Жолтай ?лмашев Орманны? оянуы 4 сынып саба? жоспары


Мерзімі:11.02.14ж
Тақырыбы: «Орманның оянуы». Жолтай Әлмашұлы

Мақсаты: Жолтай Әлмашевтің «Орманның оянуы» әңгімесін түсініп оқуға, әңгіменің негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; достықты құрметтеуге, ынтымақшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі : аралас
Көрнекілігі: оқулық, сурет.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік.
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де
Қуанасын сен де
Қуанайық, достарым
Арайлап атқан күнге
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Ілияс Жансүгіровтің «Көкшетау» атты өлеңінде не жайлы әңгімеленеді деп ойлайсың? Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді? Ақын тауды кімге теңейді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Көз алдыңа елестетіп көрдің бе? Қане, өз елестетуіңмен сипаттап айтып көрші?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Қызығушылықты ояту

-Суретте не бейнеленген?
-Табиғаттың тамаша көрінісі арқылы сенде қандай көңіл-күй туды?
-Суретте қандай ағаштар бейнеленген?
-Олардың пайдасы туралы не білесің?
Ү. Жаңа сабақ. 1.Ақын өмір баяны.
Жолтай Әлмашұлы
leftbottomЖолтай Әлмашұлы 1957 жылы 14 ақпанда қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қыраш ауылында дүниеге келген. 1974-1979 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. 1979-1989 жылдары Қызылорда облысында газеттерде, комсомол жұмысында болды. 1989-1991 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде оқыды. 1991 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында, Президент пен Үкімет апараттарында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары секілді қызметтер атқарып келді. Бүгінде Республика Үкіметі үкіметтік басылымдарының Бас редакторы. «Балдырған» журналының жабық бәйгесінің бірнеше дүркін жеңімпазы.
2.Жолтай Әлмашевтің «Орманның оянуы» әңгімесін түсініп оқу;
Сұрақ-жауап:1. «Орманның оянуы»дегенді қалай түсінесің? Әңгімеден көңіліңе қандай ой түйдің?Осы әңгімеге ұқсайтын қандай шығарманы оқыдың? Бердібек Соқпақбаевтің «Ағаштар неге ашуланады?»деген әңгімесі осы оқыған әңгімеге ұқсай ма?
ҮІ. Білімін тексеру. 1.Бұл әңгімеден нені түсіндің?
Алмабек не үшін ағаштардан таяқ жеген еді,ал осы әңгімедегі оқиғада ағаштар неге ашуланады?
Екі әңгімені салыстыра отырып ,төмендегідей кестеге ормандағы кенеттен болған өзгерістерді жаз.
Бердібек Соқпақбаев
«Ағаштар неге ашуланады?» Жолтай Әлмашұлы.
«Орманның оянуы»
Логикалық тапсырмалар.
1.
Ағаш – бұл адам қолданатын табиғи ресурс. Ағашты адамдар не үшін қолданады? Оқушылар өз ойларын ортаға салып мысал келтіреді.
2.Кестемен жұмыс
-36766518796000
Сергіту сәті:
Бір, екі. Үш,
Бойға жинап күш
Азамат бол білімді
Қанат жайып ұш!
ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік?
Рефлексия.
-Табиғаттағы орман – тоғайлар ненің әсерінен жойылады?
-Табиғатты қорғау үшін мемлекет тарапынан нелер құрылды?
-Адамдар табиғатты қорғауға қандай үлес қосады?
-Сен орманды сақтау үшін не жасай аласың?
Орман туралы мақал-мәтел. Сайысы.
Орманды жерде отын көп,Шеңгелді жерде қотыр көп.Орман ел дәулеті, жер сәулеті.Орман көп болса олжаң көп.Ормансыз жер жалаңаш,Армансыз ер жалаңаш.Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай. Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай.Орманшы отынға жарымас.
Мың шыбық шаншып өсірсең,Халқыңа орман салғаның.Халқыңа орман салғаныңӨзіңе қорған салғаның.
Орман —Ел дәулеті,Жер сәулеті.
ҮІІІ Үйден: оқу, әңгімелеу. Суретін салу. 2. Бағалау .