Дене шыны?тыру Ашы? саба? Ойыншы?тар


Күні: 21.10.2016 жылТақырыбы: «Көңілді ойыншықтар, сылдырмақтар»Мақсаты: Балалардың тілдік қатынас дағдыларын дамыту. Күз мезгілі туралы түсініктерін бекіту. Ойыншықтар туралы түсінік беру. Мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Билингвальды компонент: Ойыншық - игрушка. Қонақтар - гости.Сабақтың барысы: Топтың іші әдемі шарлармен безендірілген. Балалар екі қатар орындық үстінде отыр.Тәрбиеші: - Сәлеметсіңдерме балалар! Қане барлығымыз орнымыздан тұрып бізге қонақ болып келіп отырған апайлармен амандасып алайықшы.Жылулық шеңбері- Амансың ба алтын күн!- Амансың ба достарым!- Амансыз ба апайлар,Тілейміз сіздерге жарқын күн!Тәрбиеші: - Рахмет балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.- Балалар қазір жылдың қай мезгілі.Балалар: - Күз деп жауап береді.Тәрбиеші: - Дұрыс айтасындар! Күзде күн суыта бастайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар сарғаяды екен.Тәрбиеші: - Өте жақсы. Балалар бізге Сәуле деген қуыршақ қонаққа келіпті.Сәуле бізге жалғыз келмепті. Ол өзінің көптеген ойыншық достарын ерте келіпті. Қане мұқият қараңдаршы. Сәуленің ойыншықтары пластмассадан, резинадан, мақтадан, ағаштан жасалған екен.- Мынау үй жануарлары ит, сиыр, қой. Бұл ойыншықтар резинадан жасалған екен.- Ал мынау машина. Ол пласмассадан жасалынған екен.- Ал мынау қонжық. Ол жұмсақ мақтадан жасалыныпты.Тәрбиеші: Біз бұл ойыншықтардың бәрін қайдан аламыз?Балалар: Дүкеннен деп жауап береді.Тәрбиеші:Дұрыс айтасындар!
Ой-ой-ой балалар дүкендегі ойыншықтарды біреу шашып тастапты,қане жинастырып қоялық.
Балалар: Ойыншықтарды орын орнына жинастырады.
Тәрбиеші: Бәрекелді жарайсыңдар!
Сергіту сәті:Сылдырмақ - сылдырмақТұрады әр кез сылдырлап.Сылдырмақ - сылдырмақБір сәт тұршы сыбырлап.Тәрбиеші: - Балалар біздің топқа Күлдірген қонаққа келіпті.Күлдірген: - Сәлеметсіңдер ме балалар!Балалар: - Сәлеметсіз бе?Тәрбиеші: - Хош келдің Күлдірген бізге Сәуле деген қуыршақ қонаққа өзінің достарымен келіп отыр. Сен де кел қонақ бол!Күлдірген: - Мен сендерге құр алақан келген жоқпын. Сендерге ойнауға пирамида алып келдім. Сендер маған оны құрастыруға көмектесесіңдер ме? Пирамида туралы түсінік беріп өтеді.Дидактикалық ойын: «Пирамида жинау»Күлдәрген: - Ой жарайсыңдар балалар! Мен сендердің ептіліктеріңе риза болдым. Мен де сендерге ойыншығымды сыйға тартып кетемін. Тек сендер маған ойыншықпен ұқыпты ойнауға уәде беріңдер!Балалар: - Уәде береміз.Тәрбиеші:- Күлдірген сен кетуге асықпа біздің балаларымыздың өнерін тамашала.Балалар: Добым - добым домала, Балшыққа сен жолама! Бүлдіресің қолымды Жек көремін оныңды!
2.Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп кішкене ағаштар Үп үлкен болып өседі.Күлдірген: - Жарайсыңдар балалар. Енді мен кетейін. Өздерің сияқты тағы да басқа бүлдіршіндерге баруым керек. Хош сау болыңдар!Балалар: - Сау болыңыз!Тәрбиеші: - Балалар біз бүгін оқу іс - әрекетімізде ойыншықтар туралы көптеген мәлімет алдық. Ойыншықтардың бірнеше түрі бар. Олар резинадан, пластмассадан, мақтадан, ағаштан жасалады екен. Біз ойыншықтармен ұқыпты ойнауымыз керек екен.Енді қонақтарымызбен қоштасып алайық. Содан соң ойыншықтарымызбен ойнаймыз.Қоштасу сәті:Қол ұстасып тұрайық,Шеңберді біз құрайық,Көріскенше күн жақсы,Сау саламат болайық.