Разработка по воспитание: «Бала адамны? бауыр еті!»


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Кентау қаласы
Махмуд Қашғари атындағы жалпы орта мектеп

Дайындаған: Ш.Рахманова
71818588265
«Қайырымдылық күні» атты кештің сценарийсі
Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары! Қымбатты бүлдіршіндер! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Мемлекетіміздің әр бір баласына ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңырлаған күлкі тілейміз! Бүгін М.Қашғари атындағы мектеп – лицейінде ерекше күн әр ай сайын дәстүрге айналған «Қайырымдылық» күні аясында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» тақырыбында игі іс-шараөтіп жатыр. Бұл іс-шараға демеушілік еткен зейнеткер атамыз Заир ата мен Туйғунай апамызға ерекше алғысымызды айтып өткіміз келеді.
Кешті ашып беру және балаларды құттықтау үшін сөз кезегін:
мектеп директоры Адилбек аға Амангалиевичке береміз.
Тойметова Индира орындауында ән «Мереке»
Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,Мейіріммен тербетілер бесігің.Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
- Қыздар орындауында би « Хоразмча»
Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.Мейірімділіктісіңіргенадамбойына,Өміргемына, жылылықпенгүлеккен.
- Ән «Қазағыстаным» Қадирханов Сарваритдин орындауында
Балаларды құттықтау үшін сөз кезегін:____________________________________________
Ғажайып шақ өмірдің бал дәурені
Естен кетпес осы кездің ән дәурені
Ертегілер еліндей таңғажайып,
Жоғалмасын балалықтың сән дәурені
Дей отырып кезекті биші қыздар орындауында қазақ ұлттық биіне береміз.
Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт , қуаныш.
Елімізге сыйлаймыз
Ортада Матмусаева Малохат орындауында ән «Қазақ елі осындай»
Қалықтаған көгіршіні көгінде
Мұңаймасын еш бала өмірде
Ата берген батаменен көркейсін
Ұлы Отаным тілегім сол меніңде
Өзбек биі 8-А сынып оқушы қыздары орындауында
«Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқаруда. Аялы алақанында әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген , кең пейілділік танытынқан қайырымды жандарға тағы да өзіміздің алғысымызды айтып өтеміз.
Ән : «Тек алға» Тайметова Индира орындауында .
Балалар біздің болашағымыз, Отанымыздың келешегі, олардың оқып білім алулары үшін барлық мүмкіндіктер бар. Сонымен бүгінгі «Қайырымдылық күніне» арналған кешімізді аяқтаймыз. Барлығыңызға зор денсаулық, сыңырлаған күлкі тілейміз.
Қанекей барлығыңызды бірге ортаға биге шақырамыз.
Би : «Ватан» 3-А сынып оқушылары