Саба? жоспары. Та?ырыбы: Жергілікті жерде картасыз ба?дарлау


23 сабақ.
Сынып 10. Негізгі тараудың аты: 7 тарау. Әскери топография.
Сабақтың тақырыбы: т.7.1. Жергілікті жерде картасыз бағдарлау
Сабаққа бөлінетін уақыт: 1 сағат (45 мин.) Өтілу күні: 10 А _____

Сабақтың түрі: Теория мен практика
Сабақтың мақсаттары:
Оқытулық: Әскери топография туралы түсінік беру, оның ұрыс жағдайында тиімділігі, бағдар туралы түсінік, аспан денелері т.б. заттарға қарап анықтау.
Дамытулық: Топография элементтерін пайдалана отырып, сағат, жергілікті жердегі ерекше заттар арқылы бағытты бағдарлай білу, ортаға бейімделу дегеннің не екенін түсіну, табиғи заттар мен әртүрлі жергілікті заттарды пайдаланып карта бойынша қозғалу.
Тәрбиелілік: Ұрыстық жағдайда ғана емес өмірде болған оқыс жағдайларға байланысты, ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты адасқан кездері алған білімдерін іске асыра білуге үйрету.
Пән аралық байланыс : Физика, География, Айнала мен танысу
Көрнекіліктер: Компас, жергілікті жердің топографиялық картасы
Сабақ өтілетін орын: Оқу кабинеті, тактикалық алаң
Қолданылатын әдебиеттер: 10 сынып оқулығы, деректер. АӘД журналы.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод командирінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы мәлімет беруі. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киінуі мен тазалығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің тазалығы, жағалықтары мен жеке гигеналық құралдарының түгелдігін тексеріп, аяқ киімдерінің тазалығына жеке оқушыларға ескертулер жасау) қаралады. Сабақтың міндеті мен тақырыбы, өтілу орны туралы хабарлау. Сабақ алдында 5-7 минуттық саяси хабарлама, тәуліктік кезекші немесе алдын ала бөлінген оқушы жасайды.
2. Қайталау сұрақтары : Бақылау қандай мақсатта жүргізіледі? Жергілікті жерді бақылауда неге аса назар аударылады? Нысананы көрсету үшін командирге баяндау тәртібі қандай? Нысанаға дейінгі ара қашықтықтар қалай анықталады? Бұрыштық шама дегеніміз не?
3. Жаңа материалмен таныстыру: Әскери топография – арнайы әскери пән. Ол жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, бағдарлай білу мен ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағдарлау мен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады. Сонымен бірге түрлі жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде топографиялық карталар мен аэросуреттерді пайдалана білуге дағдыландырады. Түрлі мамандықтағы әскери жетекшілер топографиялық картаны еркін пайдаланып, жергілікті жерді бағдарлай және кез келген жағдайда берілген бағыт бойынша жылжи алуы қажет.

Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергілікті заттар мен жер бедерлерін пайдалана отырып, әскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады, қарсыластың үлкен шығынға ұшырауы үшін ату позицияларын орналастыруға жағдай жасайды. Қарсылас жаппай жою қаруларын пайдаланған жағдайда қорғану мәселелерін шешеді. Осыған байланысты ҚР ҚК жарғылары барлық ә.қ. жергілікті жерді мұқият зерделеп, бағалай білу және нақты ұрыс тапсырмасына сай тактикалық қасиеттерін дұрыс есепке алуды талап етеді. Топографиялық элементтер дегеніміз: жер белері,елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары, жол тораптары мен инфроқұрылымдар, топырақ қабаттары, тау,су,орман-тоғай, көлдер мен су қоймалары т.б. Адам қолымен жасалған не табиғи заттардың барлығы жергілікті заттар д.а.


Жауынгерлер қимылы үшін осы жергілікті жердегі барлық заттардың (тас, төбе, жыралар мен сызаттар, ағаштар мен бұталар, ши түбі т.б.) алатын орны ерекше. Оны дұрыс, тиімді пайдалана білу өз шығынын азайтып, қарсылас үшін шығынды көбейтеді. Бауырлай, жүгіре өту, су астымен жылжу сияты маневрлердің алатын орныда осыған байланысты. Жергілікті жерге дұрыс бейімделу деп топырақ жамылғылары мен өсімдік түрлеріне байланысты жасырынбақ әрекеттеріне, кейпіне айналу. Бағдарлау сөзі латынның oriens , яғни шығыс дегенді білдіреді, бұл Күн шығыс бойынша бағдарлау деген сөз. Жергілікті жерді бағдалау күншығысты негізге алып жүргізіледі. Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті затта мен бедер элементтері қатнасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен обьектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз.

Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері.

Көкжиек тұстарын сағат Жұлдызға қарап Жергілікті заттарға
бойынша анықтау анықтау қарап анықтау
Көкжиек тұсы жергілікті жерде компас, аспан денелері және жергілікті жер бедерлері бойынша анықталады. Компас көкжиекті дәл анықтайтын бірден-бір құрал. Оны ұшқыштар, теңізшілер, саяхатшылар т.б. күні бүгінге дейін қолданады. Көкжиек тұсын анықтау үшін, тежеуішті босатып, жатқызып қойып меңзерінің ұшы 0-ді солтүстікке сәйкес қояды. Күнді пайдалануда нәтиже көптеген жағдайда мөлшерлі түрде анықталады.

Таңғы сағат7.00-де көлеңке батысқа түссе, сағ. 13.00-де оңтүстікке, сағ 19.00-де шығысқа түседі. Көкжиекті Күн арқылы сағатты пайдаланып анықтау. Сағатты жатқыза орналастырып,сағат таілін Күнге бағытталады (мин.есепке алынбайды).



Сағ.тілі күнге бағытталғанда сағ 1-мен арадағы тең бөлетін сызық оңтүстыкті көрсетеді, түстен кейін 13.00-тен кейінгі доға бұрышын, түске шейін 13.00-ге дейінгі доға бұрышын бөліп оңтүстік анықталып алынады да соған сәйкес басқа бағыттар анықталады. Көкжиек тұсы түнгі мерізімде аспан ашық жағдайда Темірқазық жұлдызы арқылы анықталады. 1-ші Жетіқарақшыны табамыз да оның шеткі екі жұлдызын түзу арқылы жалғастырып үлкен Жетіқарақшының соңғы жұлдызы болатын Темірқазықпен жалғастырып тең ортасы бөлінсе, сол бағыт солтүстікті анықтайды. т.б. Сол сияқты ағаш діндері, тастағы мүктер, құмырысқа илеуі арқылыда көкжиек анықталады.
4. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Әскери топография нені зерделейді? Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар. Жергілікті жерде бағдарлау дегеніміз не? Таңдалып алынған бағдар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет? Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?
5. Үйге берілетін тапсырма: т.7.1. 228-232 беттерді оқу, география курсындағы бағдарлау туралы тақырыпты қайталау.
6. Бағалау. Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар: Бағдар, бағдарлау т.б. адасу, жолға сапарға шығуда пайдалана білуді үйрену, жергілікті жер карталары бойынша орнын анықтау.
АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы: ______________________________
Тексердім: