Д?ниеж?зілік к?лік географиясы та?ырыбы бойынша саба? жоспар


Сабақтың технологиялық картасы
І БЛОК «Мақсаттылық»
Пәні: География
Оқытушы:Скакова Лаура
Мамандығы :
Тобы :
Күні: 1

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік көлік географиясы
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Лекция
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін дамыған мемлекеттер туралы арқылы білімдерін анықтау, елдердің шарушылығын толық білуге ынталандыру. Дүние жүзінің көлік географиясы экономикалық және әлеуметтік географиясы атласынан дүние жүзінің көлік жүйесін және қазіргі аумақтық айырмашылығын оқи алуы, Дамыған мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоғары деңгейге жету себептерін түсіндіру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, географиялық сауаттылыққа ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, экологиялық экономикалық білім беру, кәсіптік бағдар беру.
Дамытушылық:
Ой өрісін зейінін шығармашылық қабілетін дамыту, географиялық сауаттылығын нығайту, деңгейлік тапсырмаларды уақытылы орындауға, шапшандыққа дүние жүзінің шаруашылық географиясын, аймақтар бойынша алған білімдерін дамыту, ізденістерін арттыру. Өздерінің білім деңгейлерін бағалауға үйрету. Өздігінен ізденіске баулу.
Кәсібилік
Ғылыми – ізденіс жұмыстарымен айналысуға қызығушылықтарын ояту, сабақта қолданылған оқыту әдістері мен оқушылар жұмысын ұйымдастыру формаларын өздерінің болашақ кәсіби қызметтерінде пайдалануға ынтасын тудыру.Оқушыларды әртүрлі қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуге өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Білуі керек:
Көліктің түрлеріни материалдық өндірістің ең ежелгі және неғұрлым көп тараған саласы
Көлік өндіруден алда келе жатқан елдер
Істей алуы керек: Көлік дүние жүзінің барлық аумақтарында таралған.
Дүние жүзінде жеңіл автомобиль көлігі , ауылшаруашылық көлігі экспортқа шығаратын елдерді кескін картаға түсіпу.
Пәнаралық байланыс: Биология, Тарих, Саясаттану,Экология
ІІ БЛОК «Сабақтың жабдықталуы»
Көрнекі құралдар
Кескін карталар, кестелер,тірек - сызбалар, глобус.
Таратпа материялдар №2 ОӘК –гі оқушыларға арналған кесте толтыру, кескін карта мен жұмыс дәптер.т.б
Оқытудың техникалық құралдары Электронды оқулық, Интерактивті тақта, магниттік тақта, теледидар, т.б. (ашық сабақтарда)
Тақта, электрондық оқулық.
Ақпараттық қор
Негізгі және қосымша (әдебиеттер) №2 ОӘК Әдебиеттер тізімі
Негізгі терминдер мен ұғымдар Пәннің мақсаты, міндеті,географиялық терминдер Дүниежүзілік ауылшаруашылық туралы туралы мәліметтер.
Сабақтың технологиясы мен әдістері: Дамыта оқыту, проблемалық оқыту технологиясы, тірек-сызбалар, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі, СТО әдістерін пайдалану, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, интерактивті әдістер: түсіндіре-баяндау, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, талдау, ақпарат беру, сөздік әдістері;
Оқу - әдістемелік кешен №2 Оқу әдістемелік кешен
ІІІ БЛОК «Сабақ мазмұны»
Өткізу технологиясы Оқытушы іс-әрекетіОқушылар іс-әрекетіКүтілетін нәтиже
I.Оқ іс-әрекетінің мотивациясы (2 мин)
Мақсаты: Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту Мұғалімнің амандасуы
Жоқ оқушыларды түгендеу
оқу-құралдарын түгендеу
кезекшінің жұмысын тексеру. Амандасу
оқу-құралдарын дайындау
кезекшілік міндеттерін атқару; Аудитория сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.
II.Сабақ тақырыбы, мақсаттың қойылуы
3мин)Мақсаттар:Сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру Сабақтың мақсат –міндеттерін таныстыру;
Лекция жоспарымен таныстыру;
Тақырып: Дүниежүзілік көлік географиясы
Лездеме сұрақтар
-Көліктің қандай түрлерін білесің
-Кария қандай көлікті экспортқа шығарады
-Қытай көлікті экспортқа шығарады -өнеркәсібі қандай өнімін экспортқа шығарып жатыр
Сабақтың мақсат –міндеттерімен танысады;
Оқушылар сұрақтарға жауап береді Сабақтың тақырыбымен танысады.
Мақсатын түсінеді
III. Жаңа білім беру
(25 мин) Мақсаттар:
Жаңа тақырыпқа байланысты түсіндірме жүргізу;
- Негізгі ұғымдардың мағынасын ашу, анықтама беру Тақырып: Дүниежүзілік көлік географиясы
Жоспары:
1.Дүниежүзіндегі көліктің даму сипаты
2Теңіз көлігі
3.Автомобиль көлігі Оқушылар өз ойларын айтады , пікірі тыңдалады , жауап беріледі .Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды ; өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіреді.
Сабақтың тақырыбымен танысады .мақсатын түсінеді
Акпараттық ізденісті жоспарлауда ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады. анықтайды, талдайды, шешім қабылдайды
IV. Бекіту
(25 мин) Мақсаттар:
Жаңа тақырыптың түсініктерін тиянақтау, бекіту, игерілген білімдерді практикада қолдана алу қабілеттерін дамыту - оқушыларға бекіту кезеңінің тапсырмаларымен таныстыру;
Отын мен энергияның негізгі түрлерін дүниежүзі бойынша өндіру .
Дүние жүзінің саяси картасы , кескін картамен жұмыс
Оқушылар деңгейлері бойынша ұсынылған түрлі нұсқада тапсырмаларды орындайды
Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар орындалады. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жүйелейді , әр түрлі нұсқадағы тапсырмаларды орындау арқылы анықтамаларды бір-бірімен салыстыра алу құзіреттілігі қалыптасады.
V.Білімді бақылау, бағалау. (20 мин) Мақсаттары:
- білім, біліктерін тексеру, олқылықтарды анықтау, игерілген білім, іскерлік, дағдыларын бағалау. Топтардың берген жауаптарын тексеру ;
-Оқушылардың жұмыстарын тексеру
-қателіктерін ашып көрсету
Қателіктерінің себебін түсіндіру
-тапсырманың дұрыс орындалғанына бақылау жасау
-оқушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау - Жаңа тақырып бойынша өз ойларын, пікірлерін айтады;
- бекіту сұрақтарына жауап береді;
- Тесттік тапсырмаларды орындайды
. Сабақ барысында сабаққа белсене араласып отырған, жаңа сабақ материалдары бойынша ұсынылған тапсырмаларды орындаған оқушыларды мадақтай отырып бағалаймын.
VI. Қорытынды
(5 мин) Рефлексия, қорытындылау
Бүгінгі сабақ үшін сіздің пікіріңіз?
- Сабақта сіз үшін түсініксіз жағдай?
- Сабақта орындалған тапсырмалар түрлері туралы не айтасыз?
- Алдағы сабақтарда толығырақ білгіңіз келетін мәселе туралы айтарыңыз бар ма? -Негізгі ұғымдарға қайталау жасау
-Оқушы өз пікірлерін айтад -Тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады.
ҮІІ. Үйге тапсырма:(10 мин)
- міндетті бағыт бойынша:
- тереңдетілген бағыт бойынша:-шығармашылық бағыт бойынша: Үйге тапсырма беріледі
Орындалу жолы түсіндіріледі
№2 Ақпарат көздері
№2слайдтық жоба Үйге берілген тапсырманы жазып алады
Оқушы ұсынылған тапсырмалардан қалған тапсырмасын орындайды
Сұрақтар қояды Ақпаратық ізденісті жоспарлауда ұсынылған ақпараттардан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады;
-педагогикалық ойлауын дамытады;