Та?ырыбы «Ойыншы?тарым» ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы: ортаңғы
Күні: 16.02.2017ж
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Көркем әдебиеті.
Тақырыбы: «Ойыншықтарым»
Мақсаты: Өлең мәтінін түсініп, жатқа айта білуге үйрету.Ойыншықтардың түрлерін ажырата білуге баулу. Ой-өрісін дамытып,ойыншықтарды күтіп ұстауғатәрбиелеу. Сөздік жұмыс: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Көрнекі құралдар: Ойыншықтар, жұмыс дәптер. Билингвалдық компоненттер:
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Кел, балалар ,күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік. Қимыл арқылы жасайды.
Ұйымдастырушы-лық- ізденушілік
Жұмбақ жасыру:
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.
Аяғы бар жүрмейді,
Аузы бар,күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
-Балалар, доп,қуыршақты біз бір сөзбен не дейміз?
-Біздің бөлмемізде қандай ойыншықтар бар?
-Ендеше ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың
«Ойыншықтар» өлеңімен танысып жаттаймыз.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Ойыншықтар
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау,қозы,құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды
Ақыл айтсақ,бұйырсақ.
Қуыршақтар ұйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Бұзау,қозы,құлыншақ
«Ұйықта»десең,ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса,
Осылары дұрыс па?
Тентектігін қоймаса,
Тұрғызармын бұрышқа.
(Н.Әлімқұлов)
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Шетімізден шеберміз,
Біз тынығып аламыз.
Әсем сурет саламыз.
Сұрақ-жауап
-Балалар, өлең сендерге ұнады ма?
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Ойыншықтар мен қалай ойнау керек?
-Ойыншықтар неден жасалған?
Өлеңді жаттау.
Дәптермен жұмыс:
1.Суретке қарап әңгімеле.
2.Ойыншықтарды түріне қарай берілген белгілері арқылықорша. Жұмбақтың шешуін табады.
Доп.
Қуыршақ.
Ойыншықтар.
Өлең жолдарын мұқият,зейін қойып тыңдайды.Мағынасын түсінеді.
Жаттығу жасайды.
Ұнады.
Ойыншықтар.
Ұқыпты.
Әртүрлі заттардан
Дәптермен жұмысты аяқтау,берілген тапсырма лар ды орындайды.

Рефлексивтік- түзетушілік
Сюжетті желілі ойын:
«Ойыншықтар әлеміне саяхат »
Балаларды мақтау,мадақтау,жұлдызшалар беру. Балалар қызықтап ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Өлеңнің мазмұнын түсініп,жатқа айта біледі.
Игереді: Ойыншықтар туралы тақпақ, жұмбақ,суретке қарап әңгіме құрайды.
Меңгереді: Ойыншықтардың түрлерін ажыратуды.