үмбеті.Орындалды ойдағы,Ата-ананың міндеті.1-Жүргізуші: Діннің жолы – түзу жол,Түзу жолды қалайық.Көрімдігін сүндеттің.-деп бөлелер ауылынан сый сыйапат --№12 Мектепалды даярлық тобынан « Тұлпарым» биін қабыл алыңыз.1.«Тұлпарым» Биі. №12 топ.2- Жүргізуші: Жыр бастайтын ақын бар,Нағашың бар, жиен бар,Періштең бар, киең барСүндет тойға жиналған- Жиендер ауылынан сый құрмет:.2. «Қасиетті домбыра» -ән№10 топ.1-Жүргізуші:Сүндет тойға жиналған,Қаумалаған халқың бар.Сүндеттейтін ұлдарың,Мұсылмандық салтым бар!Сол салтымды қарғашым,Халқым әрі жалғасын.Мұсылмандық – ұлы міндет, Құтты болсын бұл сүндет!(Осыдан кейін шашу шашылады)2-Жүргізуші.Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік шарамызды әрі қарай жалғастырамыз.Енді біздің бүлдіршіндеріміздің осы мерекеге дайындаған сый- сыйапттарын қабыл алыңыз.3.Ән: « Наурыз тойы.»Аделя: Ата-бабам тойлаған,Наурызым армысың.Қызығына тоймаған,Дархан-дала,қарлы шың!Әділет: Наурыз гүл көктем,Сәнді ай арайлы.Күлімдеп күн көктен,Нұр шашып қарайды.Афина: Наурыз, наурыз жыл басы,Жасыл көктем құрдасы.Төл мереке, кел мереке.Гүлімай: Осыншама жақсылық,Алып келген Наурызым.Төрлет бізге нұр беріп,Шуақ шашып ақ жүзің.Диар: Құтты болсын, Наурыз,Арманымыз, әніміз.Наурызды қарсы алып,Құанамыз бәріміз.Султан: Кеңінен елге таралған,Негізі ерте қаланған.Еңбек шаттық жыл басы,Наурыздан басталған.Рамазан: Шырқап салған әнімен,Мерекелік сәнімен.Топталып ойнап қыдырып,Бөлісіп ішкен дәмімен.Тахмина: Наурызда оюлы,Ұлттық киім киеміз.Бастап ән күй ойынды,Би билеуді сүйеміз.Тамерлан: Ағайынмен қауышып,Аман-сәлем десеміз.Әннен күйге аусып,Әңгімеге көшеміз. 1-Жүргізуші:Мерекеде сызылтып ән салады,Ән айтып би де билеп жан салады.Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.4."Қош келдің төрлет Наурызым" әні.2-Жүргізуші: Қазір балалар сендермен бірге ойын ойнаймыз.Ойын: «Орамал тастау» Ойынның барысы: Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды.Олар шеңбер жасап дөңгеленіп отырады. Ойын жүргізуші қолына түйілген орамалды ұстап, шеңберді айнала жүгіріп, кез-келген бір ойыншының артына бір орамалды байқатпай тастайды. Өзі шеңберді айнала жүгіріп ойыншының қасына отыра қалады. Ойыншы жүргізушінің тастаған орамалын байқап қалса,оны қуып, орамалмен дәлдеп ұрады. Ал байқамасы ортаға шығып, өз өнерін көрсетед..Жанат: Жаратылыс жаңарып, Теңелген кез күн мен түн.Ел сұрасып жаңалық,Бір-бірінен білген күн.Диана: Татуласып араздар,Бірін-бірі кешкен күн.Сыр ашып сүйген сабаздар,Айдардан жел ескен күн.Санжар: Жыл құстары оралып,Көлде дүмани құрған күн.Жаңғырып дәстүр жаңарып,Жақсылыққа бет бұрған күн.Думан: Көзін ашып бұлақтың,Көпшілік көшет еккен күн.Тұыс, жегжат-жұраттыңҚадіріне жеткен күн.Бейбарыс: Қораларда төл төлдеп,Бау-бақша гүл ашқан күн.Көңілдер шат көкке өрлеп,Әр іс оңға басқан күн.Бану: Жылдың басы-наурыз,Күліп шықпас үйден кім?Пісіріп әжем сары уыз,Ауыз аққа тиген күн. Расул: Наурыз көже татысып,Үйден үйге кірген күн.Ән мен биге қатысып,Қауым боп ойнап күлген күн.Мархабат: Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,Сұраймыз алғыста, ақы да біз.Үй-дастархан, думанымыз- сахнамыз,Ұлы мейрам- Наурызға шақырамыз.Ақбота: Қыс өтіп қар кетіп,Шырайлы жас жетіп.Шаруаның кеңелген,Мейрімді ежелден,Құтты болсын Наурыз.Мейіржан: Жаңғырар дәстүр-салтымыз,Көзделсін бұлақ жалғасы.Қастерлі менің халқымның,Мереке Наурыз-жыл басы.Ажар: Наурыз тойы тамаша,Наурыз тойы жаңаша.Табиғатта тамаша,Тамылжып тұр жараса.Наурыз тойы салтанат.Наурыз тойы мархабат,Әр жүректен ән тарап. Шаттанады шартарап.1-Жүргізуші: Ойын ойнап ән салмай,Өсер бала болама.Күміс күлкі көрмей ол,Кемеріне толама,Айголек-ау айголек,Айдың жүзі дөңгелек.Айдай толған кезінде,Би билейді дөңгелеп- деп 2-сәбилер тобындағы іні-қарындастарының сыйын қабыл алыңыз.5. "Жұптасу" биі.2-Жүргізуші: Шат күлеміз жайраңдап,Біз ойнаймыз асыр сап.Бақшамызда сайраңдап,Еркін өсер жас ұрпақ.-деп " Бұғынай" ойынына кезек береміз. 1-Жүргізуші:Ойын: «Бұғынай»Ойынның шарты: Ойын ойнағысы келгендердің бәрі қатысады. Жүргізуші ойыншыларды айнала отырғызып, бірінші бұғынай, екінші бұғынай т.б барлық ойыншыларды түгелдей санап шығадыда, «пәленше бұғынай»,-деп дауыстайды. Аты аталған «бұғынай» орнынан атып тұрады да келесі біреуін шақырады. Осындай сәттерде тұра алмай қалған және аты аталмай тұрып кеткен ойыншылар ойыннан шығарылады.1-Жүргізуші: Бүгін қызық бүгін той,Біздер үшін біліп қой.Ән де салып,би билеп,Жалғастырсын ойды-ой,-деп әсем әнге кезек берейік.6.Ән: «Көктем.»2-Жүргізуші: Ал енді осымен бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз». атты мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті.1-Жүргізуші : Наурыздан - наурызға, амалдан-амалға аман-есен жүріп,той тойлап жүре берейік. Келесі жылы мектепке бару тойында кездескенше хош сау болыңыздар!.
Айналайын анашым!!!
Айналайын анашым!Залдың ішінде , кемпір, шал, маша құрбыларымен.Маша: Ата, әже мен құрбыларымен орманға барып келейінші?Атасы: Орманға не үшін барасын қызым?Маша: Ата, сен білмеушімедің, бүгін аналардың, әжелердің мерекесі ғой.Атасы: Ой, ақымақ басым-ай, есімнен шығып кетіпті ғой. Кемпір мерекеңмен!Әжесі: Рахмет! Сыйлықтарың қайда?Маша: Қазір мен орманға барып, гүл теріп келейін.Орманға келе жатып аюды кездестіреді.Аю : Ой, қандай жақсы болды кездескендерің, үйімді жинап тамақ пісіріп беріңдерші.Құрбысы; Жоқ, аю біз асығыспыз, анамызға гүл теріп жүрміз.Аю: Не үшін?Құрбысы 2: Бүгін аналармен әжелердің мерекесі.Залға қызыл телпек кіреді.Қызыл телпек: Сәлеметсіңдерме қыздар!Қыздар: Сәлем қызыл телпек. Сенде әжеңнің мерекесіне гүл теріп жүрсіңбе?Қызыл телпек : Ия.Аю: Қыздар, онда өлең айтып бірге гүл терейікші.Ән: «Мама»Залға қасқыр кіреді.Қасқыр: Қорыңпандар, мен сендерге тиіспеймін, бүгін менің көңіл –күйім тамаша, қыздар бүгін сендердің, аналардың ,әжелердің мерекесі. Менің қолымда теледидар бар, қазір балабақшаның балалары өнер көрсетеді, менімен бірге теледидарымнан балалардың өнерін көресіңдерме?Барлығы: Ия.Маша : Онда біздің үйге жүріңдер, ата әжеммен бірге тамашалайық.Барлығы шығып кетеді.Жүргізуші : Той-тойлап дала мен қалаларымМерекең құтты болсын аналарым.Ару қыз, абзал ана мерекесінҚұттықтауға келе жатыр балаларыңыз-деп ортаға балаларыңызды шақырамыз.Залға вальс ырғағымен билеп балалар кіреді.Айбар: Ана –деген үш әріптен тұратын сөзде қанша құдірет бар. Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.Аружан: Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол көркем, сүйкімді де ұлы сөз.Жүргізуші: Құрметті аналар, өздеріңізге деген балалардың жылы лебіздерін тамашалаңыздар!1-бала: Ана –деген өмірімнің шырағыӨмір көзі алтын күннің шуағыДем беретін сүйетұғын жанымменШөл далада сусындайтын бұлағың.2-бала: Үн қатасың бал тілмен,Еркелеймін әр күн мен.Құттықтаймын анашым,8-ші наурызбен.3-бала: Балдай тәтті баламызАқылдымыз данамызАналардың мейрамынБірге қарсы аламАялаймыз ананымыздыҚұрметтейміз бағамыСіздер үшін аналар,Шырқап әнге саламыз.Ән :Айбар: Қыздарымыздың биші аяғыТой дегенде тұра алмасМерекелерінде билеп берсеҚандай ана қуанбас-деп қыздарымыздың үнді биін тамашалаңыздар.Үнді биі:Музыка ойнап көктем кіреді.Мен көңілді көктеммін,Былтыр келіп кеткенмін.Көзін ашып бұлақтың,Түбіне тал еккенмін.Дән боп жеоге себілем,Жаңбыр болып жауам да.Нұр боп көктен төгілемінШуағын төгіп әлемге.Жылуын күннің әкелем.Аружан: Ару көктем, сұлу көктемЖақсы болды келгенің.Сеніменне өтеді, бұл мереке көңілдіӘн: «Көктем»Көкткем: Балалар мен сендерге құры келген жоқпын, өзіммен бірге «МузАрт» тобының жігіттерін ала келдім.Жүргізуші: Жігіттердің орындауындағы «Анаға сәлем» атты әнімізді қабыл алыңыздар.Ойын: «Көгершіндер» ойыныАружан: Әже деген көп шығар,Әжеңдей адам жоқ шығар.Айналайын дегені,Жанға рахат береді, - деп балаларымыздың орындауында «Әжем» әнін тамашалаңыздар.ТақпақтарАуылға біз барғанда,Қымыз бен құртын беретін.Асыл әжем, жан әжемБізді жақсы көретін.Құлыным десе еркелеп,Төбеміз көкке жетедіАйналдым десе жүрегімЕзіліп еріп кетеді.Өскенімді көрсетем,Уақыт та тез өтеді.Көрініс: «Немерем менің» әжелердің әзіл әндеріАружан: Аялаймыз ананы,Құрметтейміз бағамыз.Сіздер үшін аналар,Би де билей аламыз, деп қыздарымыздың «Гүлдер мен көбелектер» биін қабыл алыңыздарАйбар: Таңдай қағар тамсанаТіршіліктің басы –АнаҚыздырайық тойды бізБи билейік бәріміз-деп жігіттеріміздің орындауындағы «Боз жорға» биін тамашалаңыздар.Ойын: Ата аналармен.Аружан: Айбар, бүгінгі аналарымызға арнаған ертеңгілігіміз аяқталды.Айбар: Ия, Аружан, біздің өнеріміз аналарымызға ұнаған сияқты, енді сыйлықтарымызды да беретін уақыт келген сияқты.Сыйлықтары беріледі. Бірінің артынан бірі музыка ырғағымен шығып кетеді.Залдың арғы жағында теледидар көріп отырған ертегі кейіпкерлері.Кемпір: Рахмет қасқыр, теледидарыңнан керемет балалардың өнерін тамашаладық.Маша : Әрқашанда аналарымызды, әжелерімізді сыйлап жүрейік.Қызыл телпек: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!