?МЖ, Т?здар, ??рамы, жіктелуі, ?асиеттері


Сабақтың тақырыбы Тұздар, құрамы, жіктелуі, қасиеттері
мерзімі 30.04.2016 Мәди Бәпиұлы атындағы ЖОББ №44 мектебі
пәні химия Садвакасова Шинар Тулеуовна
Жалпы мақсат Тұздардың құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері туралы білімдерін жүйелеп тереңдету
Болжамданған нәтиже 1.Тұздар туралы түсінік қалыптасады
2.Бейорганикалық заттарды кластары бойынша салыстыра алады
3.Химиялық тәжірибелер жасай отырып, затты бір-бірінен ажырата білуді үйренеді
4.Химиялық формулалар, теңдеулер құру, теңестіру біліктілігі одан әрі артады
Туындаған идея Бейорганикалық қосылыстар кластары туралы жалпы білім қалыптасады. Топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, уақытты үнемдеуге үйренеді
Көрнекіліктер Интерактивті тақта, таратпа материалдар, плакаттар, стикерлер, маркерлер, химиялық реактивтер, сынауықтар
Тапсырмалар І. Ұйымдастыру (түгендеу, стикерлер арқылы топтарға бөлу, психологиялық ахуал тудыру) (2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ой қозғау (7мин)
1)Сұрақ-жауап
1.Негіздердің номенклатурасы, аталуы қандай?
2.Негіздерді алу әдістері қандай?
3.Негіздер қалай жіктеледі?
4.Екідайлы гидроксидтердің химиялық қасиеттері
5.Негіздердің физикалық қасиеттері
6.Ерімейтін негіздердің химиялық қасиеттері
Әр топқа екі сұрақтан қойылады.
2) Кесте толтыру
«Мына тұжырымдамамен келісесің бе?» «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер:
1.Оксидтердің агрегаттық күйлері әртүрлі болады 2.Оксидтер түгел суда жақсы ериді 3.Оксидтердің барлығы түссіз заттар 4.Көмірқышқыл газы – қышқылдық оксид 5.Кальций оксиді – ақ түсті қатты зат 6.Негіздік оксидтер негіздермен әрекеттесіп, тұз және су түзеді 7.Екідайлы оксидтер қышқылдар мен сілтілермен де әрекеттесіп, тұз және су түзеді 8.Негіздік оксидтерге тек сілтілік металдар оксидтері жатады ІІІ. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық: (1мин)
1.Бұл қай зат?
А) Бұл зат мұхит, теңіз суларында көп мөлшерде болады.
Ә)Ол өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың тіршілігінде өте маңызды қызмет атқарады.
Б)Асқазанда тамақтың қорытылуына, қандағы эритроциттердің сақталуына үлесін қосады.
В)Ол затсыз астың дәмі кірмейді.
Дұрыс, ол ас тұзы. Бүгін біз осы ас тұзы жататын бейорганикалық қосылыстар класы – тұздармен танысамыз.
ІҮ.Жаңа сабақ: Мағынаны тану.
1 тапсырма оқулықпен жұмыс ( (постер құру) (7мин)
І топ:
А)Тұздардың құрамы, жіктелуі туралы түсінік береді.
ІІ топ:
А) Тұздардың аталуы, тұздардың формуласын құру туралы айтып береді
ІІІ. Топ:
А) Тұздарды алу әдістері туралы айтады.
2 тапсырма. Мағынаны ашу.
(Әр топқа тапсырмаға сәйкес технологиялық карта беріледі, сол бойынша жұмыс жасайды.) (10 мин)
І топ.
В) Тұздардың металдармен әрекеттесуін зерттеп, әрекеттесу ерекшелігі туралы қорытынды жасаңдар.
ІІ топ
В) Тұздардың тұздармен әрекеттесуін зерттеп, қорытынды жасаңдар.
ІІІ. Топ:
В) Тұздардың сілтілермен әрекеттесуін зерттеп, қорытынды жасаңдар.
Оқушылар тәжірибелер жасайды, реакция теңдеулерін жазады, жасаған тәжірибелерінің негізінде тұздардың қасиеттері туралы қорытынды жасайды.
Ү.Бекіту:1 тапсырма. Әр қатардағы артықты тап. (1 мин)
