Су,ма?ызы,?асиеттері,?олданылуы та?ырыбына саба? жоспары


8 ә сынып Хайруллина Мария
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су, құрамы, қасиеттері, қолданылуы
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға судың химиялық құрамы, қасиеттері, судың тіршілік үшін маңызы, тиімді пайдалану жолдары жөнінде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы түсіндіру
ә) Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау арқылы жаңа білімді игеру іскерліктерін, шығармашылық қабілетін  дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше білімдерін тексеріп бағалауға, қоршаған ортаны  қорғауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға оқудың жаңа әдіс – тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, дамыту. Топтық жұмыста түрлі технологияларды пайдаланып, критерийлер бойынша өзін – өзі бағалау.
Рефлексия.
Ойлау құралдары: Оқулық, интерактивті тақта, флипчарт, ғаламтор материалдары.
Сабақтың барысы:
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ кезең. (топтық жұмыс)
Жаңа сабақты оқушылардың өз беттерімен меңгерулеріне жағдай жасау.
І қадам. Мәтінмен жұмыс:Инсерт
Теория бойынша «Білу»
Кім? Не? Кімнің? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен? Қашан? Қандай? деген сұрақтар төңірегінде мәтінді оқып танысады, басты ақпарат іріктеліп алынады.
ІІ қадам. Теорияны «Түсіну»
Неге? Неліктен? Не үшін? Дәлелдеу, түсіндіру төңірегіндегі сұрақтарға жауап беру мақсатында жұмыстанады.
«Иә», «жоқ» әдісі қолданылады
ІІІ қадам.Теорияны «Талдау».
Оқушылар флипчарт арқылы тақтаға реакцияны толықтырып жазады.
ІҮ-қадам.Практика жүзінде «Қолдану».Топпен жұмыстанады.
Мини-жоба қорғау
Есептер шығару
Ү-қадам. «Жинақтау». Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле деген тапсырмалар төңірегінде жұмыстанады.
ҮІ –қадам. «Баға беру». Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сұрақтарға жоғарыдағы алған білімдері бойынша жағдаяттарды шешуге бағытталады.
Рефлексия
Оқушылардысабаққа дайындау, бағалау парақшаларын беру.
«Көпір» тапсырмалары. Жұмбақ жасыру:
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
 Бiрақ тыныш тұрмайды.Сақтамасаң – қорын тек, Барша тiрлiк қурайды.(СУ)
Тақырыппен таныстыру,тақтаға жазу
1қатар: Табиғаттағы су, Судың құрамы, физикалық қасиеті
§36(94-96) §39(104-105)
2 қатар: Судың химиялық қасиеті,қолданылуы,маңызы
§40,41(105,108)
Ойлан.Жұптас.Талқыла
3-түйінді тап,көршіңмен бөліс

1 топ:1. Су молекуласының құрамына 2оттек,1 сутек атомы кіреді(жоқ)
2.Суда зат ерігенде түзілетін біртекті жүйе ерітінді деп аталады
( Иә)
3.Судың булануы-химиялық құбылыс (жоқ, физикалық)
4.Суды зарарсыздандыру үшін фторды қолданады(жоқ)
5Су мұзға айналғанда көлемі артады (иә)
2-топ:
1.Судың екі түрлі агрегаттық күйі бар(жоқ )
2.Су күрделі затқа жатады( ия )
3.Су металдармен әрекеттескенде оттек газы түзіледі.-жоқ
4.негіздік оксид сумен әрекеттескенде қышқыл шығады-жоқ
5.Сөндірілмеген әктің формуласы СаО-ия
Жоғалған формулалар
CaO+H2O=……
……+ H2O= H3PO4
Zn+ H2O=…..+H2
Na+……= NaOH+ H2
SO3+……= H2SO4
C+ H2O=…….+ H2
Na2O+……= NaOHІ-топ. Су-еріткіш:Суда әртүрлі заттардың –қант,тұз,құм ерігіштігін сынаңдар.Қорытынды шығарыңдар.
ІІ –топ. Судың үш күйі:Судың бір күйден екінші күйге өтуін тәжірибе жүзінде бақылаңдар.Қорытынды шығарыңдар.
ІІІ-топ.Су-реактив(судың жай заттармен әрекеттесуі)Судың кальциймен реакциясын жасаңдар,бақылаңдар,қорытынды шығарыңдар
ІҮ-топ.Су-реактив.(Судың күрделі заттармен әрекеттесуі)Судың кальций оксидімен әрекеттесуін жасап,бақылаңдар.реакция теңдеуін жазыңдар.
Есептер шығару.Жұптық жұмыс:Пилот және штурман
1.Судағы оттегімен сутегінің массалық үлесі қанша?
2.(оқулық №5 105 бет)
72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар?
3.Есептер жинағы 57бет №3-19
Су натриймен әрекеттескенде 4г сутек бөлінді.Реакцияға түскен судың массасын
табыңдар.
4.Есептер жинағы 57бет№3-20
Су мына металдармен :
А)1 г литиймен;
В)1 г кальциймен
Әрекеттескенде қай жағдайда сутек көбірек бөлінетінін есепте.
Топтық жұмыс:
1-топ.Судың химиялық қасиеттері тақырыбына тірек –сызба құрастыр(постер толтыру)
2-топ.Сандарды сөйлетіңдер (интертақтаға жазу)
3-топ.Мақалдарды аяқта
4-топ.Бүгінгі тақырып бойынша төрт жол эссе жазыңдар

Сенің ойыңша біздің ауылымызда су көздерінің ластануы орын алып жатыр ма?Оны болдырмас үшін сен не істер едің?
Кері байланыс:Білім мұнарасын құру
Оң қол:Менің түсінгенім...
Сол қол:Менің түсінбегенім....
Стикерге жазып қалдыру..
Екі жақты бағалау.Оқушылар өзін-өзі бағалайды.Мұғалімнің бағалауы.
Үйге тапсырма алады. §36,39,40,41.