Ашы? саба? Сутек — химиялы? элемент ж?не жай зат
Сабақтың тақырыбы: Сутек – химиялық элемент және жай зат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғата таралуын түсіндіру.
Дамытушылық: Ауа. Оттек. Жану тарауын қайталай отырып оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, СТО элементтерін қолдану.
Көрнекілік: Периодтық кесте, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу түгелдеу.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау. Алдыңғы сабақтармен байланыс.
«Күн шуақ» ойыны
Жай зат деген не?
Күрделі зат деген не?
Заттың күйі деген не?
Таза зат деген не?
Қоспа зат дегеніміз не?
Химиялық құбылыстар дегеніміз не?
Физикалық құбылыс деген не?
Оттек қандай элемент?
Оксид деген не?
Термохимиялық теңдеудің неше түрі бар?
«Мағынаны тану»
Мен судың арғы тегімін,
Серігімін оттек атты серінің.
Ежелден ең жеңіл газбын,
Оттекке қарағанда азбын.
1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,
Ғаламшарды 92 пайызбын.
Бармын газбен, көмір, мұнайда,
Болашақта өзім отын бола алам. (сутегі)
Жаңа сабақты меңгеру.
Сутегінің ашылуы
Сутекті алғаш XVI ғасырда неміс дәрігері Парацельс ашқан. 1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутектің қасиетін анықтап, басқа газдардан айырмашылығын анықтап берген.
Француз ғалымы А.Лавуазье сутекті алғаш судың құрамынан бөліп алды және судың құрамы сутектен оттектен тұратындығын дәлелдеді. Ол сутектің жай зат екенін анықтап, оған «гидрогениум» деп ат берген. Латынша бұл «су тудырушы» дегенді білдіреді.
Топпен жұмыс
Жаңа сабақты меңгеру (кітаппен жұмыс)
1 топ «Сутектің химиялық қасиетін»
2 топ «Сутектің физикалық қасиетін» жазады
Сәйкестік тест
Семантикалық карта
«Есептер сыры»
Н2О құрамындағы сутектің массалық үлесін есептеңдер.
2 моль сутек жанғанда түзілген судың зат мөлшері (моль)
«Алма жинау»
Бекіту
«Сұраққа жауап» жаттығу ойыны. Кеспе қағаздардың бірінші бөлімінде жауап, екінші бөлімінде сұрақ бар. Мұғалім кеспе қағаз берілген кез келген оқушыға баста дегенде – оқушы қағаздан сұрақтар оқиды. Осы сұрақтың жауабы кімде болса ол орнынан тұрып жауабын айтады да, әрі қарай өзінің қағазындағы сұрақты оқиды.
Үйге тапсырма
41, 42, 43 параграф , №3 – 4 есеп
Бағалау