Та?ырып: ?арапайым м?тіндік редакторы. Редактор интерфейсі
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: WORD мәтіндік процессоры,негізгі түсініктер мен әрекеттер,MICROSOFT WORD-ты іске қосу,мәтіндік құжат құру,емлесін тексеру,мәтіндік құжатты пішімдеу,пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыпу;
Тәрбиелік:Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:интерактивті тақта,компьютер,оқулық, практикум.
Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
III.Жаңатақырыпты түсіндіру .Microsoft WORD –пен танысу
MS WORD –бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа. Демек, WORD-та жұмыс жасау принципі Windows жүйесіндегідей: бірдей уақытта бірнеше ашық терезелер және бумалармен жұмыс жасау, жүйелік меню, т.с.с.
MS WORD іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
құжаттарды құру және теру;
қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;
кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;
емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;
іскер хаттарды, келісім –шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді (Мастерді) және Шаблонды пайдалану.
Мәтіндік процессордың кемшіліктері:
математикалық формулаларды енгізу күрделі;
растрлық графикаларға арналмаған
Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:
негізгі менюден Жіберу-Программалар- Microsoft Office- MS WORD командаларын орындау арқылы;
Жұмыс үстеліндегі таңбашамен;
Microsoft Office тақтасындағы батырмаларымен.
Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
файл-Шығу (Выход) командаларын таңдаңыз.
ALT+F4 батырмалар комбинациясын басыңыз;
Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасына шертіңіз.
Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтік терезе шығады. Осы диалогтік терезе арқылы сіз файлдағы өзгерістерді сақтай аласыз.
Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. Ашылған құжат қосымша терезенің жұмыс аймағында бейнеленеді. WORD терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі Windows –дағыдай редактор терезесінің жоғарғы бөлігінде негізгі меню бар: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама (Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка).
Терезенің бөлігі элементтеріне қосымша ретінде Word процессорының ерекшеліктерін атап өтейік.
Горизонталь сызғышта үшбұрыштар орналасқан.
Айналдырудың (Прокрутка)горизонталь жолының сол жақ бөлігінде режімін таңдау батырмасы орналасқан, солдан оңға қарай Әдеттегі (Обычный), Веб –құжат (Веб -документ), Беттерді белгілеу (Разметка страницы), Құрылым (Структура) батырмалары бар.
Әдеттегі – амалдарды орындауға өте ыңғайлы;
Веб-құжат – құжатты Веб –құжат түрінде бейнелеу;
Беттерді белгілеу – құжаттарды баспаға шығаруға сәйкестендіріп бейнелеу;
Құрылым – құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтінді және әр түрлі тереңдікте сатылап орналасқан мәтіннің басын көрсетуге және жасыруға мүмкіндік береді.
Қалып - күй жолы. Microsoft WORD терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Одан әр түрлі хабарлама және анықтама ақпараттары шығады.
Microsoft Word-пен жұмыс істей отырып, негізінде, екі құрал-саймандар тақтасын пайдаланасыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты («Стандартная») тақтасы мен Форматтау («Форматирование») тақтасы. Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау (рамка) шығады.
Тақтаны экраннан шығару немесе алып тастау үшін Түр (Вид) менюінен Құрал-саймандар тақтасы (Панели инструментов) пунктін таңдап, сонан соң қажет тақтаның атауына шертіңіз. Егер тақта экранда тұрса, оның атауы жанында ٧ таңбасы тұрады.
Құжаттармен жасалатын жұмыс.
Жаңа құжатты құру. Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдау қажет. Ашылған диалогтік терезеден алдымен қосымша бетті, сонан соң шаблонды таңдаймыз, соның негізінде құжат құрылып, ОК батырмасы шертіледі.
Microsoft Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc .
Құжаттарды ашу. Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе батырмасын шерту қажет, сонан кейін Құжатты ашу (Открытие документа) диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалынады.
Құжатты сақтау.
Құжатты сақтау үшін Файл менюінде Сақтау (сохранить) командасын таңдау немесе батырмасын шерту қажет.
Құжатты бірінші рет сақтағанда Құжатты сақтау (Сохранение документа) диалогтік терезесі пайда болады.
Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналсқан өрістен құжат сақталатын форматты таңдаңыз. Файл аты (Имя файла) өрісінде файлдың атын жазып, Сақтау батырмасына басыңыз.
Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, құжат автоматты түрде сол файлда қайта сақталады.
Құжатты басқа атпен сақтау немесе басқа бумада сақтау үшін Файл менюінен Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдаңыз, содан кейін экранда Құжатты сақтау терезесі пайда болады.
IV. Сабақты бекіту.
1. Microsoft Word мәтіндік процессорын қалай іске қосуға болады?
2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады? Ал Форматтау тақтасына ше?
3. Жаңа Word құжаты қалай құрылады?
V. Үйге тапсырма беру: Microsoft WORD-пен танысу
VI. Оқушыларды бағалау.