І топ.
A) H2SO4 NaОН HCI HNO3
B) NaOH Cu(OH)2 KOH LiOHҚандай заңдылық байқадыңдар? Жауаптарын негіздейді.
ІI топ.
A) HBr CaO HNO3 H2S
B) Be(OH)2 KOH AI(OH)3 Zn(OH)2
Қандай заңдылық байқадыңдар?
ІII топ.
A)H2Se H2S HCI HNO3
B) Fe(OH)2 LiOH Cu(OH)2 Pb(OH)2
Қандай заңдылық байқадыңдар?
2-ші тапсырма: Семантикалық картаны толтыру: (2мин)
MgSO4 KCI CaHPO4 BaOHNO3 Na2CO3
Натрий карбонаты Калий хлориді Барий гидроксонитраты Магний сульфаты Кальций гидрофосфаты 3-ші тапсырма: Реакция теңдеуін аяқта, теңестір: (5 мин)
Mg3(РО4) 2+ КОН =
HCI + AgNO3 =
ZnSO4 + Mg =
CuCI2 + Na2S =
ҮІ.Бағалау.Сабақтың әр бағыты жазылған бағалау парағы арқылы оқушылар өздерінің ұпайларын жазып, бағалау шкаласы бойынша, қорытынды бағасы шығарылады.
Бағалау парағы: (2мин)
Оқушының аты-жөні: ----------------------------------------------- тобы: ------------
Сабақ кезеңдері тапсырмалар параметрлер ұпайлар Жалпы ұпай
І.Үй тапсырмасын сұрау 1.Сұрақ жауап А) сұраққа толық жауап берді
Ә)толық жауап бермеді
Б) Жауап бере алмады 2 ұпай
1 ұпай
0 ұпай 4 ұпай
2.Кесте толтыру А) дұрыс белгіледі
Ә) дұрыс белгілемеді 1 ұпай
0 ұпай 8 ұпай
2.Бекіту. 1.Артығын тап А) Дұрыс анықтап, жауабын негіздей алды
Ә)Дұрыс анықтады, жауабын негіздей алмады
Б) дұрыс орындай алмады 1 ұпай
0,5 ұпай
0 ұпай 2 ұпай
2.Семантикалық
карта А)дұрыс орындады
Ә) дұрыс орындай алмады 1 ұпай
0 ұпай 5 ұпай
3. Реакция теңдеуін аяқта, теңестір А) реакция теңдеуін дұрыс жазып, теңестірді
Ә)реакция теңдеуін жазып, теңестіре алмады
Б) реакция теңдеуін жаза алмады 2 ұпай
1 ұпай
0 ұпай 8 ұпай
Жалпы ұпай саны Қорытынды баға Бағалау шкаласы:
24 – 27 - «5»
19 – 23 - «4»
13 – 18 - «3»
ҮІІ.Қорытынды. Бес жолды өлең стратегиясы бойынша сабағымызды (3мин) қорытындылаймыз.
«Сен білесің бе?» Ас тұзы туралы қызықты деректер
* Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтыралы.
* Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады.
*Тұзды сумен тамақты шайқау — тамаққа, тіске пайдалы.
* Мұрын қабынуы және гайморит кезінде 0,9% тұзды сумен шайса өте пайдалы.
ҮІІІ.Рефлексия. Рефлексиялық нысана: (3мин)
Сабақ мазмұны
Сабақ өткізу әдісі

Мұғалімнің іс- Оқушының іс-әрекеті
әрекеті


Оқушылар әрбір секторға баға береді, содан кейін жалпы анализ жасалады.
ІХ. Үйге тапсырма:§47 (1-11) жұмыс дәптері (2мин)
Қолданылған модульдер Сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмысты ұйымдастыру, көшбасшылық, АКТ, формативті және критериалды бағалау.
Дереккөздер 8 сынып оқулығы, ustaz.kz/sait
Қандай екі нәрсе табысты болды 1)Сабақ барысында оқушылардың берілген технологиялық карта бойынша тәжірибелер жасап, қорытынды жасаулары;
2)Өтілген тақырып бойынша бекіту тапсырмаларын орындауы;
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады 1)Әрбір тапсырмаға критерийлер құру, оқушыға нақты баға қоюға мүмкіндік береді;
2)Сабақтың құрылымы;
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы және менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім 1)Үнемі деңгейлік тапсырмалар дайындау;
2)Топқа бөлу әдістерін өзгертіп отыру;
3)Сабақ құрылымын өзгертіп отыру;
4)Сабақта қолданылатын стратегияларды, әдіс-тәсілдерді өзгертіп отыру;