11-ден 20-?а дейінгі сандарды? ??рылуы, жазылуы, о?ылуы. Сандарды салыстыру


Сабақтың тақырыбы: 11-ден 20-ға дейінгі сандардың құрылуы, жазылуы, оқылуы.Сандарды салыстыру
Білімділік мақсаты: оқушыларды 11-ден 20-ға дейінгі екі таңбалы сандардың құрылуы, жазылуы, оқылуымен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: осы сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру
Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Білімдерін дамыту.
«Қай мысал шешіледі?» ойыны. Мұғалім тақтада жазылған мысалдардың бірінің жауабын көрсетеді.
«Математикалық диктант». Оқушылар есептің жауабын ғана жазады:
Көлікте 8 адам келе жатты. Жолда 5 адам түсіп қалды. Көлікте неше адам қалды?
Айсәуле 9 жаста, Әзиза 6 жаста. Айсәуле Әзизадан қанша жас үлкен?
Жандостың 3 қызыл қарындашы және қызыл қарындаш қанша болса, сонша жасыл қарындашы бар. Жандоста барлығы қанша қарындаш бар?
Араның 6 аяғы болады, ал шаянда 4 аяқ артық. Шаянның қанша аяғы бар?
Бұтақта 5 қарға отыр. Тағы 2 қарға ұшып келді. Бұтақта барлығы қанша қарға болды?
Сұлтанда 6 шар бар. Ол 4 шарды досына сыйлады. Сонда Сұлтанның қанша шары қалды?
Құмырады 6 раушангүл бар, ал қалампырдың одан 3-еуі кем. Құмырады қанша қалампыр бар?
Ауызша есептеуге 7 логикалық жаттығуды енгізуге болады.
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру.
1-жаттығуды санағыштарды пайдаланып орындауға болады.
Санағыш таяқшаларды санап шығыңдар. 10 таяқшаны басқаша қалай айтуға болады? оқулықтағы суретке қараңдар. 10-ға дейін санай отырып, біз бірліктердің санын атаймыз. Бірінші суретте (екінші және т.б.) қанша бірлік берілген? 1 (2, 3, 4) бірлік қандай цифрмен белгіленеді? 10 таяқшаны бір бума етіп біріктіріңдер. 10 таяқша – бір ондық. Бір ондықта қаншы бірлік бар?
Әрбір суреттегі бірліктер санын цифрмен жазыңдар.
11, 12, 13, 14 және басқа сандардың қалай жазылатынына көңіл бөліңдер. Оң жақта бірліктер саны, сол жақта ондықтар саны жазылады. 11 санында қанша бірлік және қанша ондық бар? Қай жерге бірліктер, қай жерге ондықтар жазылады? 11 санын жазыңдар. 20 санын жазыңдар. Жазылған сандарды оқыңдар.
Оқулық және дәптер бойынша жұмыс мұғалімнің қалауына қарай жүргізіледі. Сандарды салыстыру кезінде (3-жаттығу) оқушыларды негізделген жауап беруге бағытталған жоспарлануда болады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.