«ДЕСТРУКТИВТІК ДІНИ А?ЫМДАР: ЗЕРТТЕУДІ? ?ДІСТЕРІ» ?ылыми жоба.
Қордай ауданы әкімшілігінің білім бөлімі
№34М.Смағұлов атындағы орта мектебі
-3810516890Шығармашылық жоба
00Шығармашылық жоба
Тақырыбы: «Деструктивтік діни ағымдар:
зерттеудің әдістері»
9 сынып оқушылары:
Аманбай Фариза ,Касенбай Дильназ.
Пәні: Зайырлылық және дінтану негіздері
Жетекшісі: Кененбаева А.Ж.
Алға ауылы
2016ж
Аннотация
Жобаның тақырыбы: «Деструктивті діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері»
Мақсаты: Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты деструктивті діни ағымдарды білу, дін мағлұматы туралы ашып көрсеті. Зерттеу жүйесінің әдістері мен жолдарын білу. Діннің мәні, анықтамасы, шығуы тегі, құрылымы, жіктелуі мен түрлерін оқытудың ерекшеліктерін зерделеу.
Міндеттері:
-Бүгінгі Қазақстандағы жаңа діни ағымдар (дәстүрлі емес) шығуының обьективтік және субьективтік алғышарттарын түсіндірудің әдістемелік негіздерін айқындау;
- Деструктивті діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістерін қарау.
Ұсынылып отырған жобаның маңыздылығы: Деректерді зерделеу үстінде тарихилық ұстанымын басшылыққа алып, діни салыстырмалық, іріктеу-сұрыптау және сыни талдау жүргізу. Зерттеудің әдістемесін анықтағанда Дін тарихының сабақтастығы мен үндестігін сақтауға баса назар аударылды.
Тәжірибелік маңызы: Ғылыми жұмыс ФотоШоу PRO программасы арқылы жасалған, видиороликтердің көмегімен мағлұматтар алу. Әлуметтік желідегі мағлұматтарды имаммен бірге талдау.
Мазмұны:
Кіріспе ---------------------------------------------------------------- 4 бет
1 тарау Дінтану білімі мен ғылымы --------------------------------5 бет
2 тарау Имаммен кездесу ---------------------------------------------6 бет
3 тарау Дін туралы ұғым --------------------------------------------8 бет
4 тарау Діни көзқарастардың шығуы -----------------------------9 бет
5 тарау «Деструктивті» ұғымы туралы» -------------------------12 бет
6 тарау Діни және құқықтық сауаттылықты көтеру -----------16 бет
7 тарау. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу ------------17 бет
Қорытындылау ------------------------------------------------------------------19 бет
Кіріспе
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты деструктивті діни ағымдарды білу, дін мағлұматы туралы ашып көрсеті. Зерттеу жүйесінің әдістері мен жолдарын білу. Діннің мәні, анықтамасы, шығуы тегі, құрылымы, жіктелуі мен түрлерін оқытудың ерекшеліктерін зерделеу.
Міндеттері:
-Бүгінгі Қазақстандағы жаңа діни ағымдар (дәстүрлі емес) шығуының обьективтік және субьективтік алғышарттарын түсіндірудің әдістемелік негіздерін айқындау;
- Деструктивті діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістерін қарау.
Ғылыми жобаға осындай мақсат қоя отырып, «Деструктивті діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері» тақырыбының мағынасын ашуға тырыстық.
Осы орайда біз дін туралы негізгі мағлұматтарды Дінтану білімі мен ғылымы арқылы аламыз. Көп жағдайда дінтану ғылымын дамытуға осы салада ұстаздық етіп жүрген мамандар күш салуда. Бүгінге дейін ғылыми зерттеулермен тұрақты түрде айналысып, зерттеу жұмысына бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеп келе жатқан – сол ұстаздар.
2009 жылдан Қазақстан мектептерінде оқытыла бастаған «Дінтану» пәнінің қалыптасу тарихы, әдістемелік аспектілерінің ерекшеліктері, қазіргі кезеңдегі мәдениет, дін, ғылым, оқу-ағарту мәселелерін біз дінтану сабағынанан дін туралы жалпы мағлұмат алудамыз.
Біз әлеуметтік желіден «Деструктивті» ұғымы туралы нақты мағлұматтар біле алмадық. Сол себепті де Алға ауылында орналасқан «Омар» мешітінде болып,ғылыми жобамызды әрі қарай толықтыру үшін имамға көкейімізде жүрген сұрақтарымызды қоя отырып тақырыбымызды зерттеу жолының әдістерін бөлімдерге бөліп алдық. Бірінші біз дін туралы қайдан мағлұмат іздестіру керектігіне тоқталдық. Екіншіден Дін туралы ұғымымызды толықтырдық. Үшіншіден Діни көзқарастардың шығуына тоқталдық. Төртіншіден «Деструктивті» ұғымы туралы тақырыпты ашуға тырыстық. Содан кейін «Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек» деп Абай атамыз айтқандай Діни және құқықтық сауаттылықты көтеру жолдарын қарастырдық. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбына да тоқталдық.
І тарау. Дінтану білімі мен ғылымы
Діннің тұтастығы - елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады.
Нұрсұлтан Назарбаев
-Дінтану білімі мен ғылымы – бір-бірімен астаса өріліп жатқан егіз арна. Көп жағдайда дінтану ғылымын дамытуға осы салада ұстаздық етіп жүрген мамандар күш салуда. Бүгінге дейін ғылыми зерттеулермен тұрақты түрде айналысып, зерттеу жұмысына бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеп келе жатқан – сол ұстаздар.
2009 жылдан Қазақстан мектептерінде оқытыла бастаған «Дінтану» пәнінің қалыптасу тарихы, әдістемелік аспектілерінің ерекшеліктері, қазіргі кезеңдегі мәдениет, дін, ғылым, оқу-ағарту мәселелерін біз дінтану сабағынанан дін туралы жалпы мағлұмат алудамыз.
Мазмұндық жағынан іс-шаралар мен зерттеу жұмыстары ислам дініне, дәстүрлі емес діндер және дінаралық қатынастар мәселесіне, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу тақырыбына, дінтанудың әдіснамалық мәселелеріне негізделген.
Ал дінтану ғылымымен дербес айналысатын ұжым ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтану бөлімін атап айтуымыз қажет.
Аталмыш ұжым кеңестерден кейінгі кеңістіктегі діни үдерістерді, еліміздің тарихи және рухани-мәдени дамуындағы діннің рөлін, қазіргі Қазақстан аймағындағы діндер тарихын, соның ішінде ислам мәдениетінің тарихын, қазақ халқының рухани өмірін зерттеу жұмыстарын дербес ғылыми жобалар аясында жүзеге асыруда. Ендігі мәселе сол зерттеу нәтижелерін ғылыми айналымға кеңінен енгізіп қана қоймай, білім үдерісіне тиісті деңгейде қосуда болып отыр екен дінтану ғылым орталығының қойған мақсаты.
ІІ тарау. Имаммен кездесу
Біз әлеуметтік желіден «Деструктивті» ұғымы туралы нақты мағлұматтар біле алмадық. Сол себепті де Алға ауылында орналасқан «Омар» мешітінде болып,ғылыми жобамызды әрі қарай толықтыру үшін имамға көкейімізде жүрген сұрақтарымызды қойдық. Бұл сұхбатта койылған сұрақтар:
- Өзіміздің ұстанып жүрген «Ислам» діні жайлы не айта аласыз?
- «Ислам»деген сөздің «сәлем»деген мағынаны білдіреді.
- Қазіргі кезде террористік ұйымдар мен секталар көбейіп барады.Себебі , неде деп ойлайсыз?
- Ислам дінін дұрыс түсінбеушіліктен !
- Қазіргі жастарға осы тақырып бойынша қандай бағыт , қандай тәрбие бере аласыз?
-Көкейінде жүрген сұрақтарын әлеуметтік желілерден емес, дін қызметкерлерінен сұрау керек.
- Сұхбатыңызға көп-көп рахмет!Сіздің арқаңызда біз дініміз жайлы мағлұматтар білдік.
Сондай –ақ имамнан басқа да сұрақтардың жауаптарын алдық. Біз ғылыми жобамызды зерттеу бағытын неден бастарымызды білмегендіктен, ауыл имамынан жобаны зерттеу жолдарында сұрадық. Имамның айтуы бойынша біз төмендегі тақырыпшалар арқылы зерттеу жүргіздік.
ІІІ тарау. Дін туралы ұғым
Дін-қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар,ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.
дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас,байланыссынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек.
Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмдіатайды. Діннің негізінде рәсім тұр.Рәсімдеп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.
4 тарау. Діни көзқарастардың шығуы
Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан гылыми деректер жагалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күр- делі өзгерістер діннің өрісін тарылтып, оның гылымга жақын түрлерін тудырады. Негізінен, біз оларды пантеизм және деизм дейміз (pan — грек сөзі, бәрі, theos — құдай, deus — латын сөзі, құдай).
Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Қудай ретінде түсіну. Мұндай Құдайга деген көзқарастың шеңберінде «табиғатты жарату» мәселесі құр босқа қалып қояды. Деизмді алатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратумен танылады. Жаратылған Дүние әрі қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.Діннің дүниеге келуінен бастап, оның негізгі қағидаларына күмәнданган атеистік козқарастар да туды (atheos — құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда Дүниеге деген атеистік көзқарас ұстаган адамдардың саны да аз емес. Діннің бүгінгі адамзатқа аса тартымды жағы ол тек қана жагапай ортаны түсіну емес (гылымның жетістіктері бүл қажеттікті анағұрлым жақсы орындайды), ол — оның адамзаттың рухани тәрбиешісі, адамдардың бір-бірімен байланыстары, қарым- қатынастарын ретке келтіруші қызметі. Ягни дін қоғамдагы мораль саласын өзіне тартып, бойына сіңіріп, өзінің жүйесінің ажырамас бір бөлігіне айналдырып, оның қағидаларын өз мүддесіне жаратады (mores — латын сөзі, әдет-ғұрып). Сонымен қайсыбір дін мыңдаған жылдар бойы қоғам өмірінде қалыптасқан жалпы адамгершілік нормаларды (norma — латын сөзі, басшылықтың бастамы, тэртіп, нұсқа) діни моральдық қағидаларға айналдырады. Моральдық борыш, жауапкершілік, тиістілік дінде Құдай алдындағы адамның борышы, парызына айналады. Адамның жүрегіндегі сүйіс- пеншілік сезімі нақтылы қоршаған адамдардан гөрі, Құдайға деген сүйіспеншілікке айналады. Осының арқасында моральдық құнды- лықтар Қүдайға сенудің негізінде адамның жүрегіне, жан дүние- сіне тезірек кіріп, оның жүріс-тұрысына зор эсерін тигізеді. Атеистік багыт ұстаған адамга қоғамдағы моральдық нормаларды өзінің рухани өміріне кіргізу үшін олардың мазмұнын талдап, оган керек пе, жоқ па, соны өзінің білімі, парасаты арқылы саналы, дәлелден- ген сенімге айналдыруы керек. Ал бұл жол — өте қиын жол.Сонымен қатар діннің ішінде жалпы адамзаттық құндылық- тардан басқа, соларга қайшы келетін нормалар да болуы мүмкін. Мысалы, Иса пайғамбардың: «Мен сендерге бейбіт емес, қылыш әкелдім», — деген қагидасы бар. Ал ислам дініндегі «жихад», «газауат» деген нормалар дінге сенбегендерге қарсы күреске шақырады. Адамзат тарихында талай діни согыстар болып өтті. Қазіргі Балқан елдеріндегі, Израилъ мен Ирактағы қақтығыстардың негізінде де діни, этникалық қайшылықтар жатыр.Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуга әкеліп соғады. Дінге табынушылықтың негізінде эртүрлі діни мекемелер мен ұйымдар пайда болады (шіркеу, мешіт, синагога жэне т.б.).
Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар. Біріншіден, дін мифологиялық санага қараганда, адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, эсемдік, ізгілік жэне т.б. ұғымдардың пайда болуы). Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, эсіресе қогам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік жэне кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге болады. Бірақ олардың мәнін дұрыс түсіне алмаганнан кейін, адамдар табиғаттагы заңдылықтарды неше түрлі қүдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамга керек багытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қараганда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек деген ойын тугызды. Басқа қоғамдағы сан алуан қүбылыстар сияқты дін де тарихи өзгерістерге түсіп, өзінің әртүрлі багыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі дүниежүзілік діндер бар. Христиан дініндегі негізгі идея — эсхатология (eschatos — соңғы, грек сөзі, logos — ілім) тарихтың, Дүниенің соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі жэне өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жүмаққа аттандыру.
Христиан дінінің негізгі қағидасы — сүйііспеншілік жэне оны уагыздауда осы дін өте биік ягни, жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дэрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды — Алланы, оның қүдіретті күшін мойындайды. Бүл діннің негізгі ерекшелігі — Құрандагы жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйле- сімді түрде ретке келтіріп отыруга тиіс. Сондықтан Ислам діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады (Ауганстан, Пэкістан, Иран). Ислам діні басым елдерде, шариғаттың негізінде өмір сүретін исламдық құқықтық мемлекет орнату идеясы көптеген адамдардың мақсатына айналуда. Ислам дінінің негізгі қағидасы — мейірімділік, қайыршыға, кемтар адамдарга қол ұшын беру (садақа), зекет төлеу (адамның өз еркімен элеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар.
Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі — ахішса (зиян- дық жасамау) қағидасы, яғни өмір сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, зорлық-зомбылық арқылы залымдыққа қарсы тұрмау, адамдар мен халықтардың арасында жеңген де, жеңілген де болмауга тиіс.
Буддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы Дүниеден лэззат іздеген, гедонизм (gedone — грек сөзі, рахат, ләззат) жолына түсіп, жер бетінде экологиялық дагдарыс туғызган Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Қытайдағы дін, Теңдік және уйлесім сисволы
Ортодокс кресті
Мұсылман діні, Аллах сөзінің жазылуы
Адам ұжымдары қақтығыссыз сүреалмайды. Адамдардың алғашқы бірлестіктері зорлық-зомбылықсыз, «бәрінің бәріне соғысынсыз» (Т. Гоббс) болып көрген де емес. Бастарын біріктіре тұра, бір-бірімен қауымдаса тұра адамдар бөлінісіп, ыдырасып та үлгереді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде адамдардың жағымсыз қасиеттерін — қанды жауыздық «құмарлығын» өзіндік бір жолға салып, оның қарқынын басатын бірден-бір құрал ретіндеқұрбан шалуқарастырылады. Яғни діннің бір негізгі көрінісі болып табылатын құрбан шалу әрекеті қоғамды дезинтеграция, бытыраңқылықтан сақтайтын механизм болып табылды. Сол сияқты діннің өзінің бойынан да осы қасиеггі кездестіреміз, яғни дін де адамдар арасындағы қиратушы зорлық-зомбылық құштеріне кері әрекет етіп, әлемге
Құдайдың құдіретті күшін мойындай отырып, қайсыбір дін берген өмір сүру нормаларын әрқашанда қоғамдағы адамдардың толық орындамай, бұзып отыратынын көрсетеді. Діннің заңдарын бұзган адам күнәға батады, бірақ ол өзінің ізгі істерімен болашақта Құдайдың кешіріміне жете алады. Діни сенімнің қайнар көзі — адамның дүниені сезімдік- құндылық тұргыдан игеруінде, ал Дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген көзқарастарға дін қарсы келеді.
5 тарау. «Деструктивті» ұғымы туралы»
Тоталитарлық секта – ең алдымен әлуметтік және мәдени проблема, ал содан кейі ғана психиатриялық және заңды.... Адамдар бұл туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым алдануы қиын болады. Роберт Джей Лифтон
Бүгінгі таңда елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісім орнығып, ел тұрғындары тату-тәтті өмір сүруде. Әрбір азаматқа Конституциямен сенім бостандығы беріліп, ар-ождан құқығы қорғалған. Осы құқықтың негізінде азаматтарымыз өз еркімен діни сенімге нанып, қалаған ғибадатын қылуға құқығы бар.
Бірақ сенім бостандығы құқығын желеу етіп, жұрттың сенімін алдайтын діни ағымдар да кездеседі. Біз бұл ағымдарды «деструктивті діни ағымдар» деп атаймыз.
Деструктивті (бұл сөз «бүлдіргіш» деген мағынаны білдіреді) діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді.
Кейбір деструктивті діни ағым мүшелері отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін бағаламай, мемлекеттік рәміздерді мойындамай, әскери борышқа салғырт қарайды. Тіпті білікті дәрігерлердің көмегіне жүгінуден бас тартып, балаларының зайырлы білім алуына қарсылық көрсететіндері де бар. Деструктивтілікті анықтайтын бұл тізімді жалғастыра беруге болады.
Бүгінгі таңда елімізде ақпарат құралдарынан беріліп отырған деструктивті діни ағымдардың қызметі жайлы мәліметтерге көңіл аудару азаматтық міндетіміз болып есептеледі. Деструктивті діни ағымдардың қызметі тек жеке азаматтардың өміріне ғана зардабын тигізіп қоймай, еліміздің ішкі тұрақтылығы мен ұлтаралық және конфессияаралық келісім саясатына да зардабын тигізуде.
Елімізде адамның әлеуметтік өмірі мен негізгі әлеуметтік институттарға кесірін тигізіп отырған осындай ағымдардың қызметіне тыйым салынған. Сенушілердің санасын улап, оларды өз қатарларында ұстауда психологиялық тәсілдерге жүгінетін жат ағымдардың қызметіне тосқауыл қою – әлеуметтің саулығы үшін маңызды мәселе. Осы себепті халықты деструктивті діни ағымдардан сақтандыру қамында бұл ағымдардың жұмыс істеу амалдарын, әлеуметтік және отбасылық өмірге келтірер зардаптарын деструктивті діни ағымға баулаудан бастап қысқаша көрсете кетуді жөн санадық.
Қазіргі таңда жұртшылықты өз қатарына тарту үшін деструктивті діни ағымдар тарапынан жаппай гипноз, физикалық күш қолдану секілді әлеуметтің қарсылығын тудыртатын әдіс-тәсілдер қолданылмайды. Өйткені, жастарды құрылған торға түсіруге деструктивтік діни ағымдарға психологиялық баурау мен әлеуметтік топтасу әдістері де жеткілікті.
Деструктивті діни ағымдар өздерінің болашақ ерушілерін аса білгірлекпен таңдап алады. Олар Сізді өзінің ағымына шақырмас бұрын жинақталған тәжірибеге сүйенеді. Сіздің әлеуметтік жағдайыңыз, отбасылық әлеуетіңіз, басыңыздағы мал-мүлік, барлығы да есепке алынады. Осы жинақталған ақпараттардың негізінде деструктивті ағымның мүшесі болуға сәйкестігіңіз қаралады.
Деструктивті діни ағымдарға азаматтарымыздың мүшелікке енуінің себептерін төмендегідей:
– ақпараттық кеңістікте сараланбаған ақпараттың көптігінен туындаған салғырттық;
– ақпараттың көптігінен жүйелі шешім шығаруға қабілетсіздік;
– қордаланған әлеуметтік мәселелердің жиынтығы;
– әлеуметтік өмірдің психо-физиологиялық ауыртпалығы;
– саналы ойлауға жүгінуге қабілетсіздік;
– азаматтардың өз өміріне мағына беруге талпынысынан саналы түрде бас тартуларға баруы.
Осы себептер анықталған соң деструктивті діни ағымға тарту әрекеттері басталады. Бұл әрекеттер белгілі бір әдіс-тәсілдердің қолдануынан көрінеді. Бұл әдістер қарапайым, қолданыста тиімді және адамның үш қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни: адамның әлеуметтік топтасуға қажеттілігі, құрылым ішіндегі беделді болуға талпынысы және қоршаған ортаға деген маңыздылығы. Адамның осы үш қажеттілігінен туындаған тәсілдер деструктивті діни ағымдардың сізді өз қатарына оңай баурауының құралы.
Қазіргі әлеуметтік ортада, оның ішінде қалалық өмірде жалғыздық мәселесі өзекті1. Жалғыздықты сезінген жас буын өкілдері, қызметтік өсуді, басқа да материалдық игіліктірді басшылыққа алған орта буын өкілдері, үйде отырған қарт адамдар әлеуметтен алшақтап кеткендігін айтады. Дәстүрлі өмір салтын ұстанатын отбасылардың өзінде де әлеуметтік өмірдің күйбелеңінен жақын адамдарға уақыт бөлінбей жатады. Осы кезде адамдарда әлеуметтік топтасуға деген қажеттілік туындайды. Бұл қажеттілікті өз кезегінде деструктивті діни ағым өкілдері тиімді қолданады.
Әлеуметтік топтасуға деген қажеттілік – өзге адамдармен эмоционалды қарым-қатынас құрудан өзгеше дүние. Адам әлеуметтік ортамен берік қарым қатынас пен топқа деген адалдықты қажетсінеді. Деструктивті ағым басшылары осы қажеттілікті жақсы біледі, «махаббатпен, жылылықпен» баурайды2. Сізді өзінің «достығын» ұсынған, «тыңдайтын», «түсінетін» адамдар қоршай бастайды. Бұл ағымның мүшелігіне енгеніңіз құпталып, мадақтау сөздерді ести бастайсыз. Осы секілді қолдау әрекеттері ағымға мүшелікке жаңа еңген адамдарға ұнағаны соншалық, кейде олар отбасыларынан, достарынан да бас тартып жатады.
Деструктивті ағымдар тек баурап қана қоймай, қорғаныш сезімін ұялату үшін өзге де тәсілдерді қолдануға көшеді. Олар кірген күннен бастап сізге жанама тиымдарды қолдану арқылы өздерінің сырт ортаның зиянынан қорғайтындықтарын көрсетеді. Олар бұған қоса әлеуметке деген жүйеленген көзқарас ұсынады. Бұған дейін сіз өзіңізді әлеуметтік ортадан іздеп, әлем жайлы сан қырлы болжамдар түзсеңіз, енді сізде «жүйелі» көзқарас қалыптастыратын орта пайда болады. Олар сіздің әрекеттеріңіздің жүйеленуін талап етеді. Топ ішіндегі тәртіпке көндігуіңіз үшін олар жасырын түрде діни ғибадатқа қызмет етуге арналған еңбекті талап етеді.
Деструктивті діни ағымдардың бұл әрекеттерінің барлығы сізді отбасыңыздан бас тартуға әкеледі. Отбасының шынайы махаббатын сізден пайда көруді көздеген деструктивті діни ағымның алдамшы махаббатына айырбастауды жөн көресіз. Ішкі сезіміңізбен қандай қиындықта болмасын алғашқы болып көмекке келетін отбасыңыздың мүшелері екенін біле тұра деструктивті діни ағымның ұсынған алдамшы махаббатына алданасыз. Деструктивті діни ағым өкілдері ұсынған осы алдамшы махаббат кейін сізді жиған мүлкіңіз, тұрғын үйіңіз секілді игіліктеріңізбен қатар жақындарыңыздан бас тартуыңызға әкеледі.
Деструктивті діни ағым өкілі болған кезіңізде сізге екінші әдіс-тәсіл қолданылады. Олар көбіне қатар жүретін екі тәсіл, яғни мүшенің ағым ішіндегі беделі және ағымға деген маңыздылық. Бұл тәсілдер деструктивті діни ағымдардағы «Біздің барлық жылылығымыз бен достығымыз – ұйым мүшелеріне» деген ұстанымынан көрінеді. Ұйым мүшелеріне әрдайым қолдау сөздері, сіздің дұрыс таңдау жасағаныңыз, дұрыс жолда жүргендігіңіз айтылады. Бұл мадақтауларға елтіген сіз өзіңіздің маңыздылығыңызды сезініп, осы ағымның сан салалы қызметіне араласа бастайсыз. Жылылық танытып, махаббатын сыйлаған ағымның сізді пайда көру құралы ретінде ғана көріп жүргеніне еш көңіл аудармайсыз.
Деструктивті діни ағымның әлеуметтік өмірге келтірер зардабы жоғарыдағы мәселелермен шектелмейді. Деструктивті діни ағымдарда «біз және олар» деген қатаң бөлісу бар. Олардың пікірі бойынша өз ағымына жатпайтын азаматтардың барлығы «адасқандар», тура жолдан тайғандар немесе «шайтан қызметкерлері» болып табылады. Көбіне деструктивті діни ағым мүшелері үшін «біз» нақты адамдарды бейнелесе, «олар» адам санатына енбей қалғандар іспеттес. Осы себепті деструктивті ағым мүшелігінен тысқары қалған сіздің отбасыңыздың мүшелері де оларға адам емес, «адасқан» сипатын алады. Деструктивті діни ағымда пікірдің жан-жақтылығы мойындалмайды. Олар үшін «ақиқат» жалғыз, ол өз ағымының ұстанатын ілімі. Осы секілді ұстанымдар арқылы сіздің отбасылық қарым-қатынасыңыз, отбасыңызда өткен жылдардың барлығын қаламның бір сызуымен өшіріп тастауға тырысады.
Осы себепті деструктивті діни ағымдарда «екіжақты» ұстаным3 кездеседі. Махаббат, жылылық, шынайылық тек «біз» санатындағы адамдарға қолданылады. Осы себепті, сіз деструктивті діни ағым мүшелігіне ене отыра отбасыңызға, достарыңызға, әлеуметтік ортаға көңіл бөлуден қаласыз. Бұл сіздің тек отбасыңызға, достарыңызға, әлеуметтік ортаға деген көзқарастарыңызды ғана өзгертіп қоймай, сүйікті қызметіңізден, күнделікті өмір салтыңыздан бас тартуыңызға әкеледі. Деструктивті діни ағымдарды зерттеген ғалымдар бұл «сананы қадағалау»4 әдістерінен туындаған деп санайды.
Сіз өзіңіздің деструктивті ағым мүшелігінде жүргеніңізді білмеуіңіз де мүмкін. Өйткені бұл ағымдарда мүшелерінің әлеуметтік ортадан ақпарат алуы, өзге адамдармен ақпарат алмасуы, ой бөлісуі секілді адами іс-әрекеттер тыйым салынған. Көбіне бұл ағымдар ерушілердің ағымнан «сырт» әлеммен қарым-қатынасына тыйым салудын тәсілдерін меңгерген. Ағым мүшелеріне сырт ортамен қарым-қатынастың жағымсыз екендігі ұқтырылады. Бұл кейін ағым мүшелерінде фобия секілді психикалық зардаптарын да тигізіп жатады. Тіпті деструктивті діни ағымдарда ақпарат материалдары да «ішкі» қолданысқа және «сыртқы» қолданысқа арналған әдебиеттері болып бөлінеді. Ішкі қолданысқа арналған әдебиетте жаңа мүшені тарту барысында қолданылмайды. Бұл ағым жайлы ақпаратты жасырып қалу үшін қолданылады.
Деструктивті діни ағымдардың әлеуметтік және отбасылық өмірге келтірер зардаптарын жеке тұлғаның мысалында қарастыруға тырыстық. Өз отбасыңыз бен жақындарыңыздың саулығы мен амандығын тілесеңіз деструктивті діни ағымның мүшесі болғаннан көрі мәселені шешудің басқа да жолдарын қарастыруыңыз жөн болмақ.
Мақала соңында Тимоти Лиридің5 зерттеулеріне негізделген деструктивті діни ағымдардың қызметінінен сақ болудың үлгісін көрсетеміз. Яғни:
– Абай болыңыз! Деструктивті ағым мүшелері сізге «Step by step» тәсілін қолданады. Сіз олардың кішігірім көндірулері барынша үлкен мәселелерге ұласатынын білмеуіңіз мүмкін. Сол себепті, ойыңызға күдік ұялататын бір мәселелеге көңіл аударсаңыз бірден полицияға хабар беріңіз!
6 тарау. Діни және құқықтық сауаттылықты көтеру
Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. Абай.
Дін мәселесіндегі құқықтық мәдениет діни сауаттылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Аталған аспект қалың көпшілікке елдегі діни қызмет саласындағы заңнамалардың жұмыс істеу тетіктерін түсіндіруге, оларға діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін жеткізуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық-насихат топтарының діни-құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бағытындағы қызметін ұйымдастыру барысында келесідей тақырыптарды пайдалану ұсынылады:
Қазақстанның мемлекеттік құрылысының зайырлылығы және құқықтық сипаты туралы;
дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы;
соған сәйкес мерзімдегі өзгерістерді ескере отырып, діни қатынастар саласын реттейтін нормативтік-құқықтық база туралы;
әділет органдарында тіркеуден өткен діни бірлестіктер мен олардың еліміздегі қызметі туралы;
тіркеуден өтпеген және деструктивтік сипатағы діни ағымдар туралы, олардың қоғамға төндіретін қатері жөнінде.
Әлемге танымал мұсылман дінтанушысы әл-Ғазали діни білім туралы былай дейді: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы-екенін айтып кеткені бар. Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы мәселе тұр. Сондай-ақ, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып, мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, еңбектері, дін ғұламалары жайлы білуі керек.
Біріншіден, сауаттылық мәселесі. Яғни діни сауаттылықтың өте төмен болуы. Екіншіден, әлеуметтік жағдай. Материалдық жағынан дұрыс қамтылмаған кедей, мемлекеттен үмітін үзген отбасыларды материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы өздерінің қатарына қосып жатқандығын айтуға болады. Әрине, елдегі барлық адамды материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Бірақ елді діни сауатты етуге болады. Қазіргі діни рәсімдер жасалатын орындарға баратын болсақ, ол жердегілердің басым көпшілігі жастар. Дінге деген жастардың қызығушылығы күннен күнге артып келе жатыр. Енді сол жастарымызға дұрыс бағыттағы діни білім және тәрбие беретін ата-аналардың діни сауатылығының жоқтығы ащы болсада өмір шындығы. Сондықтан жастарымыздың діни сауатын ашу қазіргі кездің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
7 тарау. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу
Экстремизм – күш қолдану, өшпенділік, араздықты қоздыру және терроризм арқылы көрініс табатын шетін көзқарастар мен әрекеттерді ұстануды білдіреді.
Дін атын жамылып қызмет атқаратын экстремистік ұйымдардың мақсаты - мемлекеттің ішкі бірлігін бұзу, діни негіздегі алауыздықты тудыру, конфессияаралық қатынас саласында тайталастық отын тұтату және қоғамды құлдырату.
Экстремизмге қарсы iс-қимыл – ол мемлекеттiк органдардың:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға;
конституциялық құрылыс негiздерiн экстремизмнен қорғауға;
елдің тұтастығы мен ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз етуге;
экстремизмнің алдын алуға, анықтауға, жол бермеуге және оның зардаптарын жоюға;
экстремизмнің іске асуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызметi.
Терроризм – күш қолдану идеологиясы және тұрғындарды үрейлендірмен байланысты күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау арқылы немесе қоқан-лоққы жасау жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал етуі және тұлғаға, қоғамға және мемлекетке зардап тигізу тәжірибесі.
Терроризмге қарсы іс-қимыл - мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының келесідей бағыттардағы қызметі:терроризмнің алдын алу;террористік іс-әрекеттерді анықтау, жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу;шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық сүйемелдеу, апаттық-құтқару және өртке қарсы іс-шаралар өткізу, террористік әрекетке ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуін және экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, террористік актінің салдарынан зардап шеккен және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды әлеуметтік оңалту, терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдардың моральдық және материалдық зардаптарын өтеу арқылы терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою.
Құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихат және басқа да жұмыстар жүргізу жүйесінен тұратын алдын алу шаралары - қоғамдық ортадағы экстремизм және терроризм көріністерімен күресудегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Дін саласындағы алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындардың кең әлеуметтік топтарын, оның ішінде бірінші кезекте қоғамның жас буынын мейлінше қамту аса маңызды. Тұрғындардың аталмыш санаты жастық ерекшеліктеріне және әртүрлі әлеуметтік мәселелерге байланысты идеологиялық алдар-арбауларға шалдығуға, түрлі сипаттағы әлеуметтік ортадан жырақталған және қылмыстық топтардың теріс ықпалына бой алдыруға бейім келеді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарының негізгі тақырыптарын төмендегі ақпараттар құрай алады:
экстремистік діни ағымдар мен террористік ұйымдар туралы;
өздерінің әрекетін дін атын жамылып жүзеге асыратын экстремистік және террористік ұйымдардың деструктивті идеологиялары туралы;
дін атын жамылып әрекет ететін діни экстремистік және террористік ұйымдардың тұлғаға, отбасына, қоғам мен мемлекетке төндіретін қауіп-қатері туралы;
дәстүрлі емес діни ұйымдардың өз ұстанушыларының өмірі мен денсаулығына тигізетін психологиялық ықпалы туралы;
заманауи әлемнің өткір мәселесі ретіндегі діни экстремизм мен терроризм туралы;
Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары туралы.
Қорытынды
Біздің ата бабаларымыз дінді тереңінен зерттеп мол тағылымын өзінің салт санасына, дәстүріне сіңіре біліп өзінің ұрпақтарына ана сүтімен, тәлімі мол істерімен дарыта білген. Қазақ халқының салт санасы, дәстүрі, құран ілімін терең меңгерген ғұлама, данышпандарымыздың нақыл сөздерінің, халық даналығының барлығы адамды бауырмалдыққа, мейрімділікке, инабаттылыққа, кішіпейілділікке т. б. жақсы қасиеттерге үйретеді. Мысалы: «Ата ананың қадірін білмеген халық қадірін білмес», «Ары жоқтың ақылы жоқ», «Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста , сонда толық боласың елден ерек» – дейді Абай атамыз.Ұлы Қытай ғұламасы Конфуций «Өзің ұнатпағанды өзгеге істеме» десе Пайғамбарымыз хадисінде: « Өзіңе не тілесең, әуелі оны басқалар үшін қыл», ал қазақ атамыз «Өзі түгіл дұшпанына жамандық тілемеуді» ұрпағына аманат еткен. Абай атамыз «Алланың адам баласына дінді түсірудегі мақсаты – құлдарының жолдан адаспауы үшін, бір бірімен ізгілікте, татулықта өмір сүрулері үшін болды» дейді. Осыған дәлел Ұлы ақын Шәкәрім қажы былай дейді.
Әлемдегі діндердің түп мақсұты,Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,Оны бөліп, дұшпандық қару жасар.Інжіл, Құран бәрі айтып тұрса дағы,Мағынасына адасып қара басар.Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,Дін десе білімділер тұра қашар.Ешбір дін өйтіп дұспан бол демейдіҚанеки бұл сөзіме кім таласар? Деп тұжырым жасайды.Қазақта мынандай сөз бар «Таза ақылмен таппаған дін, шын дін емес, жындылық» – деген.
«Деструктивті діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері»
тақырыбын біз жоғарыдағы қанатты сөздермен қорытындыласақ дейміз. Зерттеу әдістері көп болғанымен дін туралы мағлұматтардың қайсысы дұрыс қай мағлұмат бұрыс екендігін біле алмай қиындық туғызды. Сондықтан біздің ұсынысымыз: Қазіргі жастардың қолына кітап алып оқитыны жоқтың қасы . Жастардың барлығы әлеуметтік желілерден көп ақпарат алатындықтан , дін саласындағы заңдастырылған бір ғана сайт ашылса , басқа дін туралы мағлұматтардың салынуына тиым салынса, қазақ жастары Деструктивті діни ағымдар туралы ой - санасын өрістетер еді , деп ойлаймыз.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Алға ауылының
№34 М.Смағұлов атындағы орта мектептің
9 – сынып оқушылары Касенбай Дильназбен Аманбай Фаризаның
«Деструктивті діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері»
тақырыбына орындалған шығармашылық жобаға
Пікір
Жобаның авторлары қосымша деректерлер арқылы тақырыптың мағынасын ашып қарастырған. «Деструктивті діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері» тақырыбын ашу үшін, әлеуметтік желілердегі сансыз мағлұматтарды дұрыс пайдалану үшін мешіт имамымен бірлесе жұмыс жасағандықтарын оқушы тапқырлығы деп ойлаймын. Өз әдістерінің арқасында ғылыми жобада дінді зерттеу жолдары өте тиімді деп ойлаймын.
Жоба барысында автор өздігінше жұмыс жасап, жақсы белсенділікпен қызығушылық танытты.
Жоба оқушының жас ерекшелігіне сай, ескере келе ғылыми тұрғыда маңызы бар дүние деп бағалаймын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Назарбаев Н.Ә. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде сөйлеген сөзі. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің «ІІ сьезі». –Алматы, 2006. – 147 б.
Онлайн республиканского режима // Свобода Слова. – 2011. - №34. - 29 сентября.
Құнапина Қ. Дінтану негіздері. (Әдістемелік құрал). - Алматы, 2009. – 183 б.
Есім Ғ. Дінтану негіздері (оқулық). – Алматы: «Білім», 2010. – 241 б.; Аманбеков Т. Діни білім-тәрбие бастауы // Интернет сайтынан; Әбдіәкімов Ә. Рухани тәрбие адам мен қоғам дамуының бастауы болуы тиіс // Айқын. – 2009. - №78; Мансұров Н. «Мектепте» Дінтану негіздері» пәнін кім оқытады?» // Жас қазақ үні. - №42. – 2009.
Нұсқабаев Ш. Дінтану сабағының тәрбиелік мәні // Қазақ тарихы. – 2010. -№6. - 46-47 бб.