Білімді тияна?тау. ашы? саба?ы


Математика
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау. Мақсаты
1.Ұзындық масса және уақыт бірліктерін, екі және үш таңбалы сандарды баған түрінде қосып, азайтуды, күрделі теңдеулерді шешуді, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршылардың периметрлерін табуды еске түсіру, қайталау, білімдерін тиянақтау.
3.Тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және ұлттық тәрбие беру.
2.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, байқағыштықтарын, жылдамдықтарын дамыту.



Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Әдіс - тәсілі


Шығармашылық тапсырма
Ойын
Сұрақ-жауап
Көрнекілік

Көрнекілігі: «Қош келдіңіздер!», «Сау болыңыздар», деп жазылған плакат, ауылдың суреті бейнеленген плакат, атаның, әженің, қыздың суреттері, асықтар.
Пайдаланған педтехнология: ұжымждық оқыту технологиясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
№5 199-бет
(680-50) – 630=0(970-670)+80=380
(970-300)-20=650(440-380)+90=150
(880-800)+70=150(300+670)-70=900
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз жай сабақ емес, саяхат сабағы. Бүгін біз нағашыларымыздың ауылына саяхатқа барамыз.
- Нағашы деп біз кімді айтамыз?
- Ия, дұрыс айтасыңдар, нағашы деп аналарымыздың туыстарын айтамыз
- Ауылға немен барамыз?
- Ал, ендеше жол ұзақ, ауылға жеткенше ұзындық, масса, уақыт бірліктерін еске түсірейік.
1 – топ. Ұзындық бірліктерін
2 – топ. Масса бірліктерін
3 – топ. Уақыт бірліктерін жазып шығыңдар
- Ауылға жеттік. Ауылда бізді атамыз, әжеміз және нағашы әпкеміз қарсы алды. Үйге кірдік. Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонаққа дастархан жайып, барлық дәмді тағамдарын қояды. Нағашы әпкемізге дастархан жасауға қыздарымыз көмектесіп жіберсін.
Қыздардың тапсырмасы:
Екі таңбалы санға, екі таңбалы санды қосып, азайтуға есептер шығару.
24+35=59 39+31=70 97-79=18
95-63=32 88-19=69 26+62=88
Дастарханнан дәм татып, балалар енді асық ойнауға шықты. Балалар қоржыннан асық алып, асықтағы тапсырмаларды орындайды.
Балалардың тапсырмасы:
136+242=387 73+163=901 697+187=884
873-631=242 654-321=333 963-369=594
Балалар, нағашы аталарың жиендерінің келу құрметіне «Бәйге» ойынын ұйымдастырыпты. Ал, ендеше «Бәйге» ойынын ойнайық.
Тапсырма:
Х+40=92 92-Х=40 Х-40=52
Х=92-40 Х=92-40 Х=52+40
Х=52 Х=52 Х=92
_________________________________________________________________
52+40=92 92-52=40 92-40=52
Х+265=789 789-Х=265 Х=524=265
Х=789-265 Х=789-265 Х=265+524
Х=524 Х=524 Х=789
__________________________________________________________________
524+265=789 789-524=265 789-524=265
Ал, енді, балалар, үйімізге қайтатын уақыт болды. Нағашыларымыз сендерге мынандай сәлем-сауқат берді деп, оқушыларға үшбұрыштар, төртбұрыштар, шаршалар таратып берді.
ІV. Үйге тапсырма: үшбұрыш, төртбұрыш, шаршалар сызып, олардың периметрлерін тауып келу.
V. Жаңа сабақты қорыту.Мына шығармашылық тапсырманы орындасақ, қонақтармен қоштасатын сөз шығады.
Шығармашылық тапсырма:
(705)0□=2 (7+5)-10=2 (7-5)+0=2
«Сау болыңыздар» деген жазуы бар плакатты ілу.