Конспект урока по казахскому языку на тему Іс ?а?аздары. Визит карточкалары


Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары. Визит карточкалары
.Сабақтың мақсаты:
Визит карточкалары туралы жалпы түсінік беру, мәтінімен жұмыс жүргізуге мүмкіндік бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы сөздік қорын молайту.
Сөйлемнің жасалу жолдарына көңіл бөле отырып, ҰБТ-ге дайындықта жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың теориялық білімді бекітуіне ой дәлелдігін қалыптастыруда тіл дамыту.
Аударма мен жұмыс жүйелілігін қалыптастыруға жол ашу, таза және сауатты жазуға тәрбиелеу..
Көрнекіліктер: сызбалар, оқулық,грамматикалық кесте, тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Әдіс-тәсілдері: ой тастау, ізденіс, аудару,
Формалары: жекелей, топтық, ұжымдық
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуы, дайындығы тексеріліп, мәтін мазмұнын ашар түйін сөз оқушылардың таңдауына ұсынылады.
- Іс қағаздарын жаза білеміз бе?
- Оларды қалай толтыру қажет?
2.Сабақ мақсатымен таныстыру;
Балалар, бүгін біз Іс қағаздарын жазу туралы мәтінмен жұмыс жүргіземіз. Түбірге қосымшалардың жалғауы ережесіе сүйене отырып, мәлімет аламыз.Жұмыс жүргізе отырып, мына мақсаттармен таныс болыңдар....
3.Үй тапсырмасын тексеру: \Мамандық таңдау – жауапты іс\ тақырыбына шығарма жазу
4.Жаңа сабақты түсіндіру: .
Мұғалімнің міндеті Оқушының міндеті
- мәтінді жеке жұмыс ретінде бір оқушыға тапсыру..
-күрделі бастауыш пен баяндауыштың жасалуы
- ойды толықтыру беріледі.
- кластер арқылы әңгімелеу
- мәтінге қажетті сөздермен жұмыс - оқушы мәнерлеп оқып, аудармасын баяндайды.
- жұппен екі оқушы тапсырманы жарыса орындайды.
- топпен жұмыста оқушылар ережені жаттауға тырысулары керек
-дәптерге жаттығу жұмысын жазады
- әңгіме жүргізіп, сөздерден сөйлем жасайды.
5.Жаңа білімді жинақтау:
Мәтінге сұрақ қою арқылы сөйлеу әрекетін дамыту.
түрлі тапсырма жұмыстарын орындау
6.Сабақты қорыту және бағалау.
Берілген тапсырмалармен жұмыс \оқулықпен , кластермен жұмыс\
7.Үй тапсырмасын түсіндіру: Іс қағаздарын жазуға дағдылану