?арапайым м?тіндік редакторы. Редактор интерфейсі.
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсіСабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру.Білімділік: WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақСабақтың түрі: ойын сабақ, сұрақ - жауап.Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.Сабақтың өту барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі.Сәлемдесу.2. Өткен тақырыпты еске түсіру.3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.4. Тапсырмаларды орындау5. Сергіту кезеңі6. Сабақты бекіту.7. Бағалау8. Үйге тапсырма беру.Сабағымызды бағалау үшін дұрыс жауап берген оқушыларға 1 смайликтен беріп тұрамын.І. Өткен тақырыпты еске түсір.Сонымен балалар өткен тоқсанда біз Paint графикалық редакторы туралы өткен болатынбыз. Есімізге түсіру үшін мен сіздерге мына тапсырмаларды беремін. Мен кеспе қағаздарын дайындап қойдым. Өздерің таңдап алған кеспе қағаздарда түрлі тапсырмалар бар. Олар тақтада, компьютерде орындайтын тапсырмалар және сұрақтар бар. Сыныптағы 18 оқушыға арналған 18 тапсырманы кезекпен келіп суыра қояйық. Кеспедегі тапсырманы біртіндеп келіп орындаймыз.♦Тақтаға шығып «Қыс» мезгілі тақырыбында сурет салу. Салынған суретке қыс мезгілі туралы 4 жол өлең енгіз және суретті сақта.♦ Paint редакторы дегеніміз не?♦ Paint редакторынмен қалай жұмыс жасаймыз?♦ Paint редакторының сурет салу құралдарын туралы не білеміз?♦ Сурет салу, ашу және сақтау.♦ Paint редакторының терезесін кім түсіндіріп береді?♦ Paint редакторында түстерді қалай өзгертеміз♦ Суретті басып шығару үшін берілетін бұйрық?Ал балалар енді арамызда кім тапқырда, жылдам екенін анықтау үшін экранға назар аударайық.18 кеспе қағазы беріледі. Балалар тез әрі дұрыс жауап береді.ІІІ. Жаңа түсініктер:Біздің әрқайсымыз қандай да бір жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мн хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазды және т. с. с. Кейде өздерің қолжазба мәтінін де оқуға тура келеді. Ол кітап оқығаннан әлде қайда қиынырақ. Барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді. Қайсыбір сөзді қате оқуыңда мүмкін. Нәтижесінде мәтінді қате түсінесің.Арнайы программалардың – мәтіндік редактордың көмегімен кез - келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:♦ мәтін - сақтау үшін аз орын талап етеді;♦ керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;♦ мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады;♦ өз құжаттарыңды түзетуге;♦ құжатыңды суреттермен безендіруге болады.WordPad мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:● Мәтіндік құжаттарды құруға;● Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;● Мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін өзгертуге;● Құжатты басып шығаруға.WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad.Редактор іске қосылғаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі ашылады.WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныс болайық.(9, 10, 11, 12 слайд)Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір – бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ – сөз - жол – абзац - бет - мәтін.Абзацтар бір - бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар. Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементтері де жатады.Абзацтың ең негізгі қасиеттері: Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері; Мәтінді түзеу тәсілдері; Шегіністер мен интервалдар.Тапсырмалар:Компьютерде тәжірибелік жұмыстар жасау. Оқулығымыздың 157 бетін ашып тәжірибелік жұмыс жасаймыз.1 - тәжірибе.2 - тәжірибе.Ал балалар компьютерде жұмыс жасап болсақ бәріміз сергіту жаттығуларын жасаймыз. Бәріміз менің көрсеткен іс - қимылымды қайталайсыңдар.Сабақты бекіту сұрақтары: Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар? WordPad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай? WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз? WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңдар. WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңдар. Мәтіннің қарпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз? Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?Салыстыр. Paint графикалық редакторы менWordPad мәтіндік редакторының ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырып көрейік. Ал балалар кім салыстырып айтып береді?Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау. Жинаған смайликтеріне байланысты бағаланады.Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау.Үйге тапсырма: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. §19 тақырыптар."Менің сыныбым" атты тақырыпқа әңгіме жазу. 2 тәжірибелік жұмысты орындап келуСау болыңыз!