К?кірт ж?не оны? ?осылыстары


Тақырыбы: Күкірт және оның оксидтері,күкірт қышқылы
Сабақтың мақсаты: білімділік күкірт және оның қосылыстары-
мен танысу, ерекшеліктері,қолданылу аясын
зерттеу
дамытушылық-теориялық білімдерін практикада
қолдана білу,химиялық реакция теңдеулерін
жазуды,зертханада жұмыс жасау дағдыларын
жетілдіру
тәрбиелік табиғи қорларды сақтай білуге, өзінің
және өзгенің өміріне деген жауапкершілікке,
заттарды орынды қолдануға, ұқыптылыққа
Сабақ типі: қорытындылау сабағы
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Сабақта қолданылатын әдістер: сөз- көрнекілік
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, тәжірибиелер, электрондық оқулық
Пәнаралақ байланыс: география, биология, тарих
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру (реферат)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
+16 S ))) 1S2 1S2 /2S22р6 / 3S2 3 р4 (р+ =16,п0 =32-16=16 ) е- =10
286
Жер қыртысындағы массалық үлесі -0,1 %
Аллотропиясы: кристалдық (8 атом)
иілгіш (п атом)
Қосымша ақпарат:
Кім ашқаны белгісіз.4 мың жыл бұрынғы египеттіктер жазбаларында кездеседі.900 жыл бұрынғы Гомер шығармаларында Одессей жорықтан келгенде күтушісіне “Маған үйді шайтаннан аластайтын күкірт пен от әкел ”-деп бұйырады.
Араб химигі Гебер күкірт алтыннан басқа металдармен қыздырғанда
әрекеттесетінін айтқан.
Демеркуризация реакциясы деп аталады.
S + Hg =H g S
Тәжірибе: (видео көрініс «Сынаптың күкіртпен әрекеттесуі»)Электрондық оқулық 9 сынып «Химия» ТОО «Просвещение- Казахстан» 2004 жыл
Күкірт қосылыстары:
S O2 (ІҮ) оксиді –түссіз, өткір иісті газ.Көп мөлшері ( ауада 0,03 % болса) адамды уландырады. Ол мата мен қағазды ағарту үшін және дезинфекциялық зат ретінде медицинада, ветеринарияда, көкөніс, жеміс қоймаларын зарарсыздандыруға қолданылады.
S + O2 = S O2
Тәжірибе: (видео көрініс «Күкірт (ІҮ) оксидінің өсімдіктерге әсері»)
S O3 (ҮІ) оксиді немесе күкірт ангидриді деп аталады. Ол алғашында ақ түтін түрінде түзіліп, қыздырғанда біртіндеп сұйыққа айналады.Егер ылғалды жерде ұзақ сақталса, қатты мөлдір , мұз тәріздес кристалдар түзеді.
2S O2 + O2 = 2S O3
Қосымша ақпарат:
Адам ағзасында тырнағы мен шашында күкірт кездеседі, сондықтан олардан күйдіргенде иісінен байқалады.
H 2S күкіртсутек қышқылы - шіріген жұмыртқаның жағымсыз иісі бар, ауадан ауыр, түссіз газ.Нәруыз шіріген кезде әрдайым күкіртсутек түзіледі, ұнамсыз иіс осыдан пайда болады.
H 2 + S =H 2S
Тәжірибе: (видео көрініс «Күкірттің сутекпен әрекеттесуі»)
H 2S O3 күкіртті қышқылы – тұздары сульфит
S O2 + H 2 O =H 2S O3
H 2S O4 күкірт қышқылы-өсімдік майы тәрізді , тұтқыр келген түссіз ауыр сұйықтық.Күкірт қышқылы бөлме температурасында ұшпайды, сондықтан иісі жоқ.Қышқылдың ерітіндідегі мөлшері 70%-тен жоғары болса, концентрациялы қышқыл деп аталады. Тұздары сульфат
S O3 + H 2 O = H 2S O4
S O3 +H 2S O4 = H 2S2 O7 олеум
Тәжірибе: «Қышқылдардың индикаторға әсері »
3 сынауыққа құйылған түссіз сұйықтықтар беріледі.Индикатор арқылы анықтау қажет.
Қышқылдардың индикаторға әсері
Индикаторлар Қышқыл Сілті Бейтарап
Лакмус қызыл көк күлгін
Метилоранж қызғылт сары алқызыл
Фенолфталеин түссіз таңқурай түссіз
Тәжірибе: «Қышқылдардың белсенді металдармен әрекеттесуі»
Сұйылтылған күкірт қышқылына мырыш түйірін салып, сутек көпіршіктерінің бөлінгенін байқау.
1865жылы Н.Н.Бекетов металдардың кернеулік қатарын ашады.
Күкірттің қолданылуы:
Кальций гидросульфитін қағаз өндіруде, қалайы сульфидің сәулет өнерінде, кальций сульфатын медицинада, шикізат ретінде,ветеринарияда, тоқма өнеркәсібінде жүн және жібекті ағартуда, металлургияда, қопарылғыш заттар алуда және т.б.
Қосымша ақпарат
Бразилияда ерекше гевея ағашы өседі.Ол ағаштан шырын алынады.Шырын құрамы жағынан каучукке ұқсас ақ түсті сұйық зат. “Каучук” сөзі – “као”- “ағаш”, “чао” – “көз жасы” деген мағынаны береді.
Каучук + күкірт (аз мөлшерде)= резеңке
Каучук + күкірт (көп мөлшерде) = эбонит
ІҮ.Дәптермен жұмыс
Тапсырма
№1.Күкірт қышқылының сапалық реакциясы
№2.Реакция теңдеуін жүзеге асыр:
S → SO2 → SO3 → Н2SO4 →Са SO4
↓ ↓ ↓
Н2S Mg SO4 Ва SO4
№3. 67,2 л күкірттің (ІҮ) оксидің су буымен әрекеттестіргенде түзілетін күкірт қышқылының массасын табыңыздар.
Ү.Сабақты бекіту «Ия, жоқ» әдісі
Таза күкірт сары түсті
Тірі ағзада күкірт болмайды.
Күкірттің 2 аллотропиясы бар
“Күкірт – химия өнеркәсібінің наны”
Күкірт тек ІІ валентті
Күкірт қышқылы лакмусты қызыл түске бояйды.
Күкірт қосылыстарының барлығы улы заттар.
Күкірт резеңке өндірісінде қолданылады.
Күкірт қосылыстары сарымсақ иісті
Таза күкірт суда ериді.
ҮІ.Үй тапсырмасы:
§ 12-14 49-64 беттер қайталау
№3,№8 есептер шығаруға
ҮІІ.Оқушыларды бағалау