План урока по казахскому языку Сені? отбасы? ?андай? (6 класс)
Сыныбы. 6
Сабақтың тақырыбы. Сенің отбасың қандай?.
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән
дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау.
Оқушылардың білім-білік дағдыларын
қалыптастыру.
ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын
молайту, ой- өрістерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік Оқушыларды үлкенді құрметтеуге, кішіні сыйлауға,
досты бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.
ІІ Үй тапсырмасы
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.
Жаңа сөздермен таныстыру.
IV Жаңа сөздер
Сөздік
тату - дружный ынтымақты-дружный
сыйластық- взаймоуважение шағын-небольшой
үлкен- здесь: взрослый келісу- прийти к соглашению
түсіну – понимать жайдары- приветливый, веселый
ренжісу-рассориться
V Дәптермен жұмыс
Жаңа сөздер бойынша сөйлемдер құрап жазу.
1-тапсырма. Берілген сөздерді септету.
Атау (им.) Кім? (кто?), не? (что?)
Ілік (родит.) Кімнің? (кого?),
ненің? (чего? Чья? Чьё?)
Барыс (дат.) Кімге? (кому?), неге? (чему?),
қайда? (куда?)
Табыс (вин.) Кімді? (кого?), нені? (что?)
Жатыс (мест.) Кімде? (у кого? В ком?),
неде? (у чего? в чём? На чём?),
қайда? (где?), қашан? (когда?)
Шығыс (исх.) кімнен? (от кого?), неден?
(от чего?), қайдан? (от куда?)
Көмектес (тв.) Кіммен? (с кем?),
немен? (с чем?)
1-тапсырма. Бос орынды керекті сөздермен толықтырыңдар.
Досымның інісі_____________.
Менің қарындасым________________.
Менің отбасым________________.
Диманың анасы_________________.
Катеринаның атасы мен әжесі__________________________.
Керекті сөздер: үлгілі, бауырмал, ашық, мейірімді, қарапайым адамдар.
2-тапсырма. Берілген сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңдер.
Үлгі:
Айдын, сенің отбасың тату ма?
Иә, менің отбасым тату.
Жоқ, менің отбасым тату емес.
Айша, сенің ағаңның мінезі жайдары ма?
...........................................................................
Егор, сенің інің сені сыйлай ма?
............................................................................
Марат, сен қарындасыңның сабағына көмектесесің бе?
................................................................................................
Алдияр, сен ата-анаңды тыңдайсың ба?
................................................................................................
3-тапсырма. Берілген сөздерден сын есім жасаңдар.
Білім, сапа, бауыр, төзім, ықылас, көңіл, сана, ашу.
VІ Тақтамен жұмыс
Оқушыларды тақтаға шығарып фонетикалық талдау жасату және септету.
VІІ Оқулықпен жұмыс
4- тапсырма. Диалогті пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.
Жанар, отбасы мүшелері қандай болуы керек деп ойлайсың?
Отбасындағы адамдар бір- біріне өте жақын, туыс адамдар болғандықтан тату болуы керек.
Оны қалай түсінесің?
Мысалы, ағасы інісіне, інісі ағасына сыйластықпен, жанашырлықпен қарау ерек.
Кейбір отбасында апалы-сіңілі немесе апалы- бауырлар көп ренжісіп, бастары сыйыспайды ғой?
Иә, меніңше, олар туыстық дегенді түсінбейді.
Мүмкін, олар бала болған соң солай істейтін шығар.
Әйтсе де, бір үйдің балалары бірін- бірі сыйлап, жақсы көрулері керек, бауырмал болулары керек.
Мен сенің ойыңмен келісемін, сыйластық бар жерде туыстық бар.
5-тапсырма . Суретке қарап, әңгіме құраңдар.
VIII Шығармашылық жұмыс
IX Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.
X Бағалау
Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау
XI Үй тапсырмасы
Сұхбаттасу.