Конспект урока по тему Сутек: химиялы? элемент ж?не жай зат.Сутекті? изотоптары
Тексерілді_____________
Сыныбы:8 «А,Ә,Б»
Күні:
Сабақ тақырыбы:Сутек:химиялық элемент және жай зат.Сутектің изотоптары
Мақсаты:Оқушыларды сутегінің химиялық қасиеттерімен таныстыру. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш ұғымдарын қалыптастыру. Экологиялық таза отынның маңызын айту.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Сутек:химиялық элемент және жай зат.Сутектің изотоптары түсініп алуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Химиялық элементтердің ішіндегі сутегі туралы толық меңгереді,жіктейді,ажыратады.
Тәрбиелік:Топпен жұмыс істеуге,бірін-бірі тыңдауға,ұжымдыққа ,жеке ойын білдіруге үйретемін.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Периодтық кестедегі топтар бойынша оқушыларды санатып топқа бөлу,амандасу,түгендеу
Қызығушылықты ояту:1-2-3 ББҮ стратегиясы
Дәптермен жұмыс
Білемін Білгім келеді Үйрендім
1. Магний мен тұз қышқылының арасындағы химиялық теңдеуін жаз. Суды ығыстыру арқылы сутегіні жина. 2. Мырыш пен күкірт қышқылын әрекеттестіріп, сутегі алындар. Химиялық реакция тендеуін жаз. 3. Ауаны ығыстыру арқылы сутегіні жина. 4. Сутегіні екі түрлі жолмен алып, реакция тендеулерін жаз. 5. Хлорсутегіндегі сутегінің массалық үлесін есепте.
Тәжірибе: а/ сутегінің оттегінде жануы; ә/ Сутегінің тазаағанын тексеру; б/ Сутегінің ауада және оттегінде жануы; Судың түзілуі. Жасалған тәжірибелерден шығатын қортынды: Сутегі –жанғыш зат оттегімен қосып жандырғанда қопарылыс береді. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойамыз: Сутегі күрделі заттың құрамында оттегімен әрекеттеседі ме ? Құрамында оттегі бар қандай күрделі заттарды білесіндер? Оқушылар столында мыс оксидінің /ІІ/ қара ұнтағы бар. Сутегімен әрекеттескенде қандай заттар түзілетінін табу үшін орын бсу реакциясын еске түсіру керек. Реакция нәтижесінде мыс бос күйінде бөлінеді . Бұл жерде –тотықтырғыш. Тотықтырғыш ұғымын түсіндіреміз. Тәжірибені жүргізу барысы айтылып түсіндірілгеннен кейін оқушылар зертханалық жұмыс жүргізіледі /оқулық, 113 –бет, 11 –жұмыс/. Реакция теңдеуін құрастырады. Мыс оксиді жоқ болса, темір /ІІ/ оксидін Ғе2О3 алуға болады. Темірдің пайда болуын магнитпен тексереді. Жаңа сабақты оқушылар сутегінің химиялық қасиетімен таныса отырып, мына байланыстарды түсінуі керек.
Металл оксиді + сутегі →металл + су
Бейметалл + сутегі →күрделі зат
Сутегінің қолданылуын түсіргенде мына рекция оқушылардың есіне түсіреді:
2Н2+О2= 2Н2О+ 571,6кДж
Сутегі жанғанда көп энегргия беріледі, осы қасиеті неге байланысты? Сутегін таза отын ретінде қолдануға болады. Сутегінің қолданылуы оның қасиетіне байланысты екенін ескере отырып, мынадай кестені ұсынуға болады.
Мағынаны ашу:
Сутегінің қолданылуы мен қасиетінің арасындағы
байланыстық
Сутегінің қасиеті Сутегінің қолданылуы
1.Өте жеңіл газ
2. Оттегінде жануы /жалынның температурасы 2500°C/
3.Бейметалдармен қосылуы /мысалы, хлор, азот/
4.Металдарды тотықсыздандыру: WO3+3Н2=W+3Н2О Атмосфераны зерттеу үшін шарзондтар толтырылады
Металдарды қосу, отын ретінде ерекше құрылысты іштен жану двигательдерінде қолданылады
Қышқылдарды алу /мысалы, тұз қышқылы/, аммиакты /NH2/ және азот тыңайтқыштарын алу үшін
Кейбір металдарды алу үшін
Ой толғаныс:1-2-3 топтарға
Сабақты пысықтау мақсатында тапсырмалар беру:
, 1. 1. Төмендегі заттармен оттегінің арасындағы реакция теңдеулерін жазыңдар: а) темір (III); ә) күкірт (IY); б) көмір (IY); в) (Y). Реакция нәтижесінде түзілген күрделі заттың атын ата; химиялық реакция типін көрсет, реакция жүру жағдайын атаңдар.
Осындай тапсырманы карточкамен оқушыларға жеке-жеке берүге болады.
Мысалы: 1) мыс (Cu) оттегінде жанғанда мыс (II) оксиді (CuO);
2) кремний (Si) оттегімен әрекеттескенде кремний (IY) оксиді (SiO2 );
3) металл (Ca) оттегінде жанғанда кальций оксиді (CaO);
4) магний ауада жанғанда – магний оксиді;
5) натрий ауада жанғанда ақ ұнтақ-натрий оксиді Na2O түзіледі;
6) сутегі(H)мен оттегінің қоспасын жандырғанда қопарылыс береді де,су пайда болады.
Бұл тапсырмаларға жауап беру барысында оқушылар оттегінің химиялық қасиетін еске түсіреді, реакция жүру жағдайларын, шартты белгілерін айтады. Қосылу реакциясының мәнін түсінуге реакция теңдеуін жазуға, валенттілігін, коэффициенттерін дұрыс қоюға дағдыланды. Бұл тапсырмалар өткен сабақпен қалыптастырылғалы отырған жаңа ұғымдарды байланыс тырады.
Үйге тапсырма. §31. 3,4,6 –жаттығулар. Темір /ІІ/, алюминий АІ, литий /Lі/ металдармен тұз қышқылын арасындағы реакция теңдеулерін жазындар.