Поурочный план на тему Т?здар гидролизі. Биосферада?ы т?здар гидролизіні? ма?ызы.


Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі
Тұздар гидролизі. Биосферадағы тұздар гидролизінің маңызы
(Ашық сабақ)
Химия пәнінің мұғалімі:
Қ.А.Едресова
Қызылжар- 2015ж
Химия, 9-сынып. Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі. Биосферадағы тұздар гидролизінің маңызы. Сутектік көрсеткіш.
Сабақтың мақсаты: Тұздар гидролизі туралы түсінік беру. Тұздар гидролизінің теңдеулерін құруды үйрену, әртүрлі тұз ерітінділерінің ортасын айта білу.
Көрнекілік: «Тұздар ерітіндісінде индикатордың түсін өзгертуі» электронды оқулық (көрсетілімі, кестелер: Күшті электролиттер (қышқыл, негіздер), әлсіз электролиттер (қышқыл, негіздер)
Сабақтың әдістері: ББҮ кестесі, деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта, зертханалық жұмыс, «Ой шақыру» сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту. 1) «Ой шақыру» сұрақтары
Электролиттер дегеніміз не? (Суда ерігенде немесе балқығанда электр тогын өткізетін заттар)
Бейэлектролиттер дегеніміз не? ( Суда ерігенде немесе балқығанда электр тогын өткізбейтін заттар)
Катион деген не? (оң зарядты иондар)
Анион деген не? (теріс зарядты иондар)
Диссоциациялану дәрежесі деген не? (Диссоциацияланған молекулалар санының ерітіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы) α=nM100Диссоциациялану дәрежесіне байланысты электролиттер неше топқа бөлінеді (3)
Күшті электролиттер (HNO3,NaCl, HCl, KOH, NaOH)
Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқылдар дегеніміз не? (Сулы ерітіндіде диссоциацияланған кезде катион ретінде тек сутек ионы түзетін күрделі заттар)
Сілтілер дегеніміз не? (Сулы ерітіндіде диссоциацияланған кезде анион ретінде тек қана гидроксид иондары бөлініп шығатын күрделі заттар)
Тұздар дегеніміз не? (Сулы ерітіндіде оң зарядталған металл катиондарын, теріс зарядталған қышқыл қалдықтарының аниондарын түзетін күрделі заттар)
Иондық реакция дегеніміз не? (иондар арасында жүретін реакция)
Ион алмасу реакциялары қандай жағдайда жүреді)
2)Кім жылдам? (Тақтаға 4 оқушы жаттығу орындауға шығады)
1.Үй тапсырмасын Ажар тақтаға орындайды. №4 есеп
2Li++CO32=Li2CO3Ba2++2Cl=BaCl2
Fe3++3NO3=Fe(NO3)3Ag++NO3=AgNO3
2.Электролиттік диссоциация теңдеуін жаз №2. Аян
Na2SO4= Zn(NO3)2= H3PO4=
3.Төмендегі берілген реакциялардың молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар. Лунара,Ару
BaCl2 +H2SO4= FeCl3+AgNO3=
4.Ақжайық газдалмаған суында кездесетін иондардан қандай электролиттік диссоциация теңдеуін құруға болады. Аяулым,Данат,Аңсар
2Na++2F- =2NaF2K++2J=2KJ
Mg +2+2Cl- =MgCl2 Ca+2+HCO3-2=CaHCO3
5.Қалған 5 оқушыға (Ырысбек, Думан, Назерке, Айкөркем, Назбек) ең жеңіл тапсырма беріледі. Берілген торкөздер бөлек-бөлек қиылып, оқушыларға беріледі, олардың сәйкесін табу.
HNO3
(диссоциациясы) Al(NO3)3
(диссоциациясы) Al(OH)3
(диссоциациясы) BaCl2
(диссоциациясы) H2SO4
(диссоциациясы)
H++NO3- Al3++3NO3- Al3++3OH- Ba2++2Cl- 2H++SO42-
KNO3
(диссоциациясы) ZnCO3
(диссоциациясы) NaHCO3
(диссоциациясы) CaSO4
(диссоциациясы) H2SO3
(диссоциациясы)
K++NO3- Zn2++CO32- Na++H++CO32- Ca2++SO42- 2H++SO32-
ІІ.Мағынаны тану
Жаңа сабақ: Тұздар гидролизі. Биосферадағы тұздар гидролизінің маңызы. Сутектік көрсеткіш
1)Зертханалық жұмыс №2. «Тұздар гидролизі»
Мақсаты: Әртүрлі тұздар ерітінділерінің индикаторларға әсерін анықтау, нәтижесін кестеге жазу.
Электрондық оқулықтан тәжірибенің орындалуы. Сынауықтағы тұз ерітінділеріне лакмус қағазын батыру, түсі қалай өзгеретінін бақылау.
Тұздың аталуы Формуласы Индикатор құю Түсінің өзгеруі Ортасы
Натрий селикаты Na2SiO3 Лакмус Көк Сілтілік
Натрий сульфаты NaSO4 Лакмус Өзгермейді Бейтарап
Натрий корбанаты Na2CO3 Лакмус Көк Сілтілік
Натрий хлориді NaClЛакмус Өзгермейді Бейтарап
Мырыш сульфаты ZnSO4 Лакмус Қызарады Қышқылдық
Аммони хлориді NH4Cl Лакмус қызарады Қышқылдық
Проблемалық сұрақ: Неліктен тұздың ерітіндісі әртүрлі реакция (орта) көрсетеді?
Мұндай проблемалық сұрақтың мәнісін түсіндіру үшін тұздардың ерекше қасиеті гидролиз реакциясы туралы түсінік беріледі. Гидролиз дегеніміз- ерітіндідегі тұз иондары мен су иондары арасындағы алмасу реакциясы.
2) Өз бетімен жұмыс (оқушыларға оқулық мәтінін бөліп беру.
- Күшті негізбен күшті қышқылдан түзілген тұз. Лунара, Ажарға
- Әлсіз негіз бен күшті қышқылдың тұзы. Аяулым, Айкөркемге
- Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы. Ару, Назеркеге
- Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы. Назбек, Ырысбекке
- Сутектік көрсеткіш. Аян, Думанға
- Тұздар гидролизінің биосферадағы маңызы. Данат, Аңсарға
3)Оқулық мәтінімен танысып болған соң ББҮ кестесін толтыру
Білемін Білгім келеді Үйрендім
1.Күшті қышқылдар
2.Әлсіз қышқылдар
3.Күшті негіздер
4.Әлсіз негіздер
Олардан түзген тұздар әртүрлі
Орта көрсетеді екен. Сумен қосылған алмасу реакциясын құруды, ортасын ажыратуды, биосферадағы маңызы 4) Әр жұпқа әр бөлікті оқығандары бойынша сұрақтар беріледі.
1-бөлім.-Бейтарап ерітінді қандай ерітінді?
-Сілтілік ерітіндіде қандай иондар артық болады?
-Сутек иондары артық болса қандай орта түзіледі?
2-бөлім.-Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизі кезінде ерітіндіде қандай иондар жиналады және орта қандай болады?
-Тұздар гидролизі деген не?
3-бөлім.-Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизінде қандай иондар артық жиналады және орта қандай болады?
4-бөлім. -Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролиздену процесі қалай жүреді?
5-бөлім.-Сутектік көрсеткіш деген не? Қалай өрнектеледі?
-Бейтарап, сілтілік, қышқылдық ортада рН қалай сипатталады?
6-бөлім.- Тұздар гидролизінің биосферадағы маңызы қандай?
ІІІ.Ойтолғаныс
Пысықтау тапсырмалары (оқулықтың 56 бет №1-6)
№5. Мынадай тұздардың FeCl3, K2CO3, Na2S гидролизі қалай жүреді. Теңдеуін жазып, ортасын айту. Өз еркімен тақтаға кім шығады?
Қалған оқушылар №1-6 тапсырмаларын дәптеріне орындайды немесе ауызша айтады.
№1.Тұздар гидролизі дегеніміз не?
№2.Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздың судағы ерітіндісінде Н+ және ОН- иондарының концентрациялары қалай өзгереді.
(ОН- артық, яғни сілтілік орта түзеді)
№3.Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздың судағы ерітіндісінде Н+ және ОН- иондарының концентрациялары қалай өзгереді? (Н+ артық, яғни қышқылдық орта түзеді)
№4.Неге күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздың сулы ерітіндісінде Н+ пен ОН- иондарының концентрациялары өзгермейді? (Н+,ОН- бірдей, тең болады, сондықтан орта бейтарап)
№6.Сутектік көрсеткіш дегеніміз не?
Семантикалық карта
№ Тұздар Бейтарап орта Сілтілік орта Қышқылдық орта
1 CuCl2 – мыс (ІІ) хлориді *
2 Al2(SO4)3 – алюминий сульфаты *
3 K3CO3 – калий корбонаты * 4 Fe(NO3)3 – темір (ІІІ) нитраты *
5 Na2S – натрий сульфиді * 6 NaCl – натрий хлориді * 7 KJ – калий иодиді * Қорытынды: Сонымен, оқушылар, бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер. ББҮ кестесінің соңғы графасын толтырыңдар, оқыңдар.
Үйге §12. №7.Биосферадағы тұздар гидролизінің маңызы туралы материал әкелу, хабарлама жасау.
Бағалау. (Оқушылардың әрбәр жауабына беріліп отырған фишкаларды санап бағалау)
(Нәтижесінде 12 оқушының 1-«5», 8-«4», 3-«3» алды.)