?арапайым м?тіндік редакторы. Редактор интерфейсі. М?тінді теру ережесі. М?тін бойымен жылжыту. М?тінні? ?зіндісін ерекшелеу.


Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.Сабақтың мақсаты: Білімділік: WordPad редакторы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. Тақырып бойынша алған білімдерін компьютердің көмегімен тиіміді пайдалана білуге баулу.Тәрбиелік: WordPad редакторында мәтініді сауатты теру. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру. Сабақтың уақыты: 45 минутСабақтың түрі: ТеорияСабақтың көрнекілігі: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптеріСабақтың жүрісі: І. ҰйымдастыруІІ. Үй тапсырмасын тексеруІІІ. Жаңа сабақ ІV. БекітуV. Үйге тапсырмаVІ. Бағалау І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, тексеру.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1) Модельдеудің кезеңдерін ата.2) Модельдеудің мақсаты қандай болуы мүмкін?3) Обьектіні талдау дегеніміз не?4) Компьютерлік тәжірибе деп нені айтады?5) Компьютерлік модельдердің құралдарын ата.ІІІ. Жаңа сабақ:Арнайы программалардың – мәтіндік редакторлардың –көмегімен кез келген мәтінді оңай және тезқұруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:  Мәтін – сақтау үшін аз орын талап етеді; Керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға; Мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады.Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:  Мәтіндік құжаттарды құруға; Оларды өзгертуге, яғни қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге; Мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге; Құжаттарды басып шығаруға.Компьютер үшін мәтін – ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады. Мәтіндік құжаттың құрамында өлең де, компьютерге арналған программа болуы мүмкін. Оның мазмұны кесте түрінде де безендірілуі мүмкін. Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір-бірінен тыныс белгілермен немесе бос орындармен (пробелы) ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Мәтіннің элементтері: символ – сөз – жол – абзац – бет – мәтін. Абзацтың ең белгілі қасиеттері:• Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері;• Мәтінді түзету тәсілі;• Шегіністер мен интервалдар.wordPad мәтіндік редакторы терезесінің элементтеріне сызғыш қосылды. Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылықтайтын сызықша – мәтіндік курсор бар. Ол келесі символдың қай жерде терілетінін көрсетеді. Мәтін теру ережелері:1. Бас әріпті енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.2. Барлығы бас әріп болу үшін CapsLock пернесін басу. 3. Бір бос орын сөздердің арасында және тыныс белгілерінен кейін қойылады.4. Дефис бо орынсыз қойылады.5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады. 6. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.Түзетуге (редактирование) жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пергнетақта мен тышқанды қолданған қолайлы. Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін (фрагмент) ерекшелей білу керек. Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады. Delete пернесі – курсордан оң жақта орналасқан, ал BackSpace пернесі – курсордың сол жағында орналасқан символды жояды. ІV. Бекіту: • WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы.• Мәтіндік редактор дегеніміз не?• Абзацтың қасиеттерін ата.• Мәтін элементтерін ата және сипатта.• Жаңа құжатты қалау құру керек?V. Үй тапсырмасын беру: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.VІ. Бағалау: Оқушыларды бағалау.