Презентация химия п?нінен к?кірт ж?не оны? ?осылыстары 9 сынып
Еңбекші орта мектебі Химия пәні мұғалімі:Атейхан Гулдари Тақырыбы:“Күкірт” Күкірт Химиялық таңбасы S.Реттік нөмірі 16.Салыстырмалы атомдық массасы 32.Ол III периодта орналасқан.Күкірт-оттекпен бір топшада орналасқан маңызы бар зор бейметалл. Физикалық қасиеттері Күкірт оңай ұнтақталады және суда ерімейді.Бірақ органикалық еріткіштерде (бензин,спирт т.б.) аздап ериді.Сары түсті күкіртті суға салсақ,оның бетіне қалқып шығады.Күкіртті одан әрі қыздырса,қоңыр түсті буға айналады. Химиялық қасиеттері Күкірт бейметалдармен де,металдармен де жақсы әрекеттеседі.Күкірт кейбір металдармен бөлме температурасында әрекеттесе береді.Мысалы,сынаппен әрекеттесіп,сынап сульфидін HgS.Күкірттің осы қасиетін лабораторияларда сынапты байқаусызда төгіп алғанда,сынапты зарарсыздандырып,жинап алу үшін қолданады. Заттарды ағарту Тағамдарды сақтау Тұз,қышқыл алу Көкөнәс қоймасын ыстау SO2 HSO Минералды тыңайтқыштар Бояу дәрі өндіру Жуғыш заттар өндірісі Мұнай өнімдерінтазарту Металлургия Өнеркәсібі Күкірттің қосылыстары Күкіртсутек.Күкірт сутекпен ұшқыш қосылыс-күкірт сутек түзеді.Физикалық қасиеттері Күкіртсутек-шіріген жұмыртқаның жағымсыз иісі бар,ауадан ауыр,түссіз газ.Нәруыз шіріген кезде әрдайым күкіртсутек түзіледі,ұнамсыз иіс осыдан пайда болады. Күкіртсутек-өте улы газ. Күкіртсутек суда нашар ериді. Химиялық қасиеттері Күкіртсутек-ауада көгілдір жалын шығарып жанады.Бұл кезде күкірт (IV) оксидінің иісі сезіледі,жалынның үстіне бекітілген суық құтының қабырғасында су тамшылары пайда болады. Күкірт оксидтері Күкірт екі түрлі оксид түзеді:күкірт (IV) оксиді SO және күкірт (VI) оксиді SO.SO-күкірт (IV) оксиді (күкіртті газ деп те аталады),түссіз,өткір иісті газ.Көп мөлшері адамды уландырады.Ол мата мен қағазды ағарту үшін және дезинфекциялық зат ретінде медицинада,ветеринарияда,көкөніс,жеміс қоймаларын зарарсыздандыруға пайдаланады.Тоқыма өнеркәсібінде жүнді,жібекті ағарту үшін қолданады.Күкірт (IV) оксиді металлургиялық зауыттардың түтінінде көп болады.Оны арнайы сүзгілердің көмегімен ұстап,күкірт (VI) оксидіне айналдырады.Күкірт (IV) оксиді суда өте жақсы ериді.Күкіртті қышқыл-әлсіз қышқыл,ол ашық ыдыста болса,біраздан кейін “әлсірейді”,себебі одан күкіртті газ буланып,ұшып кетеді. SO-күкірт (VI) оксиді немесе күкірт ангирдиді деп аталады.Ол алғашында ақ түтін түрінде түзіліп,қыздырғанда біртіндеп сұйыққа айналады.Егер ылғалды жерде ұзақ уақыт сақтаса,қатты мөлдір,мұз тәріздес кристалдар түзеді.Күкірт (VI) оксидін алу үшін күкірт (IV) оксидін өршіткі қатысында,жоғары температурада тотықтырады.Күкірт (VI) оксиді,негізінен,күкірт қышқылын алуға қолданылады.Күкірт (VI) оксиді SO-ұшқыш сұйықтық.Ол ауада “түтіндейді”. “Түтіндену”- күкірт (VI) оксидінің ауадағы су буымен қосылып,күкірт қышқылының ұсақ тамшыларын түзуінен болады.Оксидттердің екеуі де қышқылдық оксидтерге жатады.Сондықтан екеуі де негіздік оксидпен және сілті ерітінділерімен әрекеттеседі.Күкірт қышқылдың тұздары сульфиттер деп аталады.