?ыш?ылдарды? жіктелуі, алынуы, оларды? химиялы? ?асеттері 8-класс


Тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасеттері.
Мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың қышқылдардың химиялық қасиеттерімен таныстыра отырып, олардың индикаторға әсері және металдардың кернеу қатары туралы мағлұмат беру. Күделі заттардың жаңа өкілі қышқылдар, оның құрамы, қасиеттері арқылы жаңа білімдерді қалыптастыру.
Дамытушылық: химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, химиялық білімдерін одан әрі дамытып жүйеге түсіру, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: өз уақытын бағалауға үйрету, өздігінен талпынып, жауапкершілікті саналы сезінетін оқушыны тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақ әдісі: сыни тұрғыдан ойлау жобасы
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үй тапсырмасы
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасып, сынып түгендеу.
II. Үй тапсырмасын ойын арқылы сұрау
I-кезең. «Қызығушылықты ояту» (үйге берілген
тақырыпқа оқушылардың танымдық қызығушылықты, белсенділікті ояту).
Оқушылармен амандасқан соң, оларды тандаған колбалары бойынша
суда еритін, суда ерімейтін, амфотерлі негіздер деп 3 топқа
бөліп отырғызғасын топ арасында топ басшысын өзара сайлап
алды, әр кезеңде топ басшысы топтағы оқушыларға ұпай
қойып отырды .
3. топпенде үй тапсырмасын ойын ретінде сұралды.
1. « Сынарынды тап » ойыны
Партанын алдында ортасынан бөлінген 3 колбаны бердім оқушылар негіздің өзіне сәйкес форма құрастырып интерактивті тақтаға формуласын жазып, атауын, халықаралық, техникалық атауын айтып жалпы түсінік береді.
2. « Қай топ зерек » ойыны.
3 топқада карточкаға беріп олардын ішіне негіздердің алынуына сәйкес реакция теңдеуін ауызша не жазбаша жаздым.
3. « Қай топ шапшан » ойыны.
Әр бәр топқа негіздердің химиялық қасиеттеріне байланысты реакция теңдеуі берілген карточкамен бірдей теңдеу жазылып беріледі, 3 топтан қай топ бірінші болады сол топтың бір оқушысы тақтаға шығып жазады соған сәйкес химиялық қасиетің түсіндіріп береді.
III. Жаңа сабақ түсіндіру.
II – кезең. « Мағнаны ашу »
Қышқылдар – сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын қосылыстар. Мысалы HCl тұз қышқылы, H2SO4 күкірт қышқылы, т.б. қышқылдар құрамындағы сутек атомдарын металға ауыстырна алатын күрделі заттар. Құрамындағы сутектің санына қарай қышқылдар бір-, екі-, және үш негізді болып бөлінеді. Құрамындағы оттек болуына не болмауына қарай оттекті және оттексіз болып та бөлінеді.(слайда толық көрсетілген).
Қышқылдың құрылымдық формуласы:
Оттекті қышқыл формуласында формуласында алғашқы орында сутек атомы, ортасында қышқыл түзуші бейметалл атомы, соңында оттек атомы жазылады.
Н - O H-O
С = O H – O – P =O
Н - O H-O
Көмір қышқылы фосфор қышқылы
Қышқылдардың бейорганикалық және органикалық қышқыл болып бөлінетинине слайд арқылы тоқтадым.
Қышқылдардың алынуы. Қышқылдарды көбінесе қышқылдық оксидтерге су қосып немесе алмасу реакциясы көмегімен және тікелей жай заттардан синтездеу арқылы алады.
1. Қышқылдық оксидтерге су қосу арқылы:
SO3 + H2O = H2SO4
P2O5 + 3H2O = 2H3PO4
2. Зертханада кейбір қышқылдарды алу үшін (HNO3, HCI ) қатты түзға концентрлі күкірт қышқылымен әсер етеді:
NaNO3 + H2SO4 = NaHSO4 + HNO3
қатты конц
NaCI + H2SO4 = NaHSO4 + HCI
қатты конц
3. Отексіз қышқылдардың кейбіреуіне сутекпен бейметалдарды тікелей әрекеттестіріп алады:
H2 + CI2 → 2HCI
H2 + S → H2S
Кәдімгі жағдайда қышқылдар сұйық және қатты күйде болады. Көптеген қышқылдар суда жақсы ериді. Олардың ертінділері қышқылдық дәмі бар күйдіргіш болып келеді. Қышқыл әсерінен күлгін лакмус қызарады, ал метилоранж қызғылт түске боялады.
Қышқылдардың физиологиялық әсері:
Сүт қышқылы адамдарда қимыл-қозғалыс кезінде бұлшық еттерде пайда болады.
Қарын сөлінде ақуыздарды ыдырататын тұз қышқылы болады.
Иттің мысықты тістелеп, ойнап жүргенін көрдіңіз бе? мысықтың денесінен бөлінген майларды тістеу арқылы, ит ауыз қуысындағы қышқылды тазартып құныс, мешел ауруларын болдырмайды.
Тауықтың, құстардың құмырысқа илеуіне шомылып, аунап жатқанын көрдіңіз бе? Құмырсқа қышқылы НСООН паразиттерге нафталиндей әсер етеді, құстар үстерін тазартады.
Ауырған аңға кімрецепт жазып береді? Ауырған аң сүйретіліп
келіп, хинин ағашының қабығын кеміріп тұрып кетеді. Хинин ағашында хинин қышқылдары бар екені анықталған.
Қышқылдардың химиялық қасиеттері. Қышқылдарға тән төрт түрлі химиялық қасиет тән.
1.Электрохимиялық кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар қышқылдармен әрекеттескенде, сутек газын бөліп шығаратынын өткен тақырыптарда бәрнеше рет кездестірдіңдер:
Fe + 2HCI = FeCI2 + H2↑Кернеу қатарында сутектен кейін орналасқан металдар қышқылдан сутекті ығыстыра алмайды.
2. Қышқылдар негіздік оксидтермен әрекеттестіргенде, мысалы, суда ерімейтін темір оксидіне тұз қышқылын құйғанда тұз және су түзіледі:
FeO + 2HCI = FeCI2 + H2O
3. Қышқылдар мен негіздердің қасиеттерінеде байқалатын қарама-қарсы қасиет олардың бір-бірінен негізгі айырмашылықтарын көрсетеді. Сондықтан да олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін бейтараптап, нәтижесінде жаңа өнімдер- тұз бен су түзіледі:
Ca(OH)2 + HNO3 = Ca(NO3)2 + 2H2O
4. Қышқылдар тұздармен алмасу реакциясына түседі. Мысалы тұрақсыз қышқыл тұздарының бірі – карбонаттар басқа қышқылдармен өзара реакцияға түскенде жаңа түз, су және газ бөлінеді:
Na2CO3 + 2HCI = NaCI + 2H2O + CO2
Қышқылдардың өнеркәсіпте және медицинада қолданылуы, пайдасы мен зияны жөнінде (слайдта) тоқталып кеттім.
III – кезең. « Ой толғау »
IV.Бекіту: оқушылардық бөліген топтары бойынша бекіту тапсырмаларын орындады.
« Түзу ме, қиғаш па?» ойыны.
Әр топқа ішіндегі формуласы бөлек бірдей карточкалар беріледі, карточканы оттекті не отексіз, құрамындағы сутек санына баланысты 1,2,3 негізді қышқылдарды түзу не, қиғаш сызып табамыз.
« Қай топ жылдам » ойыны.
Интерактивті тақтада жазылып тұрған реакция теңдеуін топ оқушылары дәптеріне аяқтап, сол арқылы химиялық қасиеттерін түсіндіреді.
Na2CO3 + HCl =
NaOH + HCl =
Fe(OH)3 + HNO3 =
Mg + H2SO4 =
Au + H2SO4 =
« Қай топ математик » ойыны.
Массасы 12,6 г натрий сульфиті тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль натрий хлориді түзеді.
Мөлшері 0,1 моль барий хлориді қанша моль қанша моль күкірт қышқылымен әрекеттесе алады.
Массалық үлесі 2,4% H ,39,1% S 58,5% оттектен тұратын заттын молекулалық формуласын табыныз

V. Бағалау: Топ басшысы әр оқушыға берген ұпайларды қоса отырып жалпы ұпай шығарып, бағалау деңгейіне сәйкес оқушылар жеке бағаланды.
« Ерімейтін негіздер» тобы
Аты- жөні I II III Қортынды ұпай Баға
Амангелді Мурагер 4 4 5 13 5
Ғалымжан Даулет 4 2 4 10 4
Кенжеғалиева Лунара 4 2 3 9 3
Нұрхаятова Жұмагүл 5 4 4 14 5
Серікбай Айкөркем 5 5 5 15 5
Уахит Бақнұр 3 - 3 6 3
« Ерімейтін негіздер» тобы.
Аты- жөні I II III Қортынды ұпай Баға
Батырханқызы Айкөркем 5 4 5 14 5
Закаева Мөлдір 4 4 - 10 4
Муканова Алтынай 4 2 3 9 3
Сагидулин Сұлтан 5 5 4 14 5
Сембиев Тамерлан - - 3 3 3
Уахит Бақтоты 3 4 3 10 4
« Екідайлы негіздер» тобы.
Аты- жөні I II III Қортынды ұпай Баға
Бекболат Анэлья 4 4 2 12 4
Иманғалиев Рамис 4 3 - 7 3
Нүргалиева Бақытгүл 4 2 3 9 3
Серікқали Айгерім 5 4 4 13 5
Сембиева Айнұр 5 4 3 12 4

« 15-13 » ұпай – «5»
« 12-10 » ұпай – «4»
« 10-5 » ұпай – «3»
Үй тапсырмасы: §47. Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері.
Тақырып соңындағы 5-6, 10-11 тапсырманы орындап келу.
Өзіндік талдау: