4 сынып ?шін ?аза? тілі п?нінен саба?ты? та?ырыбы: Сын есім.
Атырау қаласы, Амангелді орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Кыдырбергенова Гулзира Қазақ тілі. 4 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын. Шығармашылық қабілетін анықтау.
Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте, сызба, парақшалар
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: топтау, сұрақ-жауап, сәйкестендіру, ойын, БҮҮ
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру.
Бүгінгі күнге тілек тілеп жіберейік.
- Жақсылық, сәттілік, денсаулық.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім.
Сөзжұмбақты шешу.
1. Тілден ұшып, құлаққа қонады.
2. Қанаты бар ұшпайды, су астында қыстайды.
3. Жерде туып көкте өледі.
4. Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қашады.
5. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен.
6. Дегендей ешкім тимесі, алыпты қадап инесін.
7. Өзі жап-жас мұрты бар, ет пен сүтке ұмтылар
М
I
С
Е
Н
Ы
С
Біздің қазақ тілінде неше сөз табы бар еді?
- 9 сөз табы бар.
- Біз осылардың нешеуімен таныспыз.
- Кәне, топтап жіберейік.
Топтастыру стратегиясы.
Сын есім
Сан есім
Сөз
таптары
Етістік
Зат есім
Оқулықпен жұмыс
430-жаттығу.
Шыршамызға тағылған
Қызыл-жасыл моншақтар.
Жер ақ көрпе жамылған,
Қандай қызық сол шақтар.
Тапсырма.
1. Көшіріп жазып, сын есімдерге сұрақ қою.
2. Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
Көркем жазу
Тау жолы. Тар соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді. Арқаларында ауыр сөмке, қолдарында ұзын сапты балғалары бар. Бұлар - геологтар. Олар тау-тасты кезіп, пайдалы қазбалар іздейді.
Тапсырма.
Сын есімдердің астын сыз, қайсысы туынды екенін айт.
432-жаттығу.
Ақыл, лй, білім, өнер.
Біл, жүз, тап,тер.
Тапсырма.
Бірінші жолдағы қай сөз табына жатады, екінші жолдағы ше? Оларға сұрақ қойып, туынды сын есімдер жаса. Оларды қатыстырып сөйлем ойла
"Сәйкестендіру" кестесі