І тарау. Натурал сандар ж?не н?л саны. Натурал сандарды? жазылуы. 5 сынып
Сабақ: № 1
Пәні: Математика
Күні: 02.09.2014 ж.
Мектебі: Нұрлы-көш орта мектебі
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: І тарау. Натурал сандар және нөл саны. Натурал сандардың жазылуы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға натурал сандарды жазу жолдарын үйрете отырып, есеп шығару барысында қолдана білуге машықтандыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың 4 сыныпта өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімін есеп шығару барысында тексеру, өтілген материал мен жаңа материалды ұштастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың қорытынды жасау, нақтылау, жалпылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелілік: Оқушылар берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім, білік және дағдыларын игерту сабағы.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай үлестірме қағаздары.
Әдебиеттер: Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов «Математика 5 сынып», Алматы «Атамұра» 2010.
Әдістері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, топпен, жұппен жұмыс, бақылау.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, танысу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару.
«Мен есімім?...» психологиялық ойынын өткізу.
Әр оқушы өз есімін және есімі қай әріптен басталып тұр сол әріптен келетін өз бойында бар бір жағымды қасиетін айту. Мысалы, Сарсен – сүйкімді, Мейіржан – мейірімді, Аяжан – ақылды, Дана – данышпан, т.с.с.
ІІ. Жаңа материалды игерту.
Санауда қолданылатын 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, ... сандары Натурал сандар деп аталады. 1 саны – ең кіші натурал сан. Бастауыш сыныптарда натурал сандарға амалдар («+», «-», «*», «/») қолдануды үйренгенсіңдер. Натурал сандарға амалдар қолдануды еске түсіріп, қайталайық.
А тобы
№ 1 есеп.
Есептеңдер.
37 * 42 – 1461 = 1554 – 1461 = 93;
728 : (617 – 526) = 728 : 91 = 8;
1541 : 23 – 21 * 3 = 67 – 63 = 4;
900 : 15 + 640 : 16 = 60 + 40 = 100;
202 * 39 – 2952 : 41 = 7878 – 72 = 7806;
(871 + 433) * 7 – 9120 = 1304 * 7 – 9120 = 9128 – 9120 = 8.
ІІІ. Есептер шығару.
№ 2 есеп.
х + 85 = 1440 : 15
х + 85 = 96
х = 96 – 85
х = 11
11 + 85 = 1440 : 15
96 = 96
64 + у = 12 * 8
64 + у = 96
у = 96 – 64
у = 32
64 + 32 = 12 * 8
96 = 96
72 – х = 663 : 17
72 – х = 39
х = 72 – 39
х = 33
72 – 33 = 663 : 17
IV. Қортындылау.
Натурал сандар не үшін қолданылады?
Ең кіші натурал сан неше?
«+», «-» амалдарының компоненттерін ата;
«*», «:» амалдарының компоненттерін ата.
V. Үйге тапсырма беру.Үйге: № 1; № 2 (4; 5; 6) есеп шығару.
№ 2 есеп.
19 * х = 152 +38
19 * х = 190
х = 190 : 19
х = 10
19 * 10 = 152 + 38
190 = 190
270 : х = 29 + 16
270 : х = 45
х = 270 : 45
х = 6
270 : 6 = 29 + 16
45 = 45
х : 4 = 805 : 23
х : 4 = 35
х = 35* 4
х = 140
140 : 4 = 805 : 23
35 = 35
VI. Бағалау.
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау. Бағаны талдау.