Саба? жоспары математика п?нінен 11 ден 20 ?а дейін сандарды? ??рылуы, жазылуы, о?ылуы 2 сынып


Математика,2-сынып,2-сабақ (6-7бет)
Сабақтың күні:
Сабақтың тақарабы: 11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрылуы,жазылуы,оқылуы. Сандарды салсыстыру.
Сабақтың мақсаты: а) 11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрлымымен,жазылуымен таныстыру.
ә)Қызығушылықтарын ояту,ойлау қабілеттерін дамыту.
б)ұқыптылыққа,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: көрнекі суреттер,сандардың кестесі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс:тіл дамыту
Күтілетін нәтиже: Сабақ соңында оқушылар 11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрлымымен,жазылуымен,оқылуымен таныс болулары,есептер шығару.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І.Этап. Өткен сабақты актуализациялау.
Шағын мақсаты: 1.Сабақ барысында оқушаларды психологиялық дайындық: Шаттық шеңбері.
2.Ұмытылған жерлерді жаңғырту.
Үй тапсырмасын тексеріп,бекіту. Үйге: 1-ден 10-ға дейінгі қосу мен азайу кестесін қайталап жаттап келу. 3+5? 4+5? 10-7? 9-5?
ІІ.Этап. Мағынаны тану.Оқулықпен жұмыс. 11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрылуы, жазылуы, оқылуы. Сандарды салсыстыру.
№1.Кестені пайдаланып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр:

2
10


-1 +1
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
№2.Кестедегі сандарды оқы
Сандардың атауы сан ондықтар бірліктер
Он бір 11 1 1
Он екі 12 1 2
Он үш 13 1 3
Он төрт 14 1 4
Он бес 15 1 5
Он алты 16 1 6
Он жеті 17 1 7
Он сегіз 18 1 8
Он тоғыз 19 1 9
жиырма 20 2 0
№3.Сандарды өсу ретімен ата. Әр санның «көршілерін» ата.
11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 18, 19, 20 13-тің алдында 12,13-тен кейін 14.
СЕРГІТУ СӘТІ: «»
№3.Салыстыр.
11 * 19 15см * 20см 17 * 70 15см * 50см
30 * 13 18см * 80см 18 * 11 40см * 14см
№4.Театрға біздің сыныптан 10 оқушы барды. Олардың 6-ы ер бала. Театрға неше қыз бала барды?
Ер бала-6
10 бала барды
Қыз бала-?
Шешуі: 10-6=4 Жауабы: театрға 4 қыз бала барды.
№5.Хорда 10 ер бала,олардың 6-ы артық артық қыз бала өлең айтты. Хорда неше қыз бала өлең айтты?
Ер бала-10Шешуі: 10+6 =16
6-ы артық қыз бала өлең айтты
Қыз бала-?Жауабы: Хорда 16 қыз бала өлең айтты.
№6.Өрнектердің мәнін тап, мұндағы в=3; 4; 5; в+0; в+3+1; в+в; 10-в;
3+0=3
4+0=4
5+0=5
3+3+1=7
4+3+1=8
5+3+1=9
3+3=6
4+4=8
5+5=10
10-3=7
10-4=6
10-5=5
ІІІ этап. Шығармашылығын шыңдау:
№7. Әр топтағы заттардың ортақ қасиеттерін ата. Қандай да бір ортақ белгілері бойынша біріктірілген заттар тобының суретін ойластыр және сал.
Жасыл түстілер Үй жиһаздары
Геометриялық фигуралар
Екі таңбалы сандар
ІV этап. Рефлексия-Бүгін қандай тақырыпта есептер шығардық
V этап. Үйге тапсырма.№2,6-бет
VІ этап. Бағалау.
САРАПТАМА:Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып,11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрылуымен,жазылуымен,оқылуымен таныс болып,есептер шығарды.
Сандардың атауы сан ондықтар бірліктер
Он бір 11 1 1
Он екі 12 1 2
Он үш 13 1 3
Он төрт 14 1 4
Он бес 15 1 5
Он алты 16 1 6
Он жеті 17 1 7
Он сегіз 18 1 8
Он тоғыз 19 1 9
жиырма 20 2 0
10+
11
10+ 12
10+ 13
10+
14
10+ 15
10+ 16
10+ 17
10+ 18
10+ 19
10+ 20