«Мені? ?аза?станым – мені? болаша?ым!» сынып са?аты
Сабақтын тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым!».
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларға Ата заңы, Отан туралы түсінік
2. Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, білімдерін кеңейту.
3. Балаларды өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Әнұран орындау, әңгімелесу, ойын, өлең оқу.
Сабақтың көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер суреттері, Н.Назарбаевтың портреті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Қазақстан – туған елім, байтағым,
Қашан үнім таусылғанша айтамын,
Қарсы аламын Әнұранымен әуелеп,
Қазағымның алатын арай, әр таңын!
Мемлекеттік Әнұранды салтанатты түрде орындау.
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Мен Сіздерді Білім күнімен құттықтаймын. Сіздерге тілейтінім зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, елімізге тыныштық, отбасыларыңа қуаныш, оқуда табыс. Жаңа оқу жылы бізге тек табысты жеміс беретін болсын!
Бүгінгі алғашқы сабағымыздың тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым!».
Мұғалім:Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Экранда «Отан деген не?» сұрақ көрсетіледі. (Слайд)
Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер?
(Оқушылар өз ойларын айтады).
Мұғалім:Ата Заңы туралы не білесіздер? Бұл қандай заң?
(Балалар өз білгендерін айтады).
Ата Заңым!
Арман әнім!
Сенен асқан бар ма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғағаным.
Ата Заңым!
Бар мұратым,
Жалғыз кие жанды ұғатын.
Жаңсақ бассаң жолға салып,
Тәубаңды еске алдыратын.
Сергіту сәті: «Ойлан да, тап».
Бұл ойында мен сендерге сұрақ қоямын. Сұраққа жауапты білетін оқушы қол көтереді.
1. Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).
2. Қазақстан Республикасының Астанасы қай қала? (Астана).
3. Қазастан Республикасының Мемлекеттік рәміздерге не жатады? (Әнұран, ту, елтаңба).
4. Ата Заңы қай күні, жылы қабылданды? (1991 жыл 30 тамыз).
5. Ал, Тәуелсіздік күні қай күні және жылы қабылданды? (1991 жыл 16 желтоқсан).
- Балалар, өте жақсы!
- Балалар Әнұранның авторларын білесіңдер ме, атап өтіңіздерші? Жұмекен Нұрсұлтан Шәмші
Нәжімеденов Назарбаев Қалдаяқов)
- Мемлекеттік Ту қай жерде қойылады?
Республика Президентінің сарайына
Ұлттық мерекелер кезінде
Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің,мемлекет-тік мекемелердің ғимаратта-рына
Әскери адамдар Отанға адал ант берген кезде
Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің ғимаратта рына орнатылады
- Өте жақсы, Мемлекеттік Гимн қай кезде орындалады?
1.Жиналыстар мен мәжілістерде;
2.Ескерткіштер орнатылғанда;
3.Шет елдердің мемлекет бас-шыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда орындалады.
4.Гимнді міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдайды.
Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,Отан дейміз өсірген елімізді.Отан дейміз туған жер, атамекен-Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқОл бірақ, өз үйіңнен басталады..
Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салды