А?аш жа??асынан ??с жасау.


Жоңқадан құс жасау.

№ р\с Атауы Материал Саны Өлшемі
1. Қырлы ағаштар (брусшалар) Шырша, қарағай, жөке ағашы, терек. 2 Саны 200х 28х 14
Технологиялық карта
№ р\с Жұмыс түрлері Саны Сызба
1. Тақтайлардан дайындама жасауға арналған 2 ағашты іріктеп алып, үстін тегістеу. Саны
2. Ұзындық өлшемдері 200мм және әрқайсысы 28х14 ұяшығы бар дайындамаларды өңдеу Қолара, сүргі, сызғыш, шеберүстел, бұрыштық
3. Дайындаманың біреуінен қалып бойынша құстың тұлғасы мен басын кесіп, дайындау Пышақ, бәкі, балта.
4. Жұқа картоннан әзірленген қалып бойынша құстың құйрығын кесіп дайындау . Пышақ, бәкі, балта.
5. Өзге дайындамадан жұқа картоннан әзірленген қалып бойынша, құстың оң және сол қанаттарының қауырсындары кесіп алу. Пышақ, бәкі, балта.
6. Дайындамалардан бір- бірімен құрастыру үшін құрамаларды кесу. Қолара, қашау, сызғыш, қарындаш, ағаш балға.
7. Құстың қанаттары мен құйрығының жуандығы 1-1,5 мм болатын тілікшелерге тарамдау. Қанаттардағы тілікшелердің саны бірдей болуы қажет. Тілікшелерді кеспей , жаруға арналған жұқа пышақ(бәкі)

8. Құстың құйрығындағы қауырсындарын тарамдап жазу(үстіңгі қауырсындардан өзгелерінің бәрі оңға және солға бүгіледі және қауырсындар саны бірдей болуы шарт.) Дайындамаларды бүкпес бұрын 20 минуттай жылы суға малып қою қажет.
9. Құстың қанатындағы қауырсындарын тарамдап жазу(қанаттың үстіңгі қауырсындары жоғары көтеріледі және солға қарай бүгілген тұсы оң қауырсындардың жиегі төменгі қауырсындардың астына қарай бағытталады.) Сол жақ қанаттың қауырсындары оңнан солға қарай, ал оң жақ қанаттың қауырсындары солдан оңға қарай тарамдалады. Дайындамаларды бүкпес бұрын 20 минуттай жылы суға малып қою қажет.
10. Дайын қанаттарды құстың тұлғасына бекіту (желімнің көмегімен немесе ілгегі бар металл өзекке бекітіледі.) Желім, металл өзек,
( сабақ)