Бaлaбa?шaдa ойын aр?ылы бaлaлaрды? c?здік ?орлaрын дaмыту жолы /баяндама/
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі
Баяндама
«Салауатты өмір салты негіздері»
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің аудандық
семинар-кеңесіне ұсынылған Баяндамашы: Жаңақала
ЖОББ мектебінің дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі А.А Губайдуллин
Жаңақала 2015
Құрметті: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері!
Баршамызға белгілі биылғы оқу жылынан бастап жалпы толықтай, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында оқытушыларымызға тың бастама «Салауатты өмір салтын насихаттаушы» міндеті жүктелуде, аталған бастама аясында іс-шаралар жоспары және әр мұғалімнің оқу жылында өткізетін сыныптан тыс шара яғни түрлі үйірмелер, жұмысы оқу жылы бойына өткізілетін түрлі спорттық-көпшілік жарыстар, жоспары мектеп директорымен кәсіподақ кеңесі,тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен бірлесе отырып әзірленді.Осы мектепішілік өткізілетін түрлі жарыстар оқушылар мен мектеп ұжым қызметкерлерінің бос уақыттарында салауатты өмір салтын ұстануына зор септігі тиері сөссіз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев <Қазақстан 2030>> стратегиялық даму бағдарламасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрқайсымыздын дене тәрбиесімен айналысымуызға,дұрыс тамақтануымызға,есірткілер мен алкогольді тұтынуды қойып ,тазалық пен санитария шараларын сақтаумызға бағытталған делінген.
<<Денсаулық –зор байлық,адам бақытының бастауы>>–дейді халқымыз.Ата бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық .Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсаумыз қажет.Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғи тартуы.Ол тұрақты,мәнгілікке берілмейді,үзбей өзгерісте болады.Оны сақтау үшін еңбек сіңіру,ауырмай тұрып іс-әрекет жасау керек.Оған нақты білім,ынта-ықылас,ерік –жігер,онсыз баянды,әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын.
Әлеуметтік- статистикалық мәліметтерге сүйенсек қазіргі кезде Қазақстан халқының,оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде.Тек,бір көрсеткіш –әсер қатарына шақырылған 50 % дене дайындықтарын нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарына қызмет атқаруға жарамсыз.Бұл қауыпты жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтар,дәрігерлерді,ғылымдарды шындап толғандыруда.
Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудың негізгі жолы салауатты өмір салтын қалыптастыру , кеңінен насихаттау болып отыр.Бұл тұрғыда Елбасымыз <<Қазақстан -2030>> cтартегиялық бағдарламасында <<Жеткіліті құралдар болмай тұрған жағдайда,ауруларға қарсы күрес,денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз-азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады>> -деп атап көрсетті.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсет ететін факторлардын 50-60 % өмір тіршілігіне , 20 %-тұқым қуалауышққа,20 % -сыртқы ортаның жағдайына,8-10% -дәрілік көмектін деңгейіне байланысты.Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты- салауатты өмір салтын қалыптастыруға,оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді.Салауатты өмір салтынының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор.Салауатты өмір тіршілігі-денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі,ол жан-жақты дамыгын азаматтық қалыптасуына оның рухани,дене дамуына әсер етеді.
Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі қимыл-қозғалыс деңгейі.Адам тіршілігіне ауа,су,тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстын да маңызы сонша,оны өмір сүрудің ең басты шартының бірі ретінде есептейді.Табиғаттын өзі адамның қолында физиологиялық теңдесі жоқ , денсаулық тәсілін беріп отыр,ол қимыл-қозғалыс , дене жаттығулары.Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына,жігеріне,әркімнің өз басына,жауапкершілігіне тікелей байланысты.Адам ағзасы атадан атаға ,бір адамның даму кезеңдеріне қимыл- қозғалыстың әсерінен қалыптасады.Қимыл- қозғалыстың аздығы (гипокенезия).
Қозғалыстың күрделі деңгейіне қарамастан,ол бір не өзге түрде кез келген тіршілік иесіне қатысты;табиғатта үнемі болу,оның пайдалы факторлары-таза ауаны,суды және күнді пайдалану.
Күн режимі қалай болса солай жасалынбайды,не біреудің белгілеуімен жүзеге асырылмайды.Ол адам ағзасында жүріп жатқан белгілі бір физиологиялық процестерді реттеп отыру үшін қажет.Бұл процестер (тыныс алу,жүрек қызметі,ұйқы,тамақты қорыту және басқалар) ырғақты түрде жүріп жатады.Ең белгілі ырғақ-ұйқы мен сергектіктің алмасып отыруы.
Ағзаның белсенді қызметі бірдей төмендейді де,кейін қайта көтеріледі.Бұл тұрақсыздық тәулік бойы жүріп жатады.Адам ағзасы миллиондаған жылдар бойы жердегі 24 сағаттық ырғақпен байланысқан осы тұрақсыздыққа қалыптасқан.
Бұл қалыптасулар дене температурасының,жүрек соғысы жиілігінің,қан қысымы деңгейінің және ағза жағдайының басқа да көрсеткіштерінің өзгеруінде көрініс береді.Барлық ағза мүшелері түнде демалады,ал күндіз олардың жұмыс қабілеті күшейеді.Адамның ақыл-ой қызметінің жұмыс қаблеттілігі де күні бойы өзгеріп отырады.
Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әрекеттеді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.