Мені? ?аза?станым — Мені? Отаным


Менің Қазақстаным
Кітапханашы: бүгін тәуелсіздік күні,бірақ сендер сол тәуелсіздіктің қалай келгенін білесіндер ма,балалар? Тәуелсіздік – біздің тәу етер киеміз! мен сендерге айтып берейін......
Отан! – деген сөзім қандай әдемі!
Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.
Таңдандырды жан-жағымды – бай өлке,
Қарапайым ,кең дастархан ,әдебі.
Атам қазақ аңсағаны еркіндік,
Сақтау үшін азаттықты бекіндік
«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар
«Татулықтың символымыз» сертім нық
Кітапханашы: Армысыздар,ар – намысты ту еткен ,Алаш жұртының айбынды ұрпағы!!! Азаттық,теңдік,тәуелсіздік үшін сан қилы,қанды қасіретті ұрыстардың нүктесі болған 16-желтоқсан Тәуелсіздікке 23жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Менің Қазақстаным » атты мәнерлеп оқу сайысына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!!! Рас, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.Тарих беттеріне үңілетін болсақ,сонау Абылай заманынан бастау алған,Тәуелсіздікке,еркіндікке ұмтылыс ,бүгінгі жарқын болашақтың іргетасы іспеттес! 1836 жылғы қазақ халқының ұландары Исатай Тайманов пен Махаббет Өтеміс ұлының қолбасшылығымен болған көтеріліс тәуелсіздікке деген жолда маңызды орын алатыны белгілі.
Енді бізге қайта оралды заңғарлар
Сталиндік тозақтарда жанғандар!
Ахметтер,Жүсіпбектер,Сәкендер,
Илиястар,Бейімбеттер,Мағжандар.
Ақтаңдақ жылдарындағы «қазақ» деп қабырғасы қайысқан қайраткерлерде тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
Жалғанның жартысындай қазақ елі
Алғандай көздің жауын сұлу жері
Ақпейіл,дархан көңіл халқымыз бар,
Болғанда бірі батыр,бірі сері.
Қашанда өршіл,намысқой,ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы «Ұлы Отан» соғысы жылдарында да аянбай шайқасты. «Ұлы Отан» соғысы тәуелсіздікке деген ұмтылыстың ірісі десек қателеспеспіз!
Тек соңғы 5 жылдың ішінде ғана қазақ даласында 300-ге тарта үлкенді-кішілі ұлт-азаттық наразылық көтерілістері өтіпті.Байыппен қарасақ соның бәрі осы төрт ананы қорғау мақсатында екен.
: Мұз жастанып азаттықтың жолында
Тәуелсіздік туы тұрды қолында
Жеңіп шықтың бас имедің қасарып
Сойыл таяқ ойнасада жаныңда
Отан үшін жанын қиды ұлдарың
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың
Күйінішпен ауырады жүрегім
Естігенде желтоқсанның ызғарын
1986 жылғы желтоқсандағы жастардың толқуы болмаса,бұл тәуелсіздік осылай болар ма еді,әлде болмас па еді?! Бұл – халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасқан ұл-қыздарының,асыл жүректі,асқақ рухты ақиық перзенттерінің күрес жолы.
Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
Тарихым жатыр тасымда
Тіл қатып келер ғасырға
Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.
Кітапханашы: «Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей,туған елінің бостандығы ,жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан да емес,ұмытпақ та емес!
Қандай дүние жетеді балауыңа!
Бәрі сенің жан Отан,қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып,
Қазақстан гербі де,жалауы да!- деген Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасындағы туған елге ,жерге деген ыстық махаббаты әрбіріміздің жүрегімізден орын алуы керек.
Мен де өзіңдей байтақ едім ,кең едім
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін.
Кітапханашы:: Туған жерді біздер,жас ұрпақтар сүймесек, оның етреңі не болмақ? Олай болса, 5-7 сынып аралығындағы оқушылар Отандарына деген сүйіспеншілігін, жүрек жарды өлеңдерімен жеткізгенін тамашалайық.
Тәуелсіздік дегенді жыл өткен сайын терең түсініп келеміз.Өз еліңнің,өз жеріңнің,өз Отаныңның бары бәрінен артық екен.
Шынында да жаның шымырлап,айналайын өз елім-ай, деп жұдырықтай жүрегіміз қуанышқа бөленеді.Тәуелсіздік деген осы екен ғой.
Барлық әніміз де,жырымыз да Отан үшін,туған жер үшін арналып келеді.
Тәуелсіздікке қол жеткізген осынау жарқын күндерде менің туған өлкемде,байтақ Қазақстанда тек бейбітшілік болса екен деймін.
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далаға жылап келіп уанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!!!
Өткізген:
Көкпекті орта мектебі
Кітапханашы:
Рахимкулова Г.А