Ашы?т??ымдыларды? жалпы сипаттамасы.6 сынып


Күні: 26.01Сынып:6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ашықтұқымды өсімдіктерің жалпы сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы туралы білім беру.
2.Дамытушылық: Биология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.
3. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайд.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, зертханалық жұмыс
Сабақ өту әдісі: Баяндама, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі (1 мин): Сәлемдесу, түгендеу.
II Үй тапсырмасы ( 7 мин): 
Сұрақ – жауап
Қандай споралы өсімдіктерді білесіздер?
Қызыл Кітапқа енген қырықжапырақтыларды атаңыз.
Қырықбуынның қанша түрі бар?
Қырықбуынның қандай жерүсті өркендері бар?
Плаун қандай жерлерде өседі?
Плаунның құрылысы қандай?
Плаундар қандай жолдармен көбейеді?
Плаундардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Ашық тұқымдылар , жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) – тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А. т-дың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары жатады. А. т-ға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А. т. – ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. А. т-дың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай , самырсын , шырша, т.б.) шаруашылыққа маңызы зор.
IV.Бекіту тапсырмалары:
І. Терминмен жұмыс:
Сүрек- ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі
Дің- ағаш сабағы
Қылқанды- жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір
“Бүржидек”-бүр жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас
Бір үйлі- аталығы мен аналығы бір өсімдікте орналасқан.
Екі үйлі- аналығы бір өсімдікте, аталығы екінші өсімдікте орналасқан
ІІ. «Кім жылдам?»сәйкестендір:
Споралы өсімдіктер Мүктер
Қарағай
Шырша
Зеравшан аршасы
Мыңжылқы қырықжапырақ
Арша
Далалық қырықбуын
Секвойя
Шоқпарбас плаун
Туйя Ашықтұқымдылар
ІІІ.№20 зертхааналық жұмыс.
Ашықтұқымды өсімдіктердің сыртқы құрлысы.
Құрал - жабдықтар: кеппешөптер, ұлғайтқыш құрал, сызғыш.
Жұмыстың барысы:
1.Кеппешөп бойынша ашықтұқымды өсімдіктердің қабығын, бұтақтарын және жапырақтарын қараңдар.
Тамыры Сабағы Жапырағы Бүрдің орналасуы Қылқанның ұзындықтары 2.Әртүрлі ашықтұқымдылардың қылқандары мен бүрлерінің орналасуына қарап, суретін салыңдар.
3.Қылқанның ұзындығын өлшеп дәптерлеріңе жазыңдар.
Қорытындылау.
VI.Дарынды баламен жұмыс:
1.Қарағай
2.Шырша
3. Самырсын
VII.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс:
«Дұрыс па, бұрыс па?»
1.Ашықтұқымдылар ең ежелгі топ. 2.Тұқым қорғанышсыз, қабыршақты түрде жабық орналасқан. 3.Ашықтұқымдылар - сүректі, яғни ағашты өсімдіктер. 4. Гүл түзіп, жеміс береді, бірақ бүр түзбейді. 5.Ашықтұқымдылар: самырсын, қарағай, шырша. 6.Кәдімгі аршадан бал алынып, мармелад жасалынады. V. Бекіту:
Ашықтұқымдылар
Кездесетін орны
Құрлысы түрлері маңызы
Сауалнама
1.Секвоя өсімдігін ғылымға кім енгізген және қай жылы а) 1847ж Луна Гани б) 1847ж Фридрих Эндлихер  с) 1847ж Арчибальд Менинез д) 1847ж Плиний 2. Ашық тұқымдылардың көбею мүшесі а)жанама тамырлары б)бүрлері с) вегетативті сабақтары д)өсімдік бүршіктері 3. Ашық тұқымды өсімдіктер- а) аналық бүрлердің тұқым бүршіктері жабық тұрады 
б) көпжылдық мәңгі жасыл өсімдіктер с) жанама тамырлар арқылы тарайды  д) көпжылдық жемісті өсімдіктер. 
4.Қандай өсімдіктерді ашық тұқымдылар деп атайды? а) тұқыммен көбейеді, жеміс түзбейді  б) тұқымы жеміс ішінде орналасады с) тұқыммен көбейеді, жемісі шырынды  д) гүлдеу арқылы дамиды 5. Діңінің жуандығы 15см,биіктігі 10м жететін ашықтұқымды а) Жатаған шырша (шренк шыршасы) б) Қос масақшалы қылша  с) Секвоя д)Самырсын 6.Жапырақтары- а) жай жапырақ б) саусақ салалы с)ине тәрізді д) үшқұлақты 7.Қазіргі кезде ашық тұқымдылардың нешеге жуық түрлері белгілі а)700 б)500 с)650 д)600 
Жауап:1 б; 2 б; 3 б; 4а; 5 а;6 с; 7 с
VII.Үйге тапсырма: Ашықтұқымдылардың маңызы туралы қосымша мәліметтер әкелу.