Кер??ла атты Кендебай ертегісі бесінші сынып о?ушыларына арналып жазыл?ан ертегі. Ертегіні о?и отырып о?ушылар ерлікке,батырлы??а,адалды??а ?йренеді.Отанын,ту?ан жерін ?ор?ау?а ?йренеді.


Мерзімі,сыныбы, пәні 07.10. 5- сынып қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы «Керқұла атты Кендебай» ертегісі
Сабақтың мақсаты Оқушыларға «Керқұла атты Кендебай» ертегісі туралы түсінік беріледі, мазмұнына, құрылысына талдайды.
Нәтижесі Оқушылар «Керқұла атты Кендебй» ертегісі туралы біледі,мазмұнын меңгереді, құрылысына талдайды.
Сілтеме 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2.Оқыту әдістемесі.«Қазақ әдебиеті» 5-сынып
Көрнекілігі Оқулық,тақта, бор.
Сабақтың әдіс-тәсілі Топпен жұмыс, жұптық жұмыс
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, өмірмен байланыс
Кезең дер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйым
дас
тыру
кезеңі Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеп,сабаққа дайындығын тексеру.Топқа бөлу. Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді, топқа бөлінеді.
Білу Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау.
-Уәзірлер не үшін Жаманда адамның жаманы деп шешті?
-Адамды сыртқы келбетіне қарап бағалауға бола ма?
- Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қалай білді?
- Ханның әкесінің аты кім еді?
Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді.
- Уәзірлердің не үшін Жаманды жаман адам екен деп шешкендіктері туралы айтады.
- Адамды сыртқы келбетінеқарап бағалауға болмайтындығы туралы айтады.
-Жаманның тұлпарды сиырға шатыс екендігін қалай білгендігі туралы айтады.
- Ханның әкесінің аты кім екендігін айтады.Зәрліхан
Түсіну Ертегілер туралы түсініктерін бақылау. Ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру. Ертегілер тақырыбынан алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Әр топқа тапсырма беріледі. Берілген тапсырма бойынша жауаптар дайындайды.
Қолда
ну Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады.
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады.Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.
Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді,адам табиғаттың асау сырларын біліп,қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер астына түсіп,асыл қазынасын алып,пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Сондықтан да ертегілерде халық қиялы, арманы, даналығы ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар.
Ал қиял – ғажайып ертегілерде ер жүрек,батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты дәумен, жалмауызбен, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді.Олар көкке ұшады, жер астына түседі,теңіздерден өтеді,азабы мол ғажайып оқиғаларды ақыл, айла-тәсілін асырып, жеңіп отырады.
Осы жолда оларға Желаяқ,Таусоғар, Саққұлақ, Самрұқ құс, Қарлығаш сияқты ізгі ниетті жандар,ақылды ат,алып құстар жәрдемдеседі. Әр топ тапсырмаларды орындайды. Оқушылар «Керқұла атты Кендебай» ертегісі туралы білімдерін ортаға салады.
І топ
- Ертегіден алған әсерлері, сезімі туралы айтады.
ІІ топ
- Кенжебайдың ер жетіп,өскендігі жөнінде әңгімелеңдер.
ІІІ топ
- Кендебайдың Керқұланы тауып өсіргендігі туралы айтады.
ІҮ топ
- Кендебайдың Керқұланы өсіргендегі үміті туралы айтады.

«Керқұла аттың өсіп жетілуі» деген тақырыпта ертегі жазады.
Сергіту сәтін орындату Орындарынан тұрып, әр топ бір-бірлеріне сәттілік тілейді.
Талдау Әр топ өз ойларын айтады. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жауаптарын дайындайды.
Жинақ
тау
Өтілген тақырып бойынша өзіндік пайым жасауға бағыттау Бүгінгі сабақта не білдік? Өз білімдерімен не үйренгендігі жайлы түсініктеріне талдау жасайды.
Бағалау Өзін –өзі бағалау, критерий арқылы бағалау. «Керқұла атты Кендебай ертегісі туралы түсініктерін жинақтайды,бағалайды.
Кері байлан. Не білдім,нені меңгердім? Нені білгенін,нені үйренгені туралы айтады.
Келесі тапсыр ма «Керқұла атты Кендебай» ертегісі «Керқұла атты Кендебай» ертегісін оқып, мазмұнына талдау.