К?рсеткіштер. Жол белгілеріні? т?рлері, орнатылу орны, арнаулы ат?аратын ?ызметі та?ырыбы бойынша презентация


2.6-тарау Сигнал көрсеткіштері және белгілері. Маневр жұмысы кезіндегі қолданылатын сигналдар9-тақырып: Көрсеткіштер. Жол белгілерінің түрлері, орнатылу орны, арнаулы атқаратын қызметі МазмұныСары және жасыл түсті дискілер Жалпы белгілер (тұрақты) Ескертпелік сигналдық белгілерУақытша сигналдық белгілерНұсқағыштар Сары және жасыл түсті дискілерЖол бастығының бұйрығы бойынша, пойыздар жүрісіне кедергілері бар, жылдамдықты азайтуды талап ететін жерлерді екі жағынан 50 м қашықтықта «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгілерімен қоршалады. Бұл сигналдық белгілерден 800-1500 м қашықтықта жылдамдықты азайтудың тасымалды сигналдары орналастырылады: Сары түсті диск Жасыл түсті диск«Азайтылған жылдамдықпен және «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгілерімен қоршалған қауіпті жерді «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының бұйрығында көрсетілген жылдамдықпен жүріп өтуге әзірлікпен қозғалысты рұқсат етеді «Поезд қауіпті жерден өтті»9.1-сурет Жалпы белгілер (тұрақты)Шектік бағаншалар, одан ары қарай жолдың үстіне бағытттамалы бұрманың немесе тұйық қиылыстың бағытында жылжымалы қүрамды қоюға болмайтын орынды көрсетеді. Басты және қабылдау-жөнелту жолдарының жанындағы шектік бағаншалардың ажыратқыш бояуы болуы тиіс.9.2-сурет "Станцияның шегі" белгісі қосжолды және көпжолды телімдердегі станцияның шегін көрсетеді. Белгідегі жазу екі жағында да болуы тиіс9.3-сурет "Қауіпті орынның басы" (а-сур.) және "Қауіпті орынның аяғы" (б-сур.) тұрақты сигналдық белгілері бетіндегі шағылыстырғыштарымен қоса поездардың азайтылған жылдамдықпен жүріп өтуін талап ететін телімнің шектерін көрсетеді. «Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгісі «Қауіпті жердің басталуы» белгісінің екінші жағына орналастырылады.9.4-сурет Ескертпелік сигналды белгілер"С" белгісі - ысқырық беру - тоннельдердің, көпірлердің, өтпелердің және т.б. алдында орнатылады9.5-сурет''/Іокомотивтің аялдамасы" белгісіне «ҚТЖ" ҮК"АҚ тағайындайтын комғіссия белгілейтін жерлерде орнатылады9.6-сурет Шағылыстырғыштары бар ескертпелік сигналды белгілер ("Токты ажырат" (9.7-сур.), "Электровоздағы токты қос" (9.7, б-сур.); "Электропоездағы токты қос" (9.7, в-сур.)) электрлендірілген телімдерде орнатылады. "Түйіспелік аспаның аяғы" (9.8-сур.) түйіспелі гораптағы түйіспелік сымның жұмыстық аумағы аяқталатын тұстарында орнатылады."Бірінші вагонның аялдамасы" ескертпелік сигналды белгісі (9.9-сур.) моторвагонды поездар айналатын жолаушы платформаларында орнатылады.9.7-сурет9.8-сурет9.9-сурет Уақытша сигналдық белгілерЭлектрлі жылжымалы құрамның көтерілген токқабылдағыштарымен жүріп өтуіне тыйым салынатын жерлерде шағылыстырғыштары бар уақытша сигналдық белгілер орна­тылады, олардың корсетулері мынадай болады: "Токқабылдағышты түсіруге дайындал" (9.10, а-сур.); "Токқабылдағышты түсір" (9.10, б-сур.), "Токқабылдағышты көтер" (9.10, в-сур)9.10-сурет НұсқағыштарГидравликалық бағананың нұсқағышы — шам — егер бағананың бұрылмалы бөлігі жолға қатысты көлденең орна- ласса, түнде қызыл шам жарығын екі жаққа көрсетеді; күндіз бағананың өзінің қызыл түске боялған бұрылмалы бөлігі көрінеді, — сигналы "Тоқта!" (9.11-сур.). Егер бағананың бұрылмалы бөлігі жол бойымен бағытталып орналасса, оның екі жағына да ашық ақ түсті шамы көрінеді9.11-сурет "Токқабылдағышты түсір" сигналдық жарық нұсқағыштары (9.12-сурет) жүргізушіге ауалық аралықты түсірілген тоққабылдағыштармен өту керектігін білдіреді. Ол түйіспелік торап тіректеріне немесе жеке діңгектерге орналастырылады. Сигналдық нүсқағышта ашық ақ түсті жыпылықтаған жолақ пайда болғанда машинист қоршалатын ауалық аралықты дереу түсірілген токқабылдағышпен жүріп өту шараларын қолдануы тиіс. Нұсқағыштардың сигналдық жолақтары қалыпты жағдайда жанбайды және бұл күйінде нұсқағыштар сигналдық мәнге ие емес.9.12-сурет Поездың немесе маневрлі құрамның қабылдану жолын немес жүру бағытын көрсету қажет болған жағдайларда, бағдаршамдардың діңгектеріне немесе жеке діңгекте орналастырылатын ақ түсті жарықты бағыт нұсқағыштары (сандық, әріптік немес қалыптық) (9.13, а-сур.) қолданылады. Поездың қозғалысына рұқсат етілген жолдың нөмірін көрсету үшін топтық шығу және маршруттық бағдаршамдарда жасыл түсті жарықты бағыт нүсқағыштары орнатылады (9.13, б-сур.).9.13-сурет Стрелкалық нұсқағыштар стрелканың қалпын көрсетеді: түзу жол бойымен немесе бүйір жолға ауытқумен. Жарықтандырылған және жарықтандырылмаған стрелкалық көрсеткіштер қолданылады. Түзу жол бойында орнатылған стрелкада күндіз — нүсқағыштың жіцішке жағының ақ тікбүрышы; түнде — сүттей әппақ шамның жарығы (9.14, а-сур.); бүйірлік жол бойында орнатылған стрелкада — күндіз — нүсқағыштың кең жағы; түнде — сары шам (9.14, б-сур.).9.14-сурет Жарықтандырылмайтын стрелкалық нұсқағыштар төмендегідей көрсетеді:стрелка түзу жол бойымен орнатылғанда — жебе тәрізді нұсқағыш қырымен жол бойының бағытында орналасады (9.15, а-сур); стрелка бүйірлік жолға қарай орнатылғанда — жебе тәрізді нұсқағыш бүйірлік жол жағына қаратылып орналасады (9.15, б-сур)9.15-сурет Жол бөгегіш нұсқағыштар:"Жол бөгелген" — күндіз горизонтальді қара жолағы бар ақ шеңбер; түнде — дәл сол қара жолағы бар сүттей әппақ шамның жарығы көрінеді (9.16-сур.)."Жолдан бөгеу алынды" — күндіз вертикальді қара жолағы бар ақ шеңбер немесе тікбұрыш; түнде — дәл сол қара жолағы бар сүттей әппақ шамның жарығы көрінеді (9.17-сур.).9.16-сурет9.17-сурет