?осмекенділерді? жалпы сипаттамасы атты ашы? саба? жоспары (7 сынып)


«Қоңыр орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
КММ, биология пәнінің мұғалімі:Канабеков Сымбат Муратаевич
Биология: 7-сынып.
Тақырыбы: Қосмекенділер класының жалпы сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты: Қосмекенділер класына сипаттама бере отырып, бақаның сыртқы және ішкі құрылысы, оның тіршілігі, жылдық тіршілік циклы, қоректенуі, көбеюі және дамуы туралы, қосмекенділердің түрлері, дернәсілдердің балықтарға ұқсастығы туралы түсіну.
Сабақтың түрі: танымдық, жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдістері: әңгіме - сұхбат, топтық жұмыс,интерактивті тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс, кітаппен жұмыс.
Оқыту технологиясы: СТО,АКТ стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Биология 7 сынып, “Қосмекенділердің ішкі құрылысы” таблица, “Бақаның ішкі құрылысы” видео, маркер,түрлі-түсті шарлар, плакат,т.б.
Сабақ кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Психологиялық дайындық.
ІІІ.Қызығушылықты ояту
ІҮ.Мағынаны тану
Ү.Ой-толғаныс (рефлексия)
ҮІ.Үйге тапсырма
ҮІІ.Бағалау.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу.Түгелдеу. Зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Психологиялық дайындық: «Түрлі-түсті шарлар» тренингі. Оқушылар бір-біріне түрлі-түсті шарларды бере отырып, жақсы тілектер айтады.
Сыныпты топқа бөлу: сары, қызыл, жасыл түсті шарларды таңдау арқылы сыныпты үш топқа бөлемін.
1 топ: Баяндаушы топ: жаңа тақырыпты баяндап береді.
2 топ: Түсінік беруші топ: жаңа тақырып ішіндегі жаңа сөздіктерге түсінік береді.
3 топ: Ізденуші топ: қосмекенділер жөнінде қосымша материалдар жинақтайды.
ІІІ.Қызығушылықты ояту. «Қосмекенділер туралы» видео көрсету.
Қосмекенділер туралы не білетіндерін сұрау.
Жаңа сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау.
ІҮ.Мағынаны тану: Әр топ жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгеріп, постерлерін қорғайды.
Сергіту сәті:
Топтық жұмыс:
а) Бақаның даму жолдарын ретімен орналастыру керек.
Уылдырық- Ересек бақа- Құйрықты итшабақ- Ұрықтанған уылдырық- Дернәсіл- Құйрықты бақа
ә) «Биологиялық пошта» ойыны :
Қосмекенділерге тән қасиеттерді бір конвертке жинау керек.
Сабақты қорытындылау: «Бір айналым сөйлем» стратегиясы.
Жаңа тақырып бойынша түсінгенін әр оқушы бір сөйлеммен айтып шығады.
Ой-толғаныс (рефлексия): «Бағдаршам» әдісі. Тақтада ілінген бағдаршамның суретіне стикерларды жапсырады.Жасыл түс- жақсы түсінгенін, сары түс- әлі де оқу керектігін, қызыл түс- түсінген жоқпын дегенді білдіреді.
Үйге тапсырма: § 53 оқу, сөзжұмбақ, ребус құрастыру
Бағалау: бағалау парақтары беріледі, топтағы екі бала бір-бірін бағалайды.