Урок по химии на тему «?ыш?ылдар: ??рамы, номенклатурасы, жіктелуі, ?асиеттері, алынуы. Индикаторлар. Бейтараптану реакциялары. ?ыш?ыл жа?быр туралы т?сінік»


21. 04. 2016ж. Химия 8-сынып
Сабақ тақырыбы: «Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы. Индикаторлар.
Бейтараптану реакциялары. Қышқыл жаңбыр туралы түсінік»
Жалпы мақсат: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың бірі болып келетін қышқылдар класымен, олардың жіктелуі мен номенклатурасымен таныстыру. Зерттеу әдісі арқылы қышқылдардың қасиеттерін анықтау және индикаторлар туралы түсінік беру, қышқылдармен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар химиялық реакциялардың жүру себептерін талдап айтып беру арқылы өз ойын мазмұнды түрде жеткізуге дағдыланады. Химиялық тіл мен білім қалыптасады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Миға шабуыл, топқа бөлу
Сабақта қолданылатын материалдар: маркерлер, А3 қағаздар, тақта, стикерлер, ноутбук, химиялық ыдыстар, реактивтер.
Ұйымдастыру кезеңі
(2минут) Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Оқушыларды үй тапсырмасы бойынша мозайкалар арқылы топқа бөлемін. Топ ережесін еске түсіремін. Таңдаған түстері бойынша сол түс тұрған орынға отырады
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау
(5 минут) Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап әдісімен сұрау. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді, топпен өз білімдерін көрсетеді
І.Қызығушылықты ояту
(3 минут) Күнделікті тұрмыста қандай қышқылдар қолданамыз? Тұтынып жүргенімізбен олардың химиялық атауларын, формулаларын біле бермейміз
Еске түсіреді. Білген мәліметтерін айтады.

ІІ.Мағынаны тану
(15 минут)
Бекіту. «Кім зерек»
(12 минут) Жаңа тақырып бойынша 3 топқа үш түрлі жұмыс беремін.
1-топ: Постер қорғау
(қышқылдардың жіктелуі, алынуы)
2-топ:Тәжірибе жұмысы (химиялық қасиеті)
3-топ: Ғаламтормен жұмыс
(қышқылдардың аталуын 3 тілде табу)
1-тапсырма
Қышқылдардың формулаларын тап.
2-тапсырма
«Сыңарыңды тап» ойыны
3-тапсырма
6,7 г алюминий күкірт қышқылымен әрекеттескенде неше литр (қ.ж) сутек газы бөлінетінін есепте
Әр топ топ ережесіне бағына отырып, жұмыстарын қорғайды.

Оқушылар сутек атомы мен қышқыл қалдықтарының формулаларын
біріктіріп жұп құрады
ІІІ.Ой толғаныс
(5минут)
Слайдқа сурет шығарып койып ой тастайды.
Ойларын айтады
VI. Бағалау
(2минут) Тиындар арқылы бағалау
Әр топ сұраққа жауап берсе 10 тиын
Есептер шығарып, жұмыс қорғаса 50 тенге беріледі.
Оқушылар жинаған тиындарын санап, бағаланады.
Үйге тапсырма
(1минут) Барлық қышқылдардың атауларын 3 тілде жаттап алу,
§47 оқу, тақырыптың соңындағы жаттығу жұмыстары, есептер жинағынан 4-92-4-93
Түртіп, белгілеп алады.
V. Рефлексия
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазғызу Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.