Урок на тему ?мина киім д?кенінде


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Жақсылықова.
Күні,айы,жылы:
Тобы: ІІ кішітоп
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:Әмина киім дүкенінде (байланыстырып сөйлеу)
Мақсаты:Сөздік қорларын молайту (жейде, шалбар, тон, бөкебай, көйлек пен жейденің жеңі, жағасы, түймелері.) ертегіні оқу және мазмұндау, сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуға тәрбиелеу. Жаңылтпаш жолдарын түсініп жаттау, жатқа айтуға дағдыландыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:Киім дүкеніне ойша саяхат жасау, топта «Дүкенші» ойынын ойнау.
Әдіс – тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу.
Қажетті көрнекі құралдар:Әмина қуыршағы, киім дүкені макеті, киім үлгілері.
Билингвалдық компонент:Киім – одежда , айна – зеркало , шаш – волос Іс – әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Себепті қызығушылығын
ояту кезеңі Шаттық шеңбері:
Қол алысып, кәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу!
Ғажайып сәт:
Балаларды қуыршақ Әминамен таныстырады. Әминаның қонаққа баратын әдемі көйлегі болмағандықтан ренжулі екенін айтады. Әминаны киім дүкеніне апарып, киіндіруді ұсынады. Балалар шеңберге тұрып тәрбиешімен қайталайды.
Әмина қуыршақты тамашалайды.
Әминаны киіндіруге келіседі.
Ұйымдас-
тырушылық
ізденіс кезеңі Д/О: «Дүкенде»
Мақсаты: Балалар арасындағы қарым-қатынас дағдысын дамыту.
Киімдердің суреттерін, сұрақтар қоя отырып, атын, түсін айтқызады, сипаттады.
Д/О: «Ұзын, қысқа»
Мақсаты: Ойлау жылдамдығын, сөйлеу белсенділігін дамыту.
Ұзын, қысқа көйлектерді көрсетіп, айтқызады.
Жаңылтпаш жаттады
Ақ көйлек, көк көйлек, көп көйлек.
Баяу, жылдам, өте жылдам, тез, сөзып, әндетіп айтқызады.
Д/О: «Түрлі түсті баулар»
Мақсаты: Байқампаздыққа тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту.
Тәрбиеші балалардың назарын қуыршақтардың бәтенкелерінің түрлі түсті бауларына аударады. Қандай түстерді көріп тұрғандарын сұрайды.
Сергіту сәті:
Қояным тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Әдемі көйлек киші.
Тіл ұстарту жаттығуы
Аң – аң – аң,
Үстің болды шаң.
Атып қапты таң,
Жайқалып тұр айналаң.
Д/О: «Қуыршақты киіндір»
Мақсаты: Балалар арасындағы қарым-қатынас дағдысын дамыту.
Балаларға екі қуыршақ пен олардың киімдерін беріп, киіндіруге тапсырма береді. Бұл заттарды бір сөзбен қалай айтуға болатынын сұрайды.
Әмина қуыршақ балалардың көмегіне разы болып, қоштасып кетеді. Киімдерді атайды, түстерін ажыратады.
Антоним сөздерді айтуға үйренеді.
Жаңылтпашты жаттайды. Қайталап айтады, тілдерін жаттықтырады.
Баулардың түстерін жыратады.
Сөздерін қайталап, қимылдармен жасайды.
Қайталап айтады.
Қуыршақтарды киіндіреді.
Балалар Әмина қуыршақпен қоштасады.
Іс – әрекеттің бағалау кезеңі Киімдер не үшін керек?
Киімдерді қайда сатады?
Қыста киетін киімдерді не деп айтамыз?
Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін аяқтайды. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Киім бөліктерінің атауларын дұрыс айтып, ажырата біледі.
Қандай түсініктерді игерді:Антоним, синоним сөздерді қолдануды игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Жаңылтпашты шатаспай айтуға дағдыланды